Get Mystery Box with random crypto!

Новости ПК

Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК Н
Telegram арнасының логотипі aibat_news — Новости ПК
Арна мекенжайы: @aibat_news
Санаттар: Жаңалықтар , Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 306
Арнадан сипаттама

Қазақстан және әлем жаңалықтары. Қысқа-нұсқа.
Кері байланыс үшін: 8 777 987 7460

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 199

2021-06-30 10:23:47 Астана күнінде отшашу болмайды

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Оның айтуынша, Астана күнін әлеуметтік бағытта өткізу жоспарланған. Бұл күні кезекте тұрғандарға 400 пәтер беріледі.

Сондай-ақ зағип балаларға арналған балабақша ашылады.

t.me/aibat_news
75 views07:23
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 09:35:13
Шөп құны 70 пайызға өсті

Жамбылдық шаруалар қуаңшылықтан қиналып отыр. Жаңбырдың жоқтығы мен өзендердің тартылуынан өңірде өткен жылға қарағанда шөп аз шыққан. Салдарынан шөп бағасы 70 пайызға қымбаттады. Амалы таусылған жұрт жайылым жердің шөбін шауып алуға көшті. Толығырақ өңірдегі тілші материалында

t.me/aibat_news
495 views06:35
Ашу / Түсініктеме
2021-06-30 09:04:02 Коронавирустан жазылып шыққандарға қанша уақыттан кейін вакцина салуға болады?

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-ден жазылған науқастардың үш ай өткенде вирусты қайта жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты. Соған байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысы бойынша коронавируспен ауырған науқастарға 3 айдан кейін вакцина алу жұмыстары қолға алынған.

t.me/aibat_news
74 views06:04
Ашу / Түсініктеме