Get Mystery Box with random crypto!

Павлодар облысында Халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалте | Новости ПК

Павлодар облысында Халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалтері сотталды

Аққулы ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, Орталықтың есеп айырысу шотынан бюджет қаражатын жымқырған.

Қаражат Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған.

Бухгалтер материалдық жауапкершілікке және бухгалтерлік есепті жүргізуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 4,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

t.me/aibat_news