Get Mystery Box with random crypto!

Алматыдағы медицина университеті жабылды ҚазМҮББ университеті | Новости ПК

Алматыдағы медицина университеті жабылды

ҚазМҮББ университеті өз қызметін тоқтатты. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің барлық студенті басқа медициналық жоғары оқу орындарына ауыстырылды.

«ҚазМҮББУ-да 3 500-ге жуық адам білім алды. Студенттердің басым бөлігі Алматы қаласының медициналық жоғары оқу орындарына ауысты. Кейбір студенттер оқуын Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Шымкент және Түркістан қалаларындағы медициналық ЖОО-ларда жалғастырды. Ауысу барысында қабылдаушы жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау және оқу нәтижелерін бағалау кезінде ҚазМҮББУ тарапынан жіберілген бұзушылықтарды жоюға тура келді. Ауыстырылған 111 студенттің жеке құжаттарында талап етілетін аттестаттар мен оларға қосымшалар болмады. Кейбір студенттердің ҰБТ-дағы сертификаттары да болған жоқ», - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.

t.me/aibat_news