Get Mystery Box with random crypto!

Әлем жаңалықтарына шолу: Үндістанда коронавирустан көз жұмғ | Новости ПК

Әлем жаңалықтарына шолу:

Үндістанда коронавирустан көз жұмғандар саны 400 мыңнан асты. Осылайша бұл ел өлім көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында тұр. Екінші орында Бразилия, бірінші орында АҚШ орналасқан. Орта есеппен Үндістанда күніне 40 мың адам коронавирус жұқтырады. Сонда да Үндістан халқының бес пайызы ғана екпе салдырған.

Пандемияның себебінен 2020-2021 жылдары әлемдік туризм 4,8 трлн жоғалтуы мүмкін. Бұл қаржының 60 пайызы дамушы елдердің үлесіне тиеді. Түркия, Эквадор, Оңтүстік Африка, Мальдив аралдары туристердің азаюынан қатты зардап шекен. Туризм саласында жұмыс істейтін 100-120 млн адам жұмысын жоғалтуы ықтимал. Сарапшылар туризм 2019 жылғы деңгейіне тек бес жылдан кейін ғана оралады дейді.

Көріскенше күн жақсы