Get Mystery Box with random crypto!

​​Жас отауға бата Босағаларыңа жамандық жетпесін, Төрлеріңнен | Қазақ әдебиеті

​​Жас отауға бата

Босағаларыңа жамандық жетпесін,
Төрлеріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың он шақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын,
Шаңырақ берік болсын.
Несібесі иіп келсін,
Құт-берекесін үйіп берсін.
Дастарқаның кең болсын,
Байларменен тең болсын.
Ауылың мерекелі болсын,
Өмірің берекелі болсын.
Жолдарың ақ болсын,
Молшылық тап болсын.
Сән-сәулетің ассын,
Бақ-дәулетің тасысын!
Әумин!