Get Mystery Box with random crypto!

​​Күй тартылсын, Барлық ойын ойналсын, Ана күліп жақсы күнін о | Қазақ әдебиеті

​​Күй тартылсын,
Барлық ойын ойналсын,
Ана күліп жақсы күнін ойға алсын.
Басқа тойды тойламасаң өзің біл,
Балалардың туған күні тойлансын.

Барыңды да, жаныңды да сал соған,
Осы тойда ата-бабаң аңсаған.
Баласына бір той жасап бере алмай,
Дүниеден өтіп кетті қанша адам.

Өтіп тұрған, жетіп тұрған шағыңда,
Шығын шығып кетеді-ау деп тарылма.
Аяғыңды батылырақ басасың,
Арман еткен балаң болса жаныңда.

Мейлі гүлдеп, мейлі көңілің тарықсын,
Ұрпағыңмен ұлан асыр халықсың.
Әкем мені жақсы көруші еді-ау деп,
Балаң ертең еске алғанда қамықсын.

Ән айтылсын, барлық ойын ойналсын,
Ана күліп жақсы күнін ойға алсын.
Басқа тойды тойламасаң өзің біл,
Балалардың туған күні тойлансын.

// Тұманбай Молдағалиев