Get Mystery Box with random crypto!

​​Ұзатылып барасың, балапаным, Алла жазса арайлап атар таңың. | Қазақ әдебиеті

​​Ұзатылып барасың, балапаным,
Алла жазса арайлап атар таңың.
Ақ жол тілеп жатыр ғой үлкен-кіші,
Таусылмасын өмірде татар дəмің.

Ұзатылып барасың, қызым бүгін,
Басталады ертең-ақ қызықты күн.
Балалықты таста да байсалды бол,
(Жеңіл болған емес-ті қыздың жүгі).

Ұзатылып барасың, балам бүгін,
Толқып тұрмын, көңілім алаң, күнім.
Табыстадық өзіңді бір Аллаға,
Құдағи мен құдаға,
Саған ұлым!

Барған жерде ашылсын бағың, қызым,
Білем-білем, адалсың, ақылдысың.
Бар тілегім: өсіп-өн, ұрпақты бол,
Біле білсең, отбасың – бақыт құсың.

Қорған болар жарыңның қасындасың.
(Тек бақыттан айналсын асыл басың).
Ақ батамды бердім мен ақ пейілмен,
Құдай қосқан жұптарың жазылмасын!

// Нұрлан Қалқа - Отбасың – бақыт құсың