Get Mystery Box with random crypto!

​​Бір уақыт ортайғаным түк етпес, Жап-жас болып қартайғаным тү | Қазақ әдебиеті

​​Бір уақыт ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес,
Менің жайнап жүруіме
Ішінен
Біреу болса жер бетінде тілектес.

Кейбіреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болса екі жұлдыз ерекше,
Менің қиын бақытыма тілектес.

Қызғанбаймын тұстастарым болса озық,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Жұрт ішінде абайсызда сүрінсем,
Жүгіретін біреу болса қол созып!

// Күләш Ахметова