Get Mystery Box with random crypto!

​​Арғымақ болар құлынды, Желі басынан танисың. Азамат болар ұл | Қазақ әдебиеті

​​Арғымақ болар құлынды,
Желі басынан танисың.
Азамат болар ұлыңды,
Ел қасынан танисың.

Батыр болар балаңды,
Тұлғасынан танисың,
Жақсы болар балаңды,
Жолдасынан танисың.

Ырысты болар балаңды,
Мал баққаннан танисың.
Кедей болар балаңды,
Көп жатқаннан танисың.

Ұры болар балаңды,
Түн қатқаннан танисың.
Сараң болар балаңды,
Зар қаққаннан танисың.

Шешен болар балаңды,
Тіл қатқаннан танисың.
Епті болар балаңды,
Ым қаққаннан танисың.

Шаруа болар балаңды,
Шөп шапқаннан танисың,
Үйкүшік болар балаңды,
От жаққаннан танисың.

Ұста болар балаңды,
Балғасынан танисың.
Шебер болар балаңды,
Балтасынан танисың.

Қыздың қандай боларын,
Анасынан танисың.
Қасың менен досыңды,
Қарасынан танисың.

Ісмер болар қызыңды,
Бармағынан танисың.
Асыл менен жасықты,
Салмағынан танисың.

// Кенен Әзірбаев - Қалай танисың?