Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-05-07 19:58:28 Қаржылық сауаттылық бойынша басты кеңестер #үйрену

1. Кіріс, шығыс барлығын жазыңыз, сонда ақшаңыз қайда кетіп жатырғанын түсінесіз. "Айлық түсті, екі күн болмай жоқ. Қайда кететіні түсініксіз" дейтіндерге, бұл сізге көп нәрсені түсіндіреді.

2. Жағдайы төмен адамдардың әдеті қанша табады, сонша құртады. Сол себепті бір бөлігін инвестиция жасаңыз. Салған ақшаңыз, сізге одан да көп болып қайтуы керек. Осы жайлы бөлек пост оқығыларыңыз келсе білдіріңіздер.

3. Бірден аз уақытта байып кету ұғымы ешжерде жоқ (бір екі сфера болмаса мұндағысы трейдинг т.б. алайда онда өте үлкен тәуекел). Егер сізге, ақшаңызда аз периодта, көп шығарып беремін десе сенбеңіздер (әңгіме финанстық пирамидаларда).

4. Бай адамдардың өмірі жайлы дұрыс емес ойда болу. Олар сіз ойлағандай екі үш вилласы бар, соңғы модельдегі көліктермен жүрмейді. Ақшаны дұрыс бағытқа жұмсайтындар, онымен жұмыс жасай алатындар, табысын киім, көлікке емес басқа нәрселерге жұмсайды.

5. Сіз өзгермесеңіз, жағдай өзгермейді. Еңбектеніңіз, ізденіңіз, оқыңыз, өзіңізді табыңыз сонда ғана сіз ойдағы жеті (мүмкін сегіз) цифрлық сандарды есепшотыңыздан көресіздер.

Мен ұсынатын қаржылық сауаттылық бойынша кітаптар:

• "Мани, Азбука денег" Боди Шефер - финанс саласына бірінші рет келсеңіз, және мен ешнәрсе білмеймін дейтіндерге таптырмас вариант. Оңай тілде жазылған, барлық жасқа келеді.

• "Богатый папа Бедный папа" Роберт Кийосаки - көбісі кітапты жоққа шығарады, деседе ақша жайлы ойды түзетуге өте жақсы кітап деп есептеймін. Неге бұл сала жайлы білім маңызды екенін жақсы түсіндірген.

• "Мой сосед миллионер" Томас Дж. Стэнли - бай адамдар жайлы стреотиптерді бұзады, өте қызық факт осы кітаптан кейін мен онша бай болғым келмей қалды. Неге екенін оқығанда білерсіздер.

• "Путь к финансовой свободе" Бодо Шефер - қарыздар, экономия, капитал, финанстың үш этапы жайлы жазылған кезекті жақсы кітап. Көп бөлігі қалай эконом жасап жағдай көтеруге болатыны жайлы айтылған.

Базалық қаржылық сауаттылыққа осы кітаптар өте керемет келеді. Бірақ, ары қарай дамыту да өзіңіз үшін өте жақсы. "Ақша қолдың кірі" десек те сол нәрсе сіздің бақытты болуыңызға себеп болатындардан. Онымен жұмыс жасауды да үйреніңіз.
224 viewsFeruza♡, 16:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 08:31:38 Мақсаттарыңыз қандай болса да, оған тұрақтылықпен ден
қою арқылы жету керек.
Қандай жағдай болса да мақсатқа қарай талпынуды тоқтатпауға алдын ала шешім
қабылдаңыз. Талай мәрте мақсатыңызды қайта қарап
шығуға, жаңадан жоспар құруға тура келуі мүмкін. Мүмкін сізге 10-шы ретте дұрыс шығу үшін бір нәрсені 9 рет байқап көру керек болар. Негізгісі — қандай жағдай болса да әрекетті тоқтатпаймын деп, өзіңізге алдын ала шешім қабылдаңыз, сөзберіңіз.


Сіз Energezer батарейкаларының жарнамасындағы қояндар сияқты қозғалуыңызды жалғастырасыз. Сіз алға қарай жылжи бересіз, жылжи бересіз. Егер сіздің жоспарыңыз толығымен іске аспай қалса, өзіңізге қайтадан сұрақ қоясыз,
басынан аяғына дейін қайта ойластырып,жоспарларыңыз-ды қайта жазып, бәрін қайтадан бастайсыз.

Әр күні өзіңіздің негізгі мақсатыңызға септігі тиетін бірдеңе жасайсыз. Әрдайым өзіңізді дұрыс бағытқа келтіріп отырып, өзіңізге:
«Мен жеңілмеймін. Мен мұны істей аламын. Мен ойыма
келгеннің бәрін іске асыра аламын» дегенді айтасыз.
Есіңізде болсын, ұлы мақсаттарға қатысты болмай қалды деген түсінік жоқ. Тек қана қарсы жауап беру бар. Қарсы нәтиже — ол да нәтиже. Кез келген табысты адам мақсатқа жету жолында қайта-қайта қателеседі. Ол өмірден сабақ алады, егер үнемі әрекетте болмаса ол оған жолықпас еді.
Ештеңе істемейтін адам ғана өмірде қателеспейді.
Жеткен нәтижелеріңіз кейде бастапқыда ойлағаныңыздан
әлдеқайда басқаша болып шығуы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, адамдар тұрақты ештеңе жоқ екенін, жағдай кез келген
уақытта өзгеруі мүмкін екенін түсінеді. Ал, енді оның қалай
өзгеретіні сізге байланысты.
405 viewsҮшінші болма, 05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 05:29:18
Расында, кофеге қарағанда 30 секунд жаттығу сізде тәуелділік тудырмайды. Сонымен қатар, жаттығу «перезарядка» қажет болған кез келген уақытта іске асатын дүние.

Отжимание немесе секіру кеңсеге үйлеспейді, бірақ, баспалдақты тиімді пайдалансақ болады.

Бұл жарты минут ішінде жүректі «айдауға» көмек береді. Әрі осы жаттығудан кейін сіз миға қан ағымын арттырып, концентрация мен өнімділікті жақсартасыз.

#Денсаулықаманат
207 viewsРуслан Рүстемұлы, 02:29
Ашу / Түсініктеме
2022-05-06 18:02:20
жаз-ға дайындаламыз


•таңертең ерте тұрып
•күнделікті оқып
•пайдалы тамақтар ішіп
•өзімізге инвестиция құйып
•күнімізді жоспарлап
•неше түрлі идеялар құрастырып


~жаздық атмосфера сезіліп жатыр ма?
677 viewsКундыз Уразбаева, 15:02
Ашу / Түсініктеме
2022-05-05 12:10:34
Тәтті газдалған сусынды аз ішіңіз

Олардың көпшілігінде сүйектен кальцийдің шайылуына ықпал ететін фосфат бар.

#Денсаулықаманат
1.1K viewsРуслан Рүстемұлы, 09:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 17:32:31 Өзіңізді өзіңіз мақсатқа жету жолында шабыттандыра білудің 10 ережесі
1. Өмір - өзіңді-өзің қамшылаудан, жігерлендіруден, шабыттандырудан ғана тұрса, онда ол – бақыт. Сондықтан өзімізді өзіміз шабыттандыра білуіміз керек. Жағымды ойда болыңыз. «Ойлағаным болмай қалса, не болады?», Қабілетім жете ме?» деген сияқты «ауру ойларда» аулақ болыңыз. Арманыңыздың орындалғанын көз алдыңызға жиі-жиі елест етіңіз. Алдынала мақсат қа жеткен күні сезіміңіз қандай болады, не істейсіз, сол күннің сценарийін жазыңыз.
əдетке айналдырыңыз. Елестету барысында қиын көрінгенімен, бір апта ішінде кəдімгідей жаттығып қаласыз. Есіңізде болсын, не жаттығады, сол дамиды.
3. «Арман-мақсаттарыңызды» сізді қолдайтын адамдармен бөлісіп үйреніңіз. «Жарайсың, сенің қолыңнан келеді» деген сөзді естіген сайын өзіңізге деген сеніміңіз арта бермек.
4. Арманыңыздың «альбомын» жасаңыз. Яғни, алам деген үйіңіздің, машинаңыздың, танысқыңыз келген адамдардың, саяхат жасағыңыз келген қала суреттерін жинап, сізге жиі көрінетін жерге іліп қойыңыз.
5. Визиткаңыздың артына «мақсатыма уақытында жетсем, осындай мүмкіндіктер алдымнан ашылады, жан рахатын сезінемін» деп мақсатқа уақытында жетсеңіз, өміріңізде болатын ең басты өзгерістерді жазып алыңыз. Визитка күнделікті айнаңыз секілді қалтаңызда жүруі тиісті. Күніне кемінде 10-15 рет визиткадағы жазуды оқып отырыңыз.
6. Ұлы мақсат қойып, соған жеткен алып тұлғалардың өмірбаянын жиі-жиі оқып отырыңыз. Кезіккен қиындықты қалай жеңе білді, қалай өздерін шабыттандыра білді – сол жайында көп ізденіңіз.
7. Жетістікке жету, табыс психологиясы бойынша болатын семинартренингтерден қалмаңыз. Есіңізде болсын, табысқа бастар баспалдақтың көп бөлшегін семинар-тренингтер құрайды.
8. Тек көңіліңізді көтеретін əуендер ғана тыңдаңыз. Көңіл-күйіңізді түсіретін əуендерден миыңызды алыс ұстаңыз.
9. Өзгелердің проблемасын тыңдамаңыз, өзіңіз де ешкімге проблемаңызды айтпаңыз. Проблема, ол – «мусор» əркім келіп проблемасын лақтыратын сіз «мусорный ящик» емессіз. Ешкім де «мусорный ящик» емес. Өмірге түңіліп қарайтындардан «он метрге» алыс жүріңіз. Сынықтан басқаның бəрі жұғады. Сіз сияқты өзгеруге талпынысы бар, өрлеуге деген ниеті МЫҚТЫ адамдармен дос болыңыз. Сіз арман қылған өмір сүру стиліне қол жеткізген адамдармен жиі араласыңыз. Жетем дегеніңізді, жеткеніңізді айтып ой бөлісіңіз. «Кімнен туғаныңа емес, кіммен тұрғанына көңіл бөл» деген екен ұлылар.
10. «Мақсатыңызбен аурыңыз». Тісіңіз ауырса не болады? Тісіңізді қашан емдеткеншеб ойлағаныңыздың барлығы тісіңізді тез емдету болмай ма?
Сол сияқты, ойыңыздың барлығы «қалайша мақсатыма жетеуге болады» болу керек. Жақсылап шабыттансаңыз сіздің «Био-компьютеріңіз» кез келген істің шешімін табады. Ол – «гарантия». Мақсатымыз бар, сол мақсатқа жету жолында өзімізді шабыттандыруды, кезіккен қиындыққа қарамай жігерлендіруді үйрендік. Енді жетем деген мақсатымызға ішкі нанымсенімімізде қарсылық жоқ па екен, сол жайында сөз қозғайық. Яғни, біздің ішкі құндылықтарымыз, біз бағытталған сенімдер жүйесі бізге қаншалықты деңгейде көмектесіп немесе залал келтіріп жүр – əңгіме сол жайында.
1.0K viewsҮшінші болма, 14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 18:12:30
Табысқа жету үшін кіммен сөйлесуді тоқтату керек:


1. Негативтерді шығаратын адаммен
2. Сіздің пікіріңізді құрметтемейтін адаммен
3. Уақытты босқа өткізетін адаммен
4. Барлығына сын айтатын адаммен
5. «Құрбанды ойнайтын» біреу 6. Кез келген жетістіктің қадірін кетіретін адаммен
402 viewsКундыз Уразбаева, 15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-30 15:50:29 сіз білмеген мәліметтер

•таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады
•статистика бойынша әрбір әйел адам өз өмірінде 2кг помада қолданады екен
•піл өз сәбиін құрсағында 2 ай көтереді
•киттің жүрегі минутына 9рет соғады
•галий-29.8градуста еритін металл. егер оны қолыңызға алсаңыз ол ери бастайды
175 viewsКундыз Уразбаева, 12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 19:48:37 Тіліңді тәрбиелемес бұрын, жүрегіңді тәрбиеле!
473 viewsКундыз Уразбаева, 16:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 10:42:53 Əрқайсысымыздың жұдырықтай жүрегіміздің түбінде үлкен күш, тылсым шығармашылық қасиеттер бұғып жатыр. Ол күш пен шығармашылық қасиеттер кімге тиесілі дейсіз бе? Мойындасаңыз да, мойындамасаңыз да, ол тек қана сізге тиесілі. Сіздің жүрегіңізде «Мені қашан оятады?» деп тығылып жатқан «жанартауға» тиесілі. Өкінішке орай, ол күшті, ол шығармашыл тұлғаны əке-шешеміздің, достарымыздың, ұстаздарымыздың, өзге де бізге сөзі өтетін үлкен адамдардың айтқанын тыңдап, «тірідей» көміп тастадық десек те болады. Есіңізге түсіріңізші, бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз? Қағазға салған болашақ үйіңіз қандай еді? «Е, ол қиял-ғажайып ертегі еді ғой» дейді бір адамдар күрсіне. Бірақ сіз бала кезіңізде алам деген затыңызды жылап та, сұрап та алатын едіңіз ғой. Ешқандай қорқынышсыз, ұялмастан қонақтарға əн айтып, би билеп, «Менің арманым» деп достарыңызға арманыңызды айтып берген сəттер есіңізде қалды деп ойлаймын. Ол уақытта сіз нені нақты қалайтыныңызды біліп, сол мақсатқа жететініңізге сенген едіңіз ғой... Сонымен не болды? Сіз өзгердiңіз. Қалай? Кім үшін? Не үшін? Неге?.. Өйткені сіздің өсе келе естіген сөздеріңіз:
«Қарағым, қиялдамай жерге түс!», «Бəрі сен ойлағандай емес!», «Сен тек өзіңді ғана ойлайтын менменсің!», «Өзіңді бұлай ұстауды қой да, менің айтқанымды істе!», «Жылаған несі?!», «Сен енді бала емессің!», «Шамаңа қарасаңшы!», «Қияға көп берілме!», «Олар бай, біз кедейміз. Маңдайымызға жазылғанын көреміз де!», т.б. Бала кезімізден жоғарыдағыдай бұйрықты тыңдап өскен біз жүрегіміздегі арманымызды ұмытып, «Қайтсем адамдарға ұнаймын?» деген мақсаттың артынан қуып кеттік. Себебі біз түсіндік! Нені дейсіз бе? Айналадағыларға ұнау үшін не істеу керек екенін ұқтық. Сондықтан болар, нəтижесінде көп нəрсені біз өзімізге ұнамаса да істейміз. Əкеміздің қалауы бойынша экономикалық колледжге түстік. Ақшасы көп мамандықты таңдадық. Бірақ арманымыз басқа еді... Иə, біз жүрегіміздегі үкілеген арманның соңынан жүрудің орнына, айналамызға бейімделе отырып, арманға жету үшін емес, аш қалмау үшін күресуді үйрендік. Неге? Себебі біздің бой түзеп өскен ортамыз солай. Яғни, болашағына сенімсіздікпен қараған ортаға түскен (мына өмірден бейхабар) біз де өз болашағымызға сенімсіздікпен қарап өстік жəне сенімсіздікпен өмір сүріп жүрміз. Енді арманымызды еске түсіріп, өзгеретін кез келді! Осы
уақытқа дейін арманымызға жететініңізге, өз бақытыңыз өз қолыңызда екеніне сенбеген шығарсыз. Сіз келіссеңіз, мен сізге көмектесемін! Өзіңізге, арманыңыздың орындалуына деген сеніміңізді арттырамыз! Ол үшін, ең бірінші, арманыңыз жайлы, өмірден нені қалайтыныңыз жайлы ойланыңыз. Өмірдегі басты арманыңыз қандай? Кім болғыңыз келеді? Қанша уақытта қанша ақша тапқыңыз келеді? Қандай жобалар жасағыңыз келеді? Қандай жетістікке жеткіңіз келеді?

— Денсаулығыңыз бойынша
— Қарым қатынас бойынша
— Жұмысыңызда
— Рухани жағынан

Өрлеу кітабынан


Пс: Адамдарды алдына қойған арман-мақсатына қарай бағалау керек!

Н.Н. Михлуко Махлай
630 viewsҮшінші болма, 07:42
Ашу / Түсініктеме