Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 52

2021-09-14 10:02:41 Жарты жолда сынып қалмауға тырыс. Құласаң тұр да, ары қарай қадам бас. Тоқтап қалма! Ауыр күндер ерте ме, кеш пе артта қалады, ал сен бұрынғыдан да мықты боласың...
3.3K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 07:02
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 19:43:14 Істі не үшін кейінге қалдыратыныңызды ойланып көрдіңіз бе? Сіз сияқты адамдарды прокрастинатор деп атайды.

ПРОКРАСТИНАТОРЛАРДЫҢ 3 ТИПІ:

Бәрін соңғы минутта жасағанды ​​ұнататын адамдар;
Сәтсіздіктен қорқатын адамдар;
Шешім қабылдай алмайтын және өз шешімі үшін жауапкершілік ала алмайтын адамдар.

Прокрастинациямен қалай күресеміз?

КЕҢІСТІКТІ ӨЗГЕРТІҢІЗ

Сізді алаңдататын нәрселер көп болған сайын, жұмысты аяқтау мүмкіндігі аз болады. Телефондағы назарыңызды алатын нәрсені шаруаңыз біткенше блоктап тастаңыз.

ҮЛКЕН ІСТІ БІРНЕШЕ КІШКЕНТАЙ ІСТЕРГЕ БӨЛІҢІЗ

Мысалы сізге диплом жазу керек болса, бұл үшін қандай шаруалар атқарылу керек екенін тізімдеп жазып қойыңыз да, сол бойынша орындаңыз.

15 МИНУТ ЕРЕЖЕСІ

Сіз кем дегенде 15 минут жұмыс жасай аласыз ба? Жұмысты бір бастап кеткеннен кейін, уақытты да ұмытып кетесіз. Сондықтан алдымен 15 минут қана істеймін деп ойлаңыз.

ЕҢ ҚИЫН ІСТЕН БАСТАҢЫЗ

Шаруаларыңыздың ішіндегі ең қиынын таңдап алып, соны бітіріп тастаңыз. Сонда басқа істерді атқарып жатқанда, алаңдамайтын боласыз.

ӨЗІҢІЗГЕ СЮРПРИЗ ЖАСАҢЫЗ

Мысалы бір шаруаны бітірген соң, Youtube-тен бір видео көрсеңіз болады.

ШАБЫТ БЕРЕТІН ЖАНДАРМЕН ДОС БОЛЫҢЫЗ

Айналаңызды шабыттандыратын адамдармен қоршасаңыз, еріншектікті ұмытасыз.

ТАЙМ МЕНЕДЖМЕНТ

Кез келген іске кірісерде уақытты басқарып үйреніңіз. Өзіңізге нақты дедлайн қойып, сол уақытта шаруаңызды аяқтап, өзіңізге есеп беруге тырысыңыз.
3.5K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 16:43
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 19:54:10 КЕЗ КЕЛГЕН МАҚСАТТЫ ҚАҒАЗҒА ТҮСІРІП ОТЫРЫҢЫЗ!

 Өткен жылдардың бірінде АҚШ-тағы Гарвард атындағы университеттің ғалымдары төмендегідей, яғни адамзат үшін үлкен маңызға ие болатын тәжірибе жұмысын жүргізіпті. Бір курста оқитын 100 студентті сырттай психологиялық тұрғыдан бақылауға алады. Студенттердің 3%-ы алға мақсат қойып, сол мақсаттарын қағазға түсіріп, жету үшін талаптанып жүретін болған. 10%-ы болса арман-мақсаттарын қағазға жазбастан, тек ойында ұстап, қалған 87%-ы арман-мақсатты ескерместен күнделікті күйбең тіршіліктен ары аспайтыны анықталған екен. Бақылау тәжірибесінің қорытындысын ғалымдар 10 жылдан кейін барып жариялаған. Нәтижесінде мақсаттарын «құдайдың құтты күні» қағазға түсіруден шаршамаған студенттер 10 жылдың ішінде 87%ды есептемегенде мақсаттарын ойында ұстайтын әріптестеріне қарағанда 60100%-ға табысты болып, өз салаларында жеңістерге жетіп, биіктерді бағындырыпты. Жоғарыдағы тәжірибе қорытындысына сүйене келе мен сізді шаршамай, шашырамай арман-мақсаттарыңызды қағазға түсіріп отыруға шақырамын. Ойдағы арман-мақсаттың шабыт бар кезде тез арада қағазға түсуі көрінбейтіннің көрінетінге айналуындағы үлкен маңызға ие қадамдарының бірі болып табылады. Сондықтан өмірдің қай саласынан болсын алға үлкен мақсат қойып, ойдағы мақсатты тез арада қағазға түсіріңіз.
5.5K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 16:54
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 12:30:02 СЕН НЕГЕ ӨЗГЕРЕ АЛМАЙСЫҢ?

Сен кино көріп не кітап оқып, не мықты біреудің оқиғасын естіп шабыттандың да, «Ендi күн сайын таңғы 7-де тұрамын; 50 сөз ағылшынша жаттаймын, 100 рет отжимание жасаймын» деп тiзiм құрып тастадың. Жақсы.

Ертеңіне 7-де тұрдың. 50 сөз жаттадың. 100 рет отжимание жасадың. Өзіңе көңілің толды. Ертең қайталаймын дедің.

Ертеңіне ояндың, бірақ тұрғың келмейді. Тұруың керек, сөз жаттауың керек, отжимание жасау керек. «Не деген қиын! Одан да кішкене жата тұрайын. Iстемесем, ешкім жазалайын деп тұрған жоқ қой». Басында осы ой тұрады.

Бұл жерде саған кайдзеннің PDCA деген құралы көмектеседі. Мысалы, 7-де тұруды алайық. Негізі күн сайын 8-де тұрып жүрсің.

P - plan: кішкентай өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 минутқа шегер, яғни 7:45-те тұр.

D - do: жоспарлған істі жүзеге асыр.

C-check: тексер. Жаңа өзгеріс қалай, жеңіл тиді Me? Ары қарай жалғастыруға дайынсың ба?

A - action: Жауап "иә" болса, осы өзгерісті стандарт етіп бекітіп ал. Яғни, әбден үйренген соң тағы да 15 минут шегеріп, 7:30-да тұруды жоспарла. Жауап "жоқ" болса, Р-ға барып, кішкентай жаңа өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 емес 7 минутқа шегер.

Тіл үйрену де солай. 50 емес, 5 сөзден баста.

Отжимание 10-нан баста.

Сонда миыңа олар оңай көрінеді. Істемеуге сылтау таппайсың. Дереу орындап тастайсың.
3.5K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 09:30
Ашу / Түсініктеме