Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 51

2021-10-02 14:42:44 Қол жеткен жетістікті бақыт деп сана, аз деп өкінбе, көп деп көпірме, бақыттың тұрақтылығы - сабырлықта.
2.4K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 11:42
Ашу / Түсініктеме
2021-09-20 11:56:55 Әркім өзінше армандайды – ұйқым қанса екен, өссем екен, нағыз махаббат тапсам екен, отбасын құрсам екен, дем алсам ғой, атақты болсам ғой, ақшам көп болса ғой. Қаншама рет өмір бойына арманымызды ауыстырдық. Ал шынында барлығымыздың қалайтынымыз ол бірақ нәрсе – шын бақытты болу!
4.9K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 08:56
Ашу / Түсініктеме
2021-09-19 19:04:35 Ағылшын тілінде қысылмай сөйлеу үшін не істеу керек?

Сенімділік қажет. Кез келген тіл меңгергенде ішімізде бір “күш” сөйлетпей, ұялдырып тұратыны бар. Сондықтан сөйлегенде сенімді болыңыз. Ештеңеден жасқанбаңыз, ұялмаңыз. Сенімді болғанда сөзде тілге оралады.

Асықпаңыз. Шет тілінде сөйлегенде қатты асықпаңыз. Ана тіліңізде сөйлегенде жылдам сөйлеуіңіз мүмкін. Ал басқа тілде сөйлегенде ойланып, сенімділікті жиып алыңыз. Асықсаңыз көп шатасып, ойыңызды жинақтай алмайсыз.

Күніне кем дегенде бір сағатты ағылшынға арнаңыз. Грамматикаңыз нашар болса оқыңыз, сөз қоры аз болса, сөз жаттаңыз. Ал грамматикаңыз бен сөздің қорыңыз Intermediate болса тамақ істеп отырып, жүгіріп жүргенде, үй жинағанда подкаст тыңдаңыз я ағылшынша мәтін оқыңыз.

Күнде сөйлеңіз. Сөйлесетін адам болмаса, айнаның алдына отырып алып сөйлеңіз. Көшеде кетіп бара жатқанда өзіңізбен сөйлеңіз. Сонда ми ортасында қатталған сөздер тілге оралады. Өзіңізге ағылшынша “Бүгінгі күнім қалай өтті?”, “Ертең не істеймін?” деген сұрақтармен есеп беріңіз. Өзіңіздің дауысыңызды жазып қайта тыңдап көріңіз.

Бүкіл айналаңызды ағылшын тілімен “қоршап” тастаңыз. Видео, музыка, подкаст, кітап, сериал, жаңалық бәрі ағылшынша болғаны жөн. Ұялы телефоныңыздың тілі де ағылшын болсын. Күніне бес жаңа сөз жаттаңыз. Бұл сөздің қорыңызды көбейтеді. Жаттаған сөзіңізді жазғанда, сөйлегенде қолданыңыз.

Бастысы ағылшынды 30 күнде, 3 айда үйретемін деген курсқа сенбеңіз.
5.1K viewsФеру♡, 16:04
Ашу / Түсініктеме
2021-09-19 14:58:16 Пост тек сабақты 5ке оқығысы келетін студенттерге арналады.

Әлемдегі ең мықты университеттердің бірі Йель. Сонда Стэнли деген ағайдың сабағы ең қиын болып есептеледі екен.Студенттер әрқашан:
- ағаааай тапсырмалар тым көп
- ағаааай көп уақытым кетіп жатыр..
деп шағым жасапты.

Стэнли үй жұмыстарын жеңілдету орнына, студенттерден тапсырмаларды орындауға қанша уақыт құртатын сұрапты. Солай жиналған ақпаратты зерттеуші досына тапсырыпты. Стэнлидың мақсаты - студенттың бағасымен, оның тапсырмаға құртатын уақыттың маңызын анықтау болған екен.

Сөйтсе, уақыттың студенттің бағасына қатысы жоқ екен. Бір студент 3 сағат орындап, 5 алуы мүмкін, ал бір студент 1 сағатта бітіріп, 5 алуы мүмкін.

Енді, сіздерге менің нені жеткізгім келіп тұрғанын айтайын.

Студенттің сабақты 5ке оқуы, ол, оның керемет екенін білдірмейді. Сабақты тек 5ке оқу мақсат емес, сабақты минимальды ресурстармен, дұрыс әрі нақты қадамдармен, 5ке оқыған маңыздырақ.

Өмірде де солай, кез келген адам қиналып, таңнан кешке дейін жұмыс істеу деген ол 19-20 ғасырдан қалып кеткен стереотип. Себебі ол кезде өндіріс болған соң, кім көбірек жүк тасиды, сол көбірек ақша алатын еді.

21 ғасыр ол 24 сағат еңбектің емес, 21 ғасыр ол тиімді шешімдердің уақыты деп ойлаймын.
4.1K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 11:58
Ашу / Түсініктеме
2021-09-19 14:21:44 Бүгін уақытыңыз жоқ, ертең күшіңіз қалмайды, ал арғы күні өзіңіз болмайсыз. Сондықтан еш нәрсені кейінге қалдырмаңыз.
3.2K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 11:21
Ашу / Түсініктеме
2021-09-18 09:49:25 Сіз басқалардың пікіріне қаншалықты тәуелдісіз?

Айналаңыздағы адамдардың пікіріне, көз қарастарына қарамай, кем дегенде бір рет, өз қалауыңызен ұнатқан ісіңізді жасап көріңіз, осыдан кейін сіз басқалардың, ережелері мен шектеулеріне ешқашан назар аудармайтын боласыз.

Көпшілігіміздің мықты идеялармен, арман-мақсатымызды өлтіретін бір көзқарас бар, ол “Басқалар не ойлайды” деген түсінік, шындығында не істесеңде, басқаларға бәрібір. Сол үшін ондай сөз-пікірлерден сақ болыңыз. Арманыңыз үшін алдыға жүруді тоқтатпаңыз.

Дереккөз: Миллионер бол
3.4K viewsЕркебұлан Сатыбалды, edited  06:49
Ашу / Түсініктеме
2021-09-15 18:47:13 Өткен шақ — поезд сияқты, өтті де кетті.
Келер шақ — үлкен арманға толы, бірақ не болары әлі белгісіз.
Ал осы шақ — тағдыр сыйы.

Сондықтан, өткен күннен сабақ алып, болашаққа үмітпен қарап, осы шақты жақсылап өткізейік...
4.0K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-09-15 13:42:38 Қазақ баласын қайрау

Шежірені шиырлап тарата алам,
Тусақ, туған шығармыз әр атадан.
Өзіңді өзің сүйрелеп, қатарға қос,
Ей, қазақтың баласы қара табан!

Қарындаспын, қандаспын, жүректеспін,
Сол жүректен мен саған тілектеспін.
Алп-алп басқан аталар әулетіміз,
Сенен асып туған жоқ білекті ешкім.

Көптен көмек күтпей-ақ,достан – қайыр,
Тасмаңдайдан тағдырды жасқанбай ұр.
Сен туғанда қуанған әке-шешең
Берді ғой деп Тәңірім қошқардай ұл.

Күнге қарап, қырандай қанатың кер,
Сені көріп серпілсін қара түндер.
Сұрамайды Құдайдан ұлды қазақ
Жүрсе екен деп әйтеуір санатында ер.

Жайсаңсың, сен,
Жарқылдап жүр ендеше,
Жігіт оңбас –жігерді шідерлесе,
Үлесіңді тартып ал, сұрап алма,
Ешкімнен де именбе. Жіберме есе!

Сыр қадірі – тек қана сұрасқанша,
Жат түгілі, жақынға сыр ашпа онша.
Сен басқадан артықсың – анаң егер
Қуанғаны қалжа жеп рас болса!

Болу керек жігітте айла күшті,
Парасатпен пайымда пайдалы істі.
Барша қазақ елінің бақ-талайы
Тағдырыңа бір сенің байланысты.

Жігітсің бе, мақсаты, мұраты бар,
Құз басынан құлжаңды құлатып ал.
Жарқ ететін сағатың соғады әлі,
Оқталмаған мылтық та бір атылар.!

Өз жолыңды табатын жетті күнің,
Алғырлығың көрінсін, ептілігің.
Болсаң болып, болмасаң –бордай тозып
Танылатын шақ осы тектілігің!

Сен оңбасаң, оңады қайдан халық?
Тойдан қалсаң қамықпа.
Ойдан қамық.
Аламанға түскенде бәйгеңді алып
Сен жүруге тиіссің жайраң қағып.

Тауқыметін тартсаң да азаптың көп,
Қуана біл, қарағым, қазақпын деп.
Атыңды сәл оздырсаң, сол қазағың
Жібереді мықты ғып.
Өзі-ақ, Күндеп!

Жүрсін Ерман
6.5K viewsЕркебұлан Сатыбалды, edited  10:42
Ашу / Түсініктеме
2021-09-15 09:51:27 -Тұлғалық дамуды неден бастаймын?

-Өмірімді өзгерткім келеді?

-Өзімді таппай жүрмін?

Өзгергісі келетін, дамығысы келетін адамдардың басындағы, басты проблема осылар.
Сіздерге ең жақсы кеңес, дамуды, өзіңіздің табуды, жақсы кітап оқудан бастаңыздар.

Статистикаға сүйенсек, адамның миы, тек кітап оқыған кезде жақсы жұмыс жасап, жаңа идеялар келе бастайды. Өміріңізді өзгертуге 10 кітаптың өзі жеткілікті, ал сол 10кітапты табу үшін 1000даған кітапты оқып іздену керек.

Кітап оқитындар, теледидар қарайтындарды басқаратыны тағы бар, сондықтан даму үшін, өміріңді өзгерту үшін кітап оқудың рөлі өте жоғары, мұның бәрін неге айтып отырмын?

Себебі сіздерді Жеке Кітапхана” каналыма шақырғым келіп отыр.
Мұнда өміріңізді өзгертуге көмектесетін кітаптарды табасыз, әрі кітап оқуға құлшынысыңыз артады.

Өзгеруді қазірден баста, каналға өтіп өзіңе керегін ал

Сілтеме төменде:

https://t.me/jeke_kitap
3.4K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 06:51
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 19:04:41 Жаңа өмір бастауға не кедергі?

Өмірді жаңартуға кедергі келтіретін жағдайлар.

Ескі уайым

Өткеннен таңба болып қалған сары уайымнан құтылу оңай іс емес. Біз үнемі жаңа бағытқа бұрылу үшін ескі уайыммен ұшырасып жатамыз. Бірақ та болған іске болаттай берік болып, жаңаша күн кешу үшін сары уайымнан құтылуға тырысу керек. Адам басындағы бос уайым оның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Өтіп кеткен нәрсе жайында уайым жегеннен өзгеретін дым да жоқ. Болуға тиіс нәрсе болды, бояуы сіңді. Біз ол жайында қанша уайымдасақ та, көшкен көш қайта қайтпайды. Біз тек уайымды жемейміз, уайым бізді жейді. Жаңа жолға түсіп алып, жаңа өмір бастау үшін ескі уайыммен қоштасыңыз.

Өкініш

Әлемде өткеніне өкінбейтін пенде жоқ шығар, сірә... Дәл ескі уайым сияқты өкініштің де жаңа өмірге жаға қоюы екіталай. Адамдар бүгінгі өмірінде бәріне ойланбастан бел буады да, соңынан соры қайнап өкініп жатады. Өкінішпен өткен өмірдің мәні бар ма? Доғарыңыз! Салыңыз су кетпесін. Әлі де сізді бір бақыт күтуде.

Үміт үзу

Адамның алдында өрге жетелеп отырар үміті мен арманы болмаса - өлгені. Болашақтан үміт үзсеңіз, жаңа өмірдің есігін ашуға бел бумай-ақ қойыңыз. Үкілеген үміттің өмірдегі маңызы зор. Бақыт құсы басыма қонар деп үміттеніңіз... Мен де бір шаттыққа лайықпын деп үміттеніңіз... Өмір әлі тоқтап қалған жоқ. Ал сіз әзірден-ақ үміттен жұрдайсыз. Жаңа өмірдің бақытты кейіпкері болғыңыз келсе, үмітім сөнбесе екен деп үміттеніңіз.

Сенімсіздік

Бір жамандықтың артынан бір жақсылықтың қылтиып шығарына сенбейсіз бе? Бірақ түннен кейін күннің қайта шығарын мойындайсыз. Бұл өмір тек бақытсыздыққа толы деп, сіздің де бір бақытты күніңіздің келеріне сенбейсіз бе? Бірақ қара түспен қатар ақ түстің барына шүбә келтірмейсіз. Әрдайым жақсылыққа сену керек. Сенім бар жерде махаббат та, шаттық та, әділдік те болады.
3.4K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 16:04
Ашу / Түсініктеме