Get Mystery Box with random crypto!

Мақсаттарыңыз қандай болса да, оған тұрақтылықпен ден қою арқ | Жеке күнделік / Мотивация

Мақсаттарыңыз қандай болса да, оған тұрақтылықпен ден
қою арқылы жету керек.
Қандай жағдай болса да мақсатқа қарай талпынуды тоқтатпауға алдын ала шешім
қабылдаңыз. Талай мәрте мақсатыңызды қайта қарап
шығуға, жаңадан жоспар құруға тура келуі мүмкін. Мүмкін сізге 10-шы ретте дұрыс шығу үшін бір нәрсені 9 рет байқап көру керек болар. Негізгісі — қандай жағдай болса да әрекетті тоқтатпаймын деп, өзіңізге алдын ала шешім қабылдаңыз, сөзберіңіз.


Сіз Energezer батарейкаларының жарнамасындағы қояндар сияқты қозғалуыңызды жалғастырасыз. Сіз алға қарай жылжи бересіз, жылжи бересіз. Егер сіздің жоспарыңыз толығымен іске аспай қалса, өзіңізге қайтадан сұрақ қоясыз,
басынан аяғына дейін қайта ойластырып,жоспарларыңыз-ды қайта жазып, бәрін қайтадан бастайсыз.

Әр күні өзіңіздің негізгі мақсатыңызға септігі тиетін бірдеңе жасайсыз. Әрдайым өзіңізді дұрыс бағытқа келтіріп отырып, өзіңізге:
«Мен жеңілмеймін. Мен мұны істей аламын. Мен ойыма
келгеннің бәрін іске асыра аламын» дегенді айтасыз.
Есіңізде болсын, ұлы мақсаттарға қатысты болмай қалды деген түсінік жоқ. Тек қана қарсы жауап беру бар. Қарсы нәтиже — ол да нәтиже. Кез келген табысты адам мақсатқа жету жолында қайта-қайта қателеседі. Ол өмірден сабақ алады, егер үнемі әрекетте болмаса ол оған жолықпас еді.
Ештеңе істемейтін адам ғана өмірде қателеспейді.
Жеткен нәтижелеріңіз кейде бастапқыда ойлағаныңыздан
әлдеқайда басқаша болып шығуы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, адамдар тұрақты ештеңе жоқ екенін, жағдай кез келген
уақытта өзгеруі мүмкін екенін түсінеді. Ал, енді оның қалай
өзгеретіні сізге байланысты.