Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-04-28 19:32:01 «Бүгінгі ақылым болғанда кешегі жіберген қателіктерімді жасамас едім, алайда кешегі қателіктерімді жасамағанда бүгінгі ақылым болмайтын еді»
462 viewsҮшінші болма, 16:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 09:58:15 Ғалымдар зерттеу жүргізген. Төрт маймылды алып, торға отырғызып, жоғары жақтарына банан іліп қояды. Маймылдардың қарындары ашып, бананды алу үшін жоғары секіргенде, олардың
үстінен суық су құйып отырды. Біраз уақыттан соң, олардың бананды қайтадан алғылары келіп секіреді, оларды тағы да сумен шаяды. Осылай
бірнеше рет қайталанады. Кейіннен маймылдар бананға тек қарап отырады, секіріп алуға қорқатын жағдай туындайды. Кейіннен торға жаңа маймылды отырғызады, ол ештеңені білмей, бананды алуға тырысқысы келеді, ал басқа маймылдар оған
кедергі жасап, тіпті ұрып тастайды. Біраз уақыттан
кейін торға тағы бір маймылды қосады. Ол да бананды алғысы келеді, бірақ оны да тоқтатып, ұрып
тастайды. Торға түскен барлық маймылдарға осылай жасайды. Бұл жағдай маймылдар саны он екіге
жеткенше жалғаса берді.
Содан соң ғалымдар, өз тәжірибесі негізінде
су жайлы білетін алғашқы төрт маймылды және
солар тәрбиелеген кейінгі төрт маймылды тордан
шығарып тастайды. Тек соңынан салынған маймылдарды ғана қалдырады. Және осыдан кейін торға жаңа маймылдарды қоса бастайды, олар маймылдардың өздерін
басқаша ұстайтынына сенеді. Алайда, бастапқы сценарий қайталана береді. Бұрыннан отырғызылған маймылдар жаңа маймылдарды бананды алуға тырысқандары үшін ұра береді, енді оны суға шайылып көрмеген
маймылдар да қайталайды. Оларда банандарды тиісуге болмайды деген қатаң ой қалыптасады. Олар тиымның себебін білмесе де, банан алу үшін ұмтылғандарды жазалай берді.

Осындай стереотиптер адамдар өмірінде де
кездеседі. Сіз бірдеңеге қол жеткізгіңіз келсе, сізге
міндетті түрде кедергі жасайтындар табылады,
себебі, бұл – жасалуы тиіс нәрсе. Сізді қоршаған адамдардың естіген жағымсыз ақпараты, немесе біреудің жағымсыз тәжірибесі оған себеп болуы мүмкін. Адамдар жағымсыз көп заттар айта­ды, райыңыздан қайтарғысы келеді, оның мүмкін еместігіне сендіруге тырысады. Өзіңізді қолға
алыңыз, өзіңізге сеніңіз және ешкімнің сөзіне ермеңіз.
534 viewsҮшінші болма, 06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 19:00:36
Өмір – жылдамдықпен өлшенетін спринт емес. Өмір бұл – марафон.

Соңғы уақытта естіген ең жақсы сөздердің бірі осы болды.

Яғни қандай жылдамдықпен бастағаныңыз маңызды емес, маңыздысы – соңына дейін ұдайылықпен бара алдыңыз ба міне осы.

Әлеуметтік желі иллюзиясына алданып, әркімнің оқып жатқан кітабына, жеген тамағына, жеткен жетістігіне қарап, самооценкаңызды түсіріп алмаңыз.

Сіз жарысу керек адам олар емес. Сіз жарысу керек адам ол – сіз.

Басқа адам өмірінің ең қуанышты сәттерін, өзіңіздің өмірдің ең қиын уақытымен салыстырмаңыз.

Біз басқа біреуден рухани яки интеллектуалды жеңілісіміз үшін сұралмаймыз.

Біз мүмкіндіктер бола тұра лайықты түрде әрекет етпегендігіміз үшін сұраламыз.


Abylai Kenzhaly
534 viewsFeruza♡, edited  16:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 17:31:24
Сабақтарды қалай тез және тиімді өткізуге болатыны туралы кеңестер:

1. Жұмыс орнын тазалаймыз
2. Су / шай алыңыз
3. Барлық алаңдаушылықты алып тастаңыз
4.Бүгінгі орындалу керек жұмыстардың тізімін жазамыз
5. Әрбір пән үшін уақыт шектеулерін орнатыңыз
6. Алдымен күрделі заттарды, содан кейін жеңіл заттарды жасаймыз
7. Теория туралы ұмытпаңыз
8. Үзіліс кезінде бөлмені желдетіңіз
302 viewsКундыз Уразбаева, 14:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 16:02:01
Ағылшын тілін білу сізге не береді:

1. Шетелде оқу
2. Түпнұсқадағы фильмдер мен кітаптар
3. Саяхат
4. Дүние жүзіндегі достар
5. Өзіне деген сенімділік
6. Музыкалық мәдениетті түсіну
7. Жоғары жалақы алатын жұмыс
554 viewsКундыз Уразбаева, 13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 14:31:17
Жеке шекараңызды қорғауға көмектесетін фразалар:


1. Бұл сіздікі және тек сіздің жеке пікіріңіз. Менде басқа
2. Мен сіздің пікіріңізді құрметтеймін, бірақ оны қабылдамаймын.
3. Кеңесіңізге рахмет, мен оны ескеремін/ойланамын
4. Менің «жоқ» дегенім әрқашан «жоқ» дегенді білдіреді, ештеңені ойластырудың қажеті жоқ
736 viewsКундыз Уразбаева, 11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 13:01:35
8:00- таңертең - эй, жарқын болашағың үшін оқуға мотивация, сен қайдасың?

01:00- түнде- Мен осындамын
895 viewsКундыз Уразбаева, 10:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 11:30:46
Мектептен кейін:

15:30 спортпен шұғылдану
16:15 үй тапсырмасын орындау
18:30 кешкі ас
19:00 бос уақыт – хобби
19:30 рюкзак жинап, ертеңге киім дайындаңыз
19:45 бөлмені жинаңыз
20:00 netflix/instagram/telegram
20:45 душ
21:15 төсекке дайындалыңыз: телефонды қойыңыз, бөлмені желдетіңіз, ертеңгі істер тізімін жазыңыз, кітап оқыңыз, медитация жасаңыз, дабыл орнатыңыз
22:00 ұйықтау
90 viewsКундыз Уразбаева, 08:30
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 10:02:51
Сізге басқаларға қарағанда ұзағырақ уақыт кетсе де, бұл сіз...
- сәтсіз
- жалқау
- ақымақ
- қабілетсіз
- талантсыз

дегенді білдірмейді

Бұл тек сіздің өз қарқыныңызбен қозғалып жатқаныңызды білдіреді.
Өз өнімділігіңізді басқа адамдардың өнімділігімен салыстырмаңыз
395 viewsКундыз Уразбаева, 07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-04-24 08:30:36
Сіз мыналардан құраласыз...

- сіз оқыған кітаптар
- сіз араласатын адамдар
- сіз онлайн көретін мазмұн
- сіз тыңдайтын музыка
- сіз көретін фильмдер
- сізді шабыттандыратын фотосуреттер


Өзіңізді немен толтыратыныңызды мұқият таңдаңыз.
595 viewsКундыз Уразбаева, 05:30
Ашу / Түсініктеме