Get Mystery Box with random crypto!

Өзіңізді өзіңіз мақсатқа жету жолында шабыттандыра білудің 10 | Жеке күнделік / Мотивация

Өзіңізді өзіңіз мақсатқа жету жолында шабыттандыра білудің 10 ережесі
1. Өмір - өзіңді-өзің қамшылаудан, жігерлендіруден, шабыттандырудан ғана тұрса, онда ол – бақыт. Сондықтан өзімізді өзіміз шабыттандыра білуіміз керек. Жағымды ойда болыңыз. «Ойлағаным болмай қалса, не болады?», Қабілетім жете ме?» деген сияқты «ауру ойларда» аулақ болыңыз. Арманыңыздың орындалғанын көз алдыңызға жиі-жиі елест етіңіз. Алдынала мақсат қа жеткен күні сезіміңіз қандай болады, не істейсіз, сол күннің сценарийін жазыңыз.
əдетке айналдырыңыз. Елестету барысында қиын көрінгенімен, бір апта ішінде кəдімгідей жаттығып қаласыз. Есіңізде болсын, не жаттығады, сол дамиды.
3. «Арман-мақсаттарыңызды» сізді қолдайтын адамдармен бөлісіп үйреніңіз. «Жарайсың, сенің қолыңнан келеді» деген сөзді естіген сайын өзіңізге деген сеніміңіз арта бермек.
4. Арманыңыздың «альбомын» жасаңыз. Яғни, алам деген үйіңіздің, машинаңыздың, танысқыңыз келген адамдардың, саяхат жасағыңыз келген қала суреттерін жинап, сізге жиі көрінетін жерге іліп қойыңыз.
5. Визиткаңыздың артына «мақсатыма уақытында жетсем, осындай мүмкіндіктер алдымнан ашылады, жан рахатын сезінемін» деп мақсатқа уақытында жетсеңіз, өміріңізде болатын ең басты өзгерістерді жазып алыңыз. Визитка күнделікті айнаңыз секілді қалтаңызда жүруі тиісті. Күніне кемінде 10-15 рет визиткадағы жазуды оқып отырыңыз.
6. Ұлы мақсат қойып, соған жеткен алып тұлғалардың өмірбаянын жиі-жиі оқып отырыңыз. Кезіккен қиындықты қалай жеңе білді, қалай өздерін шабыттандыра білді – сол жайында көп ізденіңіз.
7. Жетістікке жету, табыс психологиясы бойынша болатын семинартренингтерден қалмаңыз. Есіңізде болсын, табысқа бастар баспалдақтың көп бөлшегін семинар-тренингтер құрайды.
8. Тек көңіліңізді көтеретін əуендер ғана тыңдаңыз. Көңіл-күйіңізді түсіретін əуендерден миыңызды алыс ұстаңыз.
9. Өзгелердің проблемасын тыңдамаңыз, өзіңіз де ешкімге проблемаңызды айтпаңыз. Проблема, ол – «мусор» əркім келіп проблемасын лақтыратын сіз «мусорный ящик» емессіз. Ешкім де «мусорный ящик» емес. Өмірге түңіліп қарайтындардан «он метрге» алыс жүріңіз. Сынықтан басқаның бəрі жұғады. Сіз сияқты өзгеруге талпынысы бар, өрлеуге деген ниеті МЫҚТЫ адамдармен дос болыңыз. Сіз арман қылған өмір сүру стиліне қол жеткізген адамдармен жиі араласыңыз. Жетем дегеніңізді, жеткеніңізді айтып ой бөлісіңіз. «Кімнен туғаныңа емес, кіммен тұрғанына көңіл бөл» деген екен ұлылар.
10. «Мақсатыңызбен аурыңыз». Тісіңіз ауырса не болады? Тісіңізді қашан емдеткеншеб ойлағаныңыздың барлығы тісіңізді тез емдету болмай ма?
Сол сияқты, ойыңыздың барлығы «қалайша мақсатыма жетеуге болады» болу керек. Жақсылап шабыттансаңыз сіздің «Био-компьютеріңіз» кез келген істің шешімін табады. Ол – «гарантия». Мақсатымыз бар, сол мақсатқа жету жолында өзімізді шабыттандыруды, кезіккен қиындыққа қарамай жігерлендіруді үйрендік. Енді жетем деген мақсатымызға ішкі нанымсенімімізде қарсылық жоқ па екен, сол жайында сөз қозғайық. Яғни, біздің ішкі құндылықтарымыз, біз бағытталған сенімдер жүйесі бізге қаншалықты деңгейде көмектесіп немесе залал келтіріп жүр – əңгіме сол жайында.