Get Mystery Box with random crypto!

Қаржылық сауаттылық бойынша басты кеңестер #үйрену 1. Кіріс, | Жеке күнделік / Мотивация

Қаржылық сауаттылық бойынша басты кеңестер #үйрену

1. Кіріс, шығыс барлығын жазыңыз, сонда ақшаңыз қайда кетіп жатырғанын түсінесіз. "Айлық түсті, екі күн болмай жоқ. Қайда кететіні түсініксіз" дейтіндерге, бұл сізге көп нәрсені түсіндіреді.

2. Жағдайы төмен адамдардың әдеті қанша табады, сонша құртады. Сол себепті бір бөлігін инвестиция жасаңыз. Салған ақшаңыз, сізге одан да көп болып қайтуы керек. Осы жайлы бөлек пост оқығыларыңыз келсе білдіріңіздер.

3. Бірден аз уақытта байып кету ұғымы ешжерде жоқ (бір екі сфера болмаса мұндағысы трейдинг т.б. алайда онда өте үлкен тәуекел). Егер сізге, ақшаңызда аз периодта, көп шығарып беремін десе сенбеңіздер (әңгіме финанстық пирамидаларда).

4. Бай адамдардың өмірі жайлы дұрыс емес ойда болу. Олар сіз ойлағандай екі үш вилласы бар, соңғы модельдегі көліктермен жүрмейді. Ақшаны дұрыс бағытқа жұмсайтындар, онымен жұмыс жасай алатындар, табысын киім, көлікке емес басқа нәрселерге жұмсайды.

5. Сіз өзгермесеңіз, жағдай өзгермейді. Еңбектеніңіз, ізденіңіз, оқыңыз, өзіңізді табыңыз сонда ғана сіз ойдағы жеті (мүмкін сегіз) цифрлық сандарды есепшотыңыздан көресіздер.

Мен ұсынатын қаржылық сауаттылық бойынша кітаптар:

• "Мани, Азбука денег" Боди Шефер - финанс саласына бірінші рет келсеңіз, және мен ешнәрсе білмеймін дейтіндерге таптырмас вариант. Оңай тілде жазылған, барлық жасқа келеді.

• "Богатый папа Бедный папа" Роберт Кийосаки - көбісі кітапты жоққа шығарады, деседе ақша жайлы ойды түзетуге өте жақсы кітап деп есептеймін. Неге бұл сала жайлы білім маңызды екенін жақсы түсіндірген.

• "Мой сосед миллионер" Томас Дж. Стэнли - бай адамдар жайлы стреотиптерді бұзады, өте қызық факт осы кітаптан кейін мен онша бай болғым келмей қалды. Неге екенін оқығанда білерсіздер.

• "Путь к финансовой свободе" Бодо Шефер - қарыздар, экономия, капитал, финанстың үш этапы жайлы жазылған кезекті жақсы кітап. Көп бөлігі қалай эконом жасап жағдай көтеруге болатыны жайлы айтылған.

Базалық қаржылық сауаттылыққа осы кітаптар өте керемет келеді. Бірақ, ары қарай дамыту да өзіңіз үшін өте жақсы. "Ақша қолдың кірі" десек те сол нәрсе сіздің бақытты болуыңызға себеп болатындардан. Онымен жұмыс жасауды да үйреніңіз.