Get Mystery Box with random crypto!

Əрқайсысымыздың жұдырықтай жүрегіміздің түбінде үлкен күш, тыл | Жеке күнделік / Мотивация

Əрқайсысымыздың жұдырықтай жүрегіміздің түбінде үлкен күш, тылсым шығармашылық қасиеттер бұғып жатыр. Ол күш пен шығармашылық қасиеттер кімге тиесілі дейсіз бе? Мойындасаңыз да, мойындамасаңыз да, ол тек қана сізге тиесілі. Сіздің жүрегіңізде «Мені қашан оятады?» деп тығылып жатқан «жанартауға» тиесілі. Өкінішке орай, ол күшті, ол шығармашыл тұлғаны əке-шешеміздің, достарымыздың, ұстаздарымыздың, өзге де бізге сөзі өтетін үлкен адамдардың айтқанын тыңдап, «тірідей» көміп тастадық десек те болады. Есіңізге түсіріңізші, бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз? Қағазға салған болашақ үйіңіз қандай еді? «Е, ол қиял-ғажайып ертегі еді ғой» дейді бір адамдар күрсіне. Бірақ сіз бала кезіңізде алам деген затыңызды жылап та, сұрап та алатын едіңіз ғой. Ешқандай қорқынышсыз, ұялмастан қонақтарға əн айтып, би билеп, «Менің арманым» деп достарыңызға арманыңызды айтып берген сəттер есіңізде қалды деп ойлаймын. Ол уақытта сіз нені нақты қалайтыныңызды біліп, сол мақсатқа жететініңізге сенген едіңіз ғой... Сонымен не болды? Сіз өзгердiңіз. Қалай? Кім үшін? Не үшін? Неге?.. Өйткені сіздің өсе келе естіген сөздеріңіз:
«Қарағым, қиялдамай жерге түс!», «Бəрі сен ойлағандай емес!», «Сен тек өзіңді ғана ойлайтын менменсің!», «Өзіңді бұлай ұстауды қой да, менің айтқанымды істе!», «Жылаған несі?!», «Сен енді бала емессің!», «Шамаңа қарасаңшы!», «Қияға көп берілме!», «Олар бай, біз кедейміз. Маңдайымызға жазылғанын көреміз де!», т.б. Бала кезімізден жоғарыдағыдай бұйрықты тыңдап өскен біз жүрегіміздегі арманымызды ұмытып, «Қайтсем адамдарға ұнаймын?» деген мақсаттың артынан қуып кеттік. Себебі біз түсіндік! Нені дейсіз бе? Айналадағыларға ұнау үшін не істеу керек екенін ұқтық. Сондықтан болар, нəтижесінде көп нəрсені біз өзімізге ұнамаса да істейміз. Əкеміздің қалауы бойынша экономикалық колледжге түстік. Ақшасы көп мамандықты таңдадық. Бірақ арманымыз басқа еді... Иə, біз жүрегіміздегі үкілеген арманның соңынан жүрудің орнына, айналамызға бейімделе отырып, арманға жету үшін емес, аш қалмау үшін күресуді үйрендік. Неге? Себебі біздің бой түзеп өскен ортамыз солай. Яғни, болашағына сенімсіздікпен қараған ортаға түскен (мына өмірден бейхабар) біз де өз болашағымызға сенімсіздікпен қарап өстік жəне сенімсіздікпен өмір сүріп жүрміз. Енді арманымызды еске түсіріп, өзгеретін кез келді! Осы
уақытқа дейін арманымызға жететініңізге, өз бақытыңыз өз қолыңызда екеніне сенбеген шығарсыз. Сіз келіссеңіз, мен сізге көмектесемін! Өзіңізге, арманыңыздың орындалуына деген сеніміңізді арттырамыз! Ол үшін, ең бірінші, арманыңыз жайлы, өмірден нені қалайтыныңыз жайлы ойланыңыз. Өмірдегі басты арманыңыз қандай? Кім болғыңыз келеді? Қанша уақытта қанша ақша тапқыңыз келеді? Қандай жобалар жасағыңыз келеді? Қандай жетістікке жеткіңіз келеді?

— Денсаулығыңыз бойынша
— Қарым қатынас бойынша
— Жұмысыңызда
— Рухани жағынан

Өрлеу кітабынан


Пс: Адамдарды алдына қойған арман-мақсатына қарай бағалау керек!

Н.Н. Михлуко Махлай