Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 43

2021-11-14 17:18:58
Уақытты тиімді пайдаланудың бір жолы.

Сіздің басты мақсатыңыз - уақытыңыз босқа кететін сәттерді бақылау. Алдымен азанда тұрып, жұмысқа кететін уақытыңызға дейін бақылап, анализ жасаңыз.

Кей істерге, мысалы киім таңдау т.с.с яғни кеше кешке жасап қоятын істерге қанша уақытыңыз кететін анықтап алыңыз.

Жұмыс кезіндегі уақытыңызды да бақылаңыз. Мүмкін, әлеуметтік желіде көп отырарсыз. Немесе әріптестермен 1-2 минуттық әңгімені созып 10 минут бос сандыраққа айналдырасыз.

Сіз нақты не нәрсе уақытыңыздың көп бөлігін алып, жалқаулық, прокрастинация секілді істерге апаратынын аңғарған кезде, ол әдеттерден бірте арыла бастайсыз.
811 viewsЧеловек вне времени, edited  14:18
Ашу / Түсініктеме
2021-11-13 11:48:23 Өз өміріңе өзің жауаптысың ...

Сананы басқару ең алдымен ойыңа, сөзіңе, ісіне жауапкершілік алудан басталады. Сізбен болып жатқан барлық нәрсеге тек өзіңіз жауаптысыз, тіпті жоғары көтерілсеңіз немесе кенет құлдырасаңыз да, оған қалай жауап беруіңіз өзіңізден.
Адамның толық қалыптасуы оның өзгеден көмек күтпеу керек екенін түсінгеннен басталады. Бастысы тезірек сылтау айтуды қою және өзгені кінәләмау.
Тек осы деңгейден өткеннен кейін ғана адам оған не керектігін және кім болатынын ойланған дұрыс.
Сіздің қазіргі уақытта кім болғаныңыз, сіздің өзіңіздің ертеректегі шешіміңіз. Ал сізбен болашақта кім болатыныз тек өзіңізге байланысты. Сәттілік, фортуна немесе бақ ешқалай сенің өміріңе жауапты емес.
163 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 08:48
Ашу / Түсініктеме
2021-11-11 20:12:09 Атақты миллярдер,"Alibaba" "AliExpress" "Tmail" "AliPay" "1688" group компанияларының негізін қалаушы Ма Юнь (Джек Ма)ның өмірлік қағидаларын назарларыңызға ұсынамыз:

Сомен Әлемдегі ең жолы болмаған адам осы Джек Ма шығар. KFC-ға 23 адамның ішінен жұмысқа 22-сін алып ,тек осы байғұсты жұмысқа алмаған. Полицияға жұмысқа тұрмақ болған, тағы сол осы жолы болмағыш қана жұмысқа қабылданбаған. Тізе берсең жолы болмаған кездері жетерлік. Сәтсіздіктерге қарамастан ҚАЗІР қытайдағы ең бай адам атанып отыр.

Джек Ма ешқандай сиқырлы таяқша қолданбаған, тек барлығы өзінің маңдай тері, жанкештілігі, төзімділігі және кретативті ойлай білгеннің арқасында жеткен.

Ол өте кедей отбасында туылды, қазіргі байлығы $49,2млрд бағаланып отыр.

Джек Ма былай дейді:

1. Ең үлкен сәтсіздік дегенеміз не? Ең үлкен сәтсіздік-ол күресуді тоқтату.

2.Қасыңызға ең мықты адамдарды емес, адал адамдарды топтастырыңыз.

3.Бұл өмірде ақымақтар сөйлеу үшін ауызын ғана қолданса, ақылдылар ауыз мен қоса басын да қолданады

4.Бұл әлемнің сенің айтқанына түкіргені бар. Бұл өмір де, сенің айтқаныңнан істеген ісің әлде қайда маңызды

5.Бәсекелестік шахмат ойыны сияқты. Жеңіліп қалсаңызда тағы бір ойын ойнауға мүмкіндігіңіз бар.
518 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 17:12
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 15:00:43 Егер өмірді өзгерткің келсе, онда алдымен өзіңнен бастағаның жөн. Өйткені, ең маңызды әлем сенің жүрегіңдегі ахуал. Айналамызда болып жатқанның бәрі санада туған ойдың, тілектің, сөздің сұлбасы. Тілектің қуаты – алға жылжуға итермелейтін күш. Адам өзін өзгертуі үшін төмендегі кеңестерге құлақ асқаны абзал дейміз.

1. Елді әр мүмкіндік туған сайын қолдап, мақтап отыр. Сенің мақұлдауың сол адамның рухани өсуіне тыңайтқыштай әсер етеді.
2. Ешқашан ешкімді келемеждеме, намысына тиме.
3. Адам туралы тек жақсы сөз айт. Жақсы сөз табылмаса, үндемей қал.
4. Адамның ісіне мән бер. Сонда мақтауға сөз табылады. Жалған мадақтаудан аулақтайсың.
5. Адамның жақсы қасиеттеріне ғана мән бер. Егер әлде де ол адамның бойынан бекзаттық пен даналық байқалмаса, оның бойындағы осы қасиеттерін көрсет. Сонда ол адам осы қасиеттерін дәлелдей түскісі келетін болады.
6. Адамды сынама. Сынай бастасаң, онда сын жеке басына емес, оның әрекетіне қатысты болсын.
7. Өзгенің алдындағы артықшылығыңа мақтана берме.
958 viewsBabirqyzy♡, 12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 10:34:03 Сенің әрбір еңбегің тек өзің үшін

Мектепте оқып жүргенде, ата-анамыз үшін немесе мұғалімдер, емтихан тапсыру үшін оқитын сияқты сезілетін. Сол кезде, жалқауланып ойынның түр-түрін табатын едік. Апай қарамаған кезде қасымыздағылардың жауабын көшіріп аламыз, ауырып тұрмын деп сабаққа бармай, сабақ қайталаймын деп сотка шұқылап т.б., әйтеуір шығармайтынымыз жоқ еді. Сол кезде ұрыс естімей, үй жұмысынан құтылғанымызға кәдімгідей қуанатын едік қой. Сосын мектептен кеткен соң ақырындап түсіне бастадық: кезінде білімді боп көп нәрседен хабар алу үшін сабақ оқыппыз; емтихандарға қай жағынан әлсіздеу екенімізді тексеру үшін қатысыппыз; Осылай қиналып 11 жыл оқығанымыз болашақтағы үлкен өмірге негіз қалау үшін екен ғой.

Бірақ біз көбінесе зиян шегіп, соқпаққа ұрылып, ұзын жол жүрген соң ғана осыларды түсінеміз. Егер мектепте жүргенде осыны білсек мүмкін тіпті құлшынып, оқу барысына тіпті мұқият қарайтын едік. Адамдар басынан бірдеңе өткен соң ғана оянып сезінеді, сосын өзін-өзі өзгертуді шешім қабылдайды екен.

Сондықтан сабақ оқуды қиын сезінген кезіңде бас тартпа, көңіл-күйіңді түсірме, себебі сенің қазіргі төзімің мен сабарлығың өз жан-дүниеңді байыту үшін. Қазір дұрыстап істеген әрбір ісің өз болашағыңның қаңқасын бекіту болып саналады.

Егер қазір білім жолында, арманға барар жолыңда, құлшыныс жолыңда сәл қиналып келе жатсаң, есіңде болсыншы: сенің барлық еңбектерің жарқын болашағың үшін, тіпті керемет өзің болу үшін.
1.2K viewsBabirqyzy♡, 07:34
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 08:53:24 Жеке күнделік / Мотивация pinned «Бүгінгі оқылған кітап Мэг Джей - Важные годы Бұл кітапты кімге оқу керек? -20 жастан асқан адамдар, кеңес керек болса -Балалары ер жеткен ата аналарға балдарын жақсы түсіну үшін -Жас қызметкерлеріне мотивация бергісі келетін менеджерлерге Кітаптағы басты…»
05:53
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 08:51:53 Бүгінгі оқылған кітап

Мэг Джей - Важные годы

Бұл кітапты кімге оқу керек?
-20 жастан асқан адамдар, кеңес керек болса
-Балалары ер жеткен ата аналарға балдарын жақсы түсіну үшін
-Жас қызметкерлеріне мотивация бергісі келетін менеджерлерге

Кітаптағы басты ойлар:
1)Біздің 20 жасымызда жасаған жұмыстарымыз личный активтер мен жеке ресурстарды жинауға көмектесед:

Кофейняда официант болу мен комикс аудару таңдау болса қай жұмысқа барасыз?

Егер комикс аудару болса дұрыс жолдасыз. Себебі именно ерекше жұмыстар бізге жаңа мүмкіндіктер беріп, личный активтерді құруға көмектеседі

2)Біздің 20-29 жас арасында жасаған жұмысымыз, бізге ұзақ уақытқа дейін ақша табатын жалғыз жұмысымыз болып қалады

3) Сенің болашақ карьераңа өзгеріс қажет болса, өзің кругыңдағы ғана емес басқада адамдарды бағалай алу керек

4)20 жастан кейін адамдарда шектеу өздері ойлағаннан да көп болады - бұл зат негізі жақсы.

Мәселен таңдаудың көп болуы бізді ештеңе таңдамауға әкеліп соқтырады.

Бір супермаркет мармеладтың түр түрін сатылымға қояды, ал екінші супермаркет тек 1-2 түрін ғана. Бірінші супермаркетке адам көп келгенімен олар таңдау жасай алмады, сол себепті екінші супермаркетте сатылым көп болды.

5) Біз тек өз карьерамызды ғана ойлап қоймай, адамдармен қарым - қатынасымызды да дұрыстауымыз керек.

6) Үйлену үшін әлі тым жаспын деп ойласаңыз - ол жақсы отбасы құруға себеп болмайды.

7)20 мен 30 жас арасындағы қарым-қатынасымыз өзімізді түсінуге, болашақ партнердан нені қалайтынымызды анықтауға көмектеседі.

8) Біздің миымыз тек 20 мен 30 жас арасында ғана ес жияды.

9) Өз эмоциямызды ұстай алу мен миымыздағы позитивті установкалар жетістікке жетуге көмектеседі.

Практикалық кеңес:

Егер сізге 20 жас толса - нағыз өз карьераңызбен жұмыс жасайтын уақыт келді. Сондықтан өмір тастаған вызовты қабылдап, өз мақсаттарыңды айқында. Егер 20 жасыңда жасамасаң, 40 жасқа келгенде өз қатарыңнан қалып қойғаныңды байқайсың.
1.2K viewsЧеловек вне времени, 05:51
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 19:48:53 Пайдасыз фантазияға берілмей, өз өзіңе мотивация бер.

Соңғы уақыттары жалпы индустрияда визуализация деген дүние хит болып кетті. Ол сізді жетістікке жеткізеді - бар болғаны қымбат көлікте отырғаныңды елестет, вуаля!

Кейбір ғылыми дәлелдемелер бізге визуализацияның мүлдем басқа дүние екенін айтады. Калифорния университетінің белгілі бір тәжірибесінде, бір топ студенттерге күнделікті жоғары балл алып жүргендеріңізді елестетіңіздер дейді. Ал, екінші топқа ешқандай тапсырма бермейді.

Эксперимент аяқталғаннан кейін, бірінші топ студенттері, екінші топ студенттерге қарағанда аз балл алып қалғанын байқайды.

Зерттеушілер қорытынды жасап, жақсы бағаны елестеткендер, шынайы өмірдегі сәтсіздікке дайын болмады, сол үшін оларға жұмыс жасауға мотивация жетпеді деген шешімге келді.

Сонымен визуализацияны немен ауыстыруға болады? Жәй ғана жоспар құру арқылы.

Бірде автор, салмақ тастаған адамдардан бастап темекіні қойып кеткен адамдарға дейін 5000 өз қалауына жеткен адамдарды зерттейді. Содан кейін ол мақсатына жеткендердің 90 пайызында өзіндік жоспарлары болғанын байқайды.

Ал жоспар құру үшін мақсатыңды шағын шағын етіп, әр қадамыңа бөліп алу керек. Сол арқылы сіз өзіңізді сенімдірек сезінесіз. Содан кейін ғана қымбат көлікте отырасыз.

Мақсатыңа жетудің тағы бір эффективный құралы мақсаттарың туралы достарыңа, отбасыңа айту болып саналады. Психологтар егер арман мақсаттар біреуге айтылып, жасалуға уәде етілсе орындалу ықтималдылығы тым жоғары дейді, сондықтан кешіктірме!

59 секунд кітабынан алынды.
1.4K viewsЧеловек вне времени, 16:48
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 07:50:31
Шабыттандыратын 10 фильм

1) Β пoгoнe зa cчacтьeм
2) Ηeвepoятнaя жизнь Уoлтepa Μитти
3) Πpoбуждeниe
4) Εcть мeчты — будут и путeшecтвия
5) Сoциaльнaя ceть
6) Тpи идиoтa
7) Βoин
8) Чeлoвeк, кoтopый измeнил вce
9) Авиaтop
10) Χoкинг
953 viewsЧеловек вне времени, 04:50
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 19:35:41 Саморазвитие қалай басталды?

2019 жыл. Нағыз не өшетін, не өсетін шақ. 9 сыныптың ортасы. 14 жасар Қасымхан тек көше деген дүниені білетін. Аптасына 3-4 рет кешке кетіп, ата -ананы уайымдатып, түн жарымында сағат 1-2 ге таянғанда үйіне келетін. Сондағы осы уақыт бойы не істейді? Райондағы братандардың бітпейтін әңгімесін тыңдау, Ойлаш Карл, болмайтын зат үшін, сол жерді сатып алғандай басқаларды жүргізбей, өзіміз қатарлы балдарды көрсек ұрып, тиісіп, осының бәрі не үшін? Ешқандай пайдасы жоқ дүние. Көп ойланатын болған соң, мұның бәрін не үшін істеп жүрмін? Мұның соңы қайда апарады? Менің болашағыма не пайдасы бар деген ойлар келе бастады. Солай ойланып жүргенімде көп уақыт өтпей бір райондағы братанымыз қайтыс болды. Болмайтын дүние үшін, өліп кетті. Артында әйелі, екі баласы қалды. Сенде сондай өмірді қалайсыңба? Уақытыңды құртып, дамитың шағыңда көшеде болашағы жоқ тірлікпен айналысасыңба? Басыма келген барлық сұрақ осы болды. Осы сәттен бастап көше деген затқа қатты берілмейтін болдым.

Қолыма түскен кітаптарды оқи бастадым. Мектептегі "әлем классикасы" сборнигін тауысып тастадым. Бір уақытта көзім екінші болма деген кітапқа түсіп, оқи бастадым. Аз уақыт ішінде аяқтап та үлгердім. Қызық, шынайы өмір деген осындай екенғой, өз қалауың бойынша өмір сүруге, қойған арман-мақсаттарыңды орындауға болады екенғой деп ойлай бастадым. Алдым нақты мақсаттар қойдым. Расында ол мақсаттар тіпті 25 жасар Қасым үшінде тым үлкен еді. Бұл жеке дамуыма басқан алғашқы қадамым болатын. Өзімді іштей өзгертіп, болашаққа дайындап жүрдім. Бір сәтте айналама қарасам, бірге көшеде жүрген достарым темекі шегіп бастаған. Олардың түсініктері, ойлау қабілеттері, менің көзіме тым жиіркенішті көріне бастады. Мұндай ортада кезінде қалай жүргенім таң қалдырды. Жаймендеп ол ортаданда алшақтай бастаған уақытта, 9 сыныпта аяқталды. Жалғасын кейін жазам.
623 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 16:35
Ашу / Түсініктеме