Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 46

2021-10-30 10:00:09
537 viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 14:00:11
Рокки Бальбоа деген фильмді көрген боларсыздар?

Әуесқой бокспен айналысатын бала, әлем чемпионын жеңеді. Сіздің қай жеріңіз кем, компьютер мен диванға жабысып қалдыңыз.

Оның таңғы 4 те қалай оянғанын, кроватьта отырып өз өзін мотивация бергенін елестетіп көріңізші. Сосын шикі жұмыртқаны ішіп, жүгіруге шығады. Оған сондай сусынды ішкен ұнады деп, немесе күн әлі шықпаған уақытта еріккенен жүгіреді деп ойлайсызба ? ЖОҚ!

Ол чемпионды жеңетініне сенді және оны жасады.

Мақсат + әрекет = нәтиже.
886 viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 10:00:10
«Мен неге осылай тұрмын? Кім айтқысы келеді? Мен былай үстелге шығуымның себебі: өз өзіме әр затты әр түрлі көзқараспен қарау керектігін еске салуым үшін. Көрдіңіздерме, бұл жерден әлем басқаша көрінеді. Егер сенбесеңіздер қарап көріңіздер. Сіздер бәрін білетіндеріңізге сенімді болсаңыздар да, әр затты әр түрлі көзқараспен қарау қажет, тіпті бұл күлкілі әрі бүртүрлі болса да. Сол секілді, сіздер оқыған кезде автор не айтқысы келетіні жайлы ойламаңыз. Оның орнына сіз не айтқыңыз келетінін ойлап көріңіз»

"Общество мертвых поэтов" фильмінен
1.1K viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 21:56:20 Өмірін өзгерткісі келетіндер үшін
сілтемеге өтіңіз

https://t.me/joinchat/dVt3-82zDKo2MDcy
183 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 18:56
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 14:00:13
Бүгінгі күннің кеңесі: тәртіп мотивациядан маңызды.

Иә-иә, егер сен бір мақсатқа жету үшін жасайтын істеріңді уақытылы жасамасаң, саған мотивацияның түкке де әсері болмайды .

Үлкен, әдемі үй қалайсыңба? Онда жұмысыңа ұйықтап қала беруді доғар, әйтпесе жарты жалақың желініп қалады. Саған тым құрығанда жарты сағат ерте тұру қиын ба? Онда саған тіпті жалдамалы пәтер де керек емес. Саған онсызда бәрі бірқалыпта емеспе.

Сені араңдататын, азғыратын ойлардан аулақ бол. Ешқандайда: "бір, екі рет ұйықтап алайын, ештеңе бола қоймас". Болады! Егер сен әлі өлмесең, тұр да істе. Сенің істерің жағдай мен ауа райына емес, мақсаттарың мен жоспарларыңа байланысты болу керек . Мотивация келеді кетеді, ал тәртіп әрқашан болады!
966 viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 10:00:12
Ешқашан өз өзіңе ашуланба.

Не істесеңде барлығы тек жақсылық үшін. Тіпті сенің сәтсіздігің 1 тамшы көз жасыңа тұрмайды.

Қателіктен сабақ алады. Бір рет дұрыс жасамадың ба, келесі жолы оданда жақсы болады.

Тек духың сынып қалмасын.

Сәтсіздік бәрінде болады. Ешқандай да ешқашан мұңаймаған адам болмайды.

Тура жолынан адаспаған адамда болмайды. Жетістіктің бар сыры осында. Ешқашан берілме.

Естіп тұрсыңба? Қандай жағдай болмасын ешқашан берілме.

Сенің қолыңнан келеді. Тек берілмесең болғаны.
1.1K viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 07:46:57 ТӨРТ ҚҰБЫЛАҢЫЗ ТЕҢ БОЛСЫН

Қазақта ежелден төрт құбыласы тең адам - ең бақытты адам деген сөз бар. Ал, қазіргі заманауи қоғамдағы ең бақытты адам қандай, бірге талдап көрейік

РУХАНИ БІЛІМ
Бұл ресурқа білім іздеу, кітаптар оқу, таңдаулы курстарға қатысу, діни сауаттылық пен қоғамның сан түрлі шараларын меңгеру жатады.

ДЕНЕНІҢ САУЛЫҒЫ
Өздеріңіз де білетіндей, дененің саулығы, салауатты өмір салтын ұстану, ұйқы режимін қалыптастыру, дұрыс тамақтану біздің төрт құбыламыздың екіншісі іспеттес.

ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Бұл тұста ата-анаңмен, достарыңмен, серіктестеріңмен жақсы байланыста болу маңызды. Асыл дінімізде де бір-бірімізге мейірім жүзімен қарау парыз етілген.

МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙ
Мұнда ай сайынғы табыс, материалдық бұйымдар, шет елге саяхаттау, жылжымалы мүлік сынды заттарды жатқызамыз.

Бұл төрт құбыланы теңдей ұстау үшін - адамға үлкен сенім мен еңбек керек.
Ұмытпаңыз: сенім - әрқашан сізді жеңіске жеткізеді.

Қиялға ерік беріңіздер, мидағы шектеуді алып, әрекет етіңіздер!

Армандар орындалады

Нұрбақыт Төрехан
1.2K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 04:46
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 19:11:35 Ақша психологиясы – бай болу үшін өн бойыңда нені өзгерту қажет?
Ақша психологиясы байлықтың маңызды аспектісі, өйткені ақша – бұл энергия, оның келуін үнемі сезініп, оң көзқараспен қарау өте маңызды. Қалай ақша табу керектігін түсіну үшін алдымен адамдар неге оларды жоғалтады деген сауалға жауап іздейік. Оған бірнеше себеп бар.

1. Ақшаны жақсы көру керек
Адамдар ақшаны көп жақсы көре бермейді. Ақшаны ұнату және ақшаның жағымды психологиясы неде екенін сіз айта аласыз ба? Сәл ойланыңызшы... Біреулер : "Мен оларды жұмсағанды жақсы көремін" деуі мүмкін. Онда балаға деген махаббаттың мәні неде? "Сіз онымен серуендегенді ұнатуыңызда ма?" Әрине, жоқ! Балаға деген махаббат оларға қамқорлықтан көрінеді – ақша туралы да соны айтуға болады – ақшаны сүю ол да қамқорлықпен тікелей байланысты.
Мәселен, екі әр түрлі адам өздеріне әмиян сатып алуға барды делік. Біріншісі оған жаңа әмиян керектігін ойлап барады, ал екіншісі оның ақшасына ыңғайлы болу үшін әмиян алуды ойлап баруы мүмкін. Ал енді, егер сіз ақша болсаңыз, қай әмиянға түскіңіз келер еді? Әрине, екіншісіне! Ақшаны жақсы көре білу керек! Бұл ақша психологиясы.

Дереккөз: Миллионер бол
1.3K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 16:11
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 14:00:09
Өмірде қажет болатын қабілеттер:

1. Көпшілік алдында сөйлеу
2. Сату, келісім жасау
3. Психология
4. Нетворкинг
5. Түсірілім, видео монтаждау
6. Дизайн
7. Мақсат қою, зейін қою, дұрыс жоспарлау
8. Копирайтинг
9. Блогинг
579 viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 10:00:05
Өнімділік = Оқу кезіндегі үзіліс:

— 20 минут оқу = 3 минуты демалыс.
— 30 минут оқу = 5 минут демалыс.
— 45 минут оқу = 10 минут демалыс.
— 1 сағат оқу = 20 минут демалыс.
— 1 сағат 30 минут оқу = 45 минут демалыс.
— 1 сағат 45 минут оқу = 50 минут демалыс.
— 2 сағат оқу = 1 сағат демалыс.

Үзіліссіз ешқашан 2 сағаттан көп оқыма, бұл күйіп кетуге немесе мотивацияның жоғалуына алып келеді.
872 viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме