Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 50

2021-10-13 06:32:23 Жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, бірақ қылдырған құдай емес,

ауруды жаратқан - құдай, саулықты жаратқан-құдай, ауыртқан құдай емес,

байлықты жаратқан-құдай, кедейлікті жаратқан - құдай, бірақ бай қылған, кедей қылған құдай емес

Абай(28-ші қара сөз)
1.5K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 03:32
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 17:36:48 Жетістікке жету жолындағы кеңестер:

♕1.Өз-өзіңді инвестициялау. Күнделікті өзіңмен жұмыс жасау. Мінезіңнің теріс жақтарын, әлсіз жақтарын өзгерту әркімнің өз қолында.  Және де кез-келген жерден тапқан табысыңды пайда түседі-ау деген жерге салу, яғни кірісті реинвестициялау.

♕2.«Жоқ» деп айтып үйреніңіз!  Сіз «Жоқ» деп айтпасаңыз өзіңіздің уақытыңызды толық игере де, жұмыс істей де алмайсыз.

♕3.Өзгеге ұқсаудан аулақ болыңыз. Ешқашан өзгелердің пікіріне сүйеніп шешім қабылдамаңыз. Және де адам өзін басқаларға қарап емес, өзімен ғана салыстыруы керек.

♕4.Тез әрі жан-жақты ойланып шешім қабылдаңыз. Ұзақ ойланып уақыт созғанша жылдам мәселені талдап сізге пайдалы жақтарын, атап айтқанда «маған бұл істен пайда қандай?» және  «бұл жобадан қанша кіріс табам» деген секілді сұрақтар ғана сізді мазалауы қажет.

♕5. Алдын-ала келісім жүргізіңіз. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын төлемі жайлы, қаражат мәселесін келіскеніңіз абзал, әйтпесе сізді алдап соғып кету қаупі бар.

6. Ұсақ-түйек назардан тыс қалмасын. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізесіз.

7. Өз есебіңізден өмір сүріңіз. Ешкімнен қарыз алмаған абзал. Әсіресе, кредит әлі ешкімді байытқан емес. Кез-келген жұмысты, жобаны өз қаражатыңыздан бастаған дұрыс.

8. Әрдайым бірбеткей болу. Тіпті, аз қаражат пен айтқанынан қайтпайтын бірбейткелік, талпыныс үлкен нәтиже берері сөзсіз.

9. Дер кезінде ойыннан шыға білу. Сізге пайдасыз жұмыстардан, тіпті артқа сүйрейтін жағдайлардан шыға білу керек.

10. Тәуекелге бару, я бармау жағдайларын бағалай біліңіз. Жан-жақта болып жатқан нәрселерге мұқият көңіл бөліңіз, көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бар.

11. Сіз үшін «жетістік» деген не? Соны ойланыңыз. Ешқашан жетістігіңізді ақшамен бағаламаңыз. Жетістікке жету- ол көп адамдардың сені сыйлауы мен бағалауы, құрметтеуі. Ол адамдардың сенімі мен махаббатына ие болу. Қаншалықты адамдардың сенiмiне ие болсаңыз, соншалықты жетістікке жеткеніңіз.

Nazerke Musa
1.8K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 14:36
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 08:43:24 20 минут ережесі: бәріне үлгер!

Істеріңіздің бәріне үлгеру үшін, оларды күнделікті кішкентай бөліктерге бөліп, қалдырмай орындау керек. Бұл үшін 20 минут ережесін қолданыңыз.

Күнделікті үлкен мақсатыңызға жолда кішкентай қадамдар жасасаңыз, жоспарларыңыздың қалай орындалғанын байқамай қаласыз. Сондай-ақ бұл ережені қолдансаңыз, бірнеше істі бірге алып жүріп, барлығына үлгере аласыз.

"Жасау керек еді" деген істерге күнделікті тек 20 минут бөліп отырыңыз. Ертең де дәл солай. Бірақ күнделікті қайталануын қадағалаңыз. Бір күні қажетті әр істі істеуден еріңбеңіз, бұл тек 20 минутқа ғана ғой!

Бұл ереже әсіресе студенттерге өте пайдалы. Курстық жұмысқа күнделікті 20 минут бөлсеңіз, бір аптада-ақ бітіріп қалуыңыз ғажап емес. Соңғы түні ұйықтамай сабақ жасағанша, іш пыстырарлық сабақтарға күнделікті уақыт бөліп, уақытылы бітірген абзал.

Осылайша бұрыннан бері бастауды армандаған кез келген істі тындыруға болады. Спорт, үйді жинастыру, кітап оқу және т.б. Осы әдісті қолдансаңыз, шаршамайсыз да, бар ісіңізді жасап, өзіңізге риза боласыз!

20 минут ережесі:

Күніне 20 минут спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады.
Күніне 20 минутты үйін жинастыруға бөлген адамның үйі әр уақыт таза болады.
Күніне 20 минут бар назарымен жұмыс жасаған адамның жұмысы бітпей қалмайды.
Күніне 20 минут отбасы мүшелерімен әңгімелескен адамның үйінде ұрыс болмайды.
Күніне 20 минут өзімен тілдесіп, күнделік жазып не жай өзімен-өзі жалғыз ойланып отырған адамның жан дүниесі жайлы болады.
Күніне 20 минут өзінің жиған-құртқан ақшасын сараптап, жаңа табыс көздерін іздеген адамға ақша туралы уайымдамауға болады.
Күніне 20 минут ұйықтамай, жай жатып, еш нәрсе туралы ойланбай, толғанбай, тыныштықта өткізген адамның ұйқысы әр уақыт қанып, сергек жүреді.
Күніне 20 минут кітап оқыған адам кез келген салада білікті маман бола алады.
1.8K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 05:43
Ашу / Түсініктеме
2021-10-11 17:15:05 https://vm.tiktok.com/ZSeLJEk4F/

Қайырлы кееш, тиктокта жаңа видео шықты, сілтемеге өтіп, ұнаса лайк басып, міндетті түрде прочені рекке шығуға көмектес
307 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 14:15
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 08:24:31 Әлемде тек жалғыз адам бар, сені көрге де, төрге де сүйрейді - ол сен!
1.6K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 11:28:16 РОБЕРТ КИЙОСАКИДЕН АЛТЫНҒА ТЕҢ КЕҢЕСТЕР:

- Бастыққа немесе iрi компанияга жұмыс iстеу акша мәселесін шешпейді.Сен бастыкты, компанияны-ғана байытасың.

- Қазіргі заманда қаржылық білім алуың, акылды болуын шарт, оңай күндер өтіп кетті...

- Ең кедей, ең бейшара, ең бақытсыз, ең сәтсіз адам - "ертең" сөзін көп қолданатын адам.

- Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүрудi құлай-құлай үйренеміз. Бизнестін жолы да солай. Неліктен коғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал женiс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмiн де татқандар Сәтсіздік ол жетістікке жетудiң бір бөлігі, Сәтсiздiкке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жеье алмайды

- Менде өте көп ақша болған кезде, бір проблема туындайды. Оларды жетерінше тез инвестиция-қыла алмай қаламын. Себебi инвестиция қылып боламын дегенше одан-да көп ақшалар келе береді, келе-береді.
Дұрыс таптың байлар осылай байый бередi. ......

- Бос уақытымды тиiмдi пайдаланғанымның арқасында мен қазір баймын.

- Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл ... шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсылық пікір көп танытады
2.0K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 08:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 19:55:35 -Тұлғалық дамуды неден бастаймын?

-Өмірімді өзгерткім келеді?

-Өзімді таппай жүрмін?

Өзгергісі келетін, дамығысы келетін адамдардың басындағы, басты проблема осылар.
Сіздерге ең жақсы кеңес, дамуды, өзіңіздің табуды, жақсы кітап оқудан бастаңыздар.

Статистикаға сүйенсек, адамның миы, тек кітап оқыған кезде жақсы жұмыс жасап, жаңа идеялар келе бастайды. Өміріңізді өзгертуге 10 кітаптың өзі жеткілікті, ал сол 10кітапты табу үшін 1000даған кітапты оқып іздену керек.

Кітап оқитындар, теледидар қарайтындарды басқаратыны тағы бар, сондықтан даму үшін, өміріңді өзгерту үшін кітап оқудың рөлі өте жоғары, мұның бәрін неге айтып отырмын?

Себебі сіздерді Жеке Кітапхана” каналыма шақырғым келіп отыр.
Мұнда өміріңізді өзгертуге көмектесетін кітаптарды табасыз, әрі кітап оқуға құлшынысыңыз артады.

Өзгеруді қазірден баста, каналға өтіп өзіңе керегін ал

Сілтеме төменде:

https://t.me/jeke_kitap
2.1K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 16:55
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 19:33:58 Егер дұрыс пайдалана білсеңіз, өмір – ол айтарлықтай ұзаққа созылатын нәрсе
1.9K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 16:33
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 06:49:47 Мұхаммед Әлидің қанатты сөздері

1. Қазір шыда.
Мен жаттығудың әр минутын жек көрдім, бірақ өзіме айттым: «Берілме. Қазір шыдап бақ, сосын кейінгі өміріңді чемпион сияқты өткіз».
Қазір шыда, бағаңды қазір бер, беретін бағаң жоғары болсын, ол оны ақтайды. Табыс үшін баға, жеңіліс үшін берілетін бағадан әлдеқайда төмен. Ұзақ мерзімді табыс үшін сәтсіздіктеріңізге қарағанда аз төлейсіз, қазір төлеп, ал қалған уақытта чемпион ретінде өмір сүріңіз.

2. Армандаңыз, қиялдаңыз, елестетіңіз.
«Чемпион спортзалда чемпион атағын алмайды. Чемпион бір нәрседен туылады, оның ішінде – арман, қиял, көрініс бар»
Сіздің жеңіске жететін ыстық ықыласыңыз бар ма? Сізді түні бойы ұстап, таң ертең тұруға септігін тигізеді ме? Ішкі елестетуі арқылы чемпион жетістікке жетеді, олар осы бейнені өмірде іске асырғысы келеді. Чемпиондар мақсатына жетпегенше ешқашан тоқтап қалмайды, олар тоқтай алмайды, олардың миссиясы бар.

3. Өзіңізді сендіріңіз.
«Көбелек сияқты ебеле. Ара сияқты шақ. Ешкім Мұхаммед Алиді жеңе алмайды!»
Али айтқан: «Бұл сенімді қайталау наным-сенімге апарады. Наным-сенім терең сенім болып, ойлаған нәрселеріңіз іске асады». Біреу сендіргенді күтпеңіз, өз-өзіңізді сендіріңіз. Али мұны әр кез істейтін.

4. Өзгеріс.
«Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты».
Сіздер өзгеру керексіздер. «Өзгеріс» жиі жаман абыройды иеленеді. Егер сізді бір жыл көрмеген адам кездестіріп, «сен өзгеріпсің» десе, сіз «рахмет» деп жауап қайтарып беруге міндеттісіз. Өмірде барлық нәрсе өзгеріске ұшырайды, өседі, жетіледі. Сізде бір үлкенге айналу керексіз.

5. Өз қанаттарыңызды пайдаланыңыз.
«Қиялы жоқ адам, қанатсыз болады».
Қанатын қолданбайтын құс ұзақ жол жүре алмайды. Біз адамбыз, алайда біздің қанатымыз бар – ол біздің қиял.

6. Мақсат бұл барлығы.
«Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым».
Сіздер әр таң өз мақсаттарыңызға үзінді келтіре алу керексіздер. Оларды әр күн қиялдау қажет. Мақсат – бұл барлығы, сіз оған мұқтажсыз, оларға жету үшін сізге жоспар қажет.

7. Табысқа дайындал.
«Шайқас куәгерлерден шалғай жерде, жаттығу залында, жеңіс немесе жеңіліс тапқан».
Сіздер армандарыңыз орындалғанда табысқа жетпейсіздер, сіздер тап қазір табыс немесе жеңіліс тапқан жансыздар. Сіздің күнделікті әдеттеріңіз сізді анықтайды, мәселе «жарыққа» бара жатқаныңызда емес, «жарыққа» қалай баратыныңызда.
2.1K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 03:49
Ашу / Түсініктеме
2021-10-03 17:28:55 Сен басқаларға түсіндіруге міндетті емес 6 жағдай.

1.Жан ауруы.
Сен іштей сезініп тұрған ауруды басқаларға түсіндіруге міндетті емессің. Егер сен оны сезініп турсаң, ол шын ауру, демек бұл жағдай саған ұнамайды, сен бұл жағдайда артық тіпті бір секунд қалуға мәжбүр емессің. Адамдардың бұл шынымен де сенің жүрегіңе батып жатқанын түсініп, құптауын күтудің қажеті жоқ. Сенің ішкі дүниеңде не болып жатқанын ешкім сенен артық түсінбейді. Ешкім саған қалай жақсы немесе жаман, қалай дұрыс немесе қалай теріс екенін сенен артық білмейді. Жайғана, үндемей сені бақытты, ал өміріңді тұрақты ететін шешімдерді қабылда! Басқалар не ойласа да, ол олардың жұмысы.

2. Өз армандарың.

Сен өз армандарыңды басқаларға түсіндіруге міндетті емессің! Басқалар үшін сенің армандарың орындалмастай биік, немесе жеңіл желпі көрінуі мүмкін, бірақ ешкім сенің армандарыңды бағалауға құқылы емес, ол сенің ең жақын адамың болсада. Үлкен, биік армандарды армандау ол өз идеяларыңды шындыққа айналтыру, өз сүйген жұмысыңмен айналысу, өзің қалағандай өміріңді өзгертіру дегені. Ең бастысы сен армандарыңа сен және арекетің тоқтатпа. Басқалар сенсе сенбесе өздері білсін, ал сен сені бақытты, өміріңді тұрақты ететін шешімдерді қабылда!

3. Өз қабілетің.

Егер сен кітап немесе музыка жазғың келсе, өзіңді нақты бір салада зеректімін деп санасаң, техникалық зерттеулерге бейім болсаң, не болсада, сен өз қабілеттеріңе күмәнданба. Осы бір салада профессионал емеспін деп ұялудың, оны жасырудың немесе басқа адамдарға қабілитті екенің дәлелдеудің қажеті жоқ. Өзгелердің айтқанына қарамастан, өзіңе ұнайтын нәрсені жаса.

4. Сен қабылдаған шешімдер.

Бұл сенің өмірің және оның барлық аспектілері сенің жеке шешімдеріңді талап етеді, өйткені сен олардың нәтижелеріне жауапкерсін. Өзгелердің сенің шешімдерің тұралы ақылсыздық деп санайтынына «иә» деп айтудан қорықпа. Барлық адамдардың саған "олай жасама, бұлай жаса" деп сенен күтетін болжалдарына «жоқ» деп айтудан қорықпа. Әрине, ең бастысы сен өзің соны қаласаң. Қалай болған күнде де, шешімдерің қәте болып шықса да, соңында нәтижелер үшін басқаларды айыптауға қарағанда, жауапкершілікті өзіңе алған жөн.

5. Сен тап болған эмоциялық сарқылу, қайғы немесе тоқырау.

Кейбіреулер сен жай ғана ақтанып жатсың дейді, бәрін асыра айтып жатсың дейді. Саған әлсізсін, не болса да шыда деп айтуы мүмкін. Бірақ олар сенің ішінде не болып жатқанын, бұның бәрі қандай сезім екенін, бұның қандай рухани азап екенін білмейді және ешқашан біле алмайды. Осы жерден # 1 пункттағы сөздерге қайта оралуға болады. Сенің сезімдеріңе сенбейтіндерді тыңдауды тоқтат.

6. Сен үстанған қағидалар, ұстанымдар.

Біреулерді сенің қағидаларың немесе өмірлік ұстанымдарың тітіркендіруі мүмкін, ал кейбіреулердің қағидалары сені тітіркендіруі мүмкін. Және бұл қалыпты жағдай. Жер бетінде миллиардтаған адам бар. Біз бәріміз басқашамыз, бір-бірімізге ұқсамайтын адамдармыз, бәріміз әр түрлі көзқарастармен өмір сүріп жатырмыз. Егер сенің қағидаларың сені бақытты етсе және өміріңе жақсылық алып келсе, онда сен бәрін дұрыс істеп отырсың. Өзгелер үшін оларды өзгертуге болмайды.
2.3K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 14:28
Ашу / Түсініктеме