Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 49

2021-10-18 19:42:57 Бір күні күн жойылады. Адамзат бағындырған шыңдар, маңызын жоғалтады. Тіпті, Абай Құнанбаевта ешкімнің есінде қалмайды.
Мен болмаймын, сіздер болмайсыздар тек космостағы қап қараңғы түнек пен тыныштық қалады.

Осыны түсінгеннен, біздің құттай проблемамыз бессмысленно екенін байқауға болады. Адам орташа есеппен шамамен 80 жас өмір сүруге уақыты бар, егер сәті түссе. Сонда да, кейбірі бірнәрсені жасауға қорқып, өз-өзінен ұялады.

Кез келген мен қалдырған із, белгілі бір уақыт аралығында уақыт деген құммен көміліп қалады. Сіздіңде ізіңіз солай. Алғыңыз келетін затты алыңыз. Айтқыңыз келетін адамға айтыңыз. Қателесуден қорықпаңыз.

Өмірдің мәні ол бір құпия немес терең нәрсе емес. Өмірде мән жоқ. Кішкене шағын ғана заттар бар сізді бақытты қылатын. Айналаңыздағы бүкілі еститіндей, күліңіз. Сүйікті свиттеріңізді су-су қылып, жылаңыз. Ішіңіздегі көбелектер Sandstorm деген трэкке билетіндей етіп, ғашық болыңыз.

Біз жәй ғана пендеміз мына әлемлдегі жалғыз ойлана алатын тіршілік иесі. Сондықтан пенде бақытты бол, қателіктен қорықпа.
1.1K viewsЧеловек вне времени, 16:42
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 15:33:22 Егер сен бәрінен шаршап кетсең, өнімділігің (продуктивность) түсіп кетсе, ал, бұл проблемаға өзіңді кінәлап жүрсең, онда бұл тред точно саған арналады.

Көз алдыңа елестетіп көрші: сен машинамен келе жатсың, бензин таусылып қалды. Әрі қарай жүруді жалғастырасыңба? Әлде белгілі бір уақытыңды құртып заправкаға барасыңба? Бензинсіз ешқайда кете алмайтын болғасын, значить екінші вариант миға қонымды.


Әрине, сен машинаны түсіп, итеруің мүмкін, бірақ, олай тек өзіңді әбігерге саласың, ұзаққа баруың да екі талай.

Сен әрине машина емессің, бірақ сонда да, саған заправканың орнына “демалыс” керек. Сәл уақыт өзіңе демалыс алып, күш жинаудың несі жаман?

Сенің энергияңның, ресурсыңның, күш-қуатыңның қайта қалпына келуіне жұмсалған уақыт ол бос құртылған уақыт емес. Мысалы телефоныңды босқа зарядтап жүрмін деп ойламайсыңғой, ведь зарядкасыз телефоның істемей қалады.

Өзіңе демалыс жаса. Кітап оқы, сериал қара немесе просто демалып жат ештеңе істемей. Бұл пайдалы. Ал келесі текстте ғылыми дәлелдеме.

Адамның фокусы тек 40-45 минут ғана миға ақпаратты жақсы қабылдайды. Ал, кейін мидың қабылдау мүмкіншілігі төмендеп кетеді. Сондықтан әр 40-45 минут жұмыс, сабақтан кейін демалған дұрыс.

Дальше жалғастыру тіптен бессмысленно, өйткені продуктивность 40% ке түсіп кетеді.

Өзіңді шаршатпа, демалып істеген жұмысың, оқыған сабағың уж точно демалмай жасаған жұмысқа қарағанда продуктивно болады.
1.3K viewsЧеловек вне времени, edited  12:33
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 12:26:02 Адамның қай кезден бастап қартаятынын білесіз бе? Арманның орнын өкініш басқан кезден бастап.

Chang Seok Joo
134 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 09:26
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 17:55:27
Алдағы уақытта оқылу керек +25 “бизнес литература” кітаптар жинақтап қойдым. Егер тізім қызықтырса сілтеме арқылы өтіп, тіпті оған кітапта қоса аласыздар. Бәріміз бірге өзімізді дамытайық. https://livelib.page.link/37mfTSkKWeg92Mdy7
90 viewsЧеловек вне времени, 14:55
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 16:10:22 Луиза Хей өмірлік кеңестер:

1. Өткен мәңгілікке кетіп қалды. Бұл нақты факт және ешнәрсені өзгерте алмайсың. Бiрак өткен туралы ойларынды өзгерте аласың. Алайда, сол сәттегі қателіктер үшін өзіңді кінәлі санағаның ақымақтық болады.

2. Біздің таңдауымыз керек. Өзімізді кешіріп және киын сәттерді босатуымыз қажет.

3. Өзiмiз туралы не ойлаймыз, бiз сол калыпқа айналамыз. Әр ой бiздiң болашағымыз.

4. Өзіңе риза болу және өзіңді қабылдау - өмірдің жақсы жағын бастаудың кілті.

5. Өзіңді жақсы көру және өзіңді мойындау арқылы тұлғалық өмір сүріп жатқаныӊды растайсың және Құдайға берген өмірі үшін алғыс айтасың.

6. Не бересің, соны қайтадан аласың.

7. Өзгені өзгерткенше, бірінші өзіңді өзгертуге тырыс. Көзкарасыңды, ойыңды өзгерт.

8. Басканың ойына сүйеніп, басканың пікір абақтысынан босаныз, дұрыс емес ойлар өте қауіпті.

9. Егер де өмірде оңай істер болып жатқан болса, бұл сабак болмайды, тек біз бұл нәрселерді білеміз.

10. Өзіңе критика айту (өкпе-реніш, айып тағу) - эгоның іске қосылуы. Өзіңнің миыңды өзіңді жаман сөздермен қорлауға үйретіп қойғансың. Дәл қазір ойына жаман ойлар келіп жаткан болса, назар аудармауға тырыс.
484 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 13:10
Ашу / Түсініктеме
2021-10-17 09:31:25 Өмірімізді құртатын жаман әдеттер

“Кінәліні іздеу”

Біз басқа адамды іздейтін болсақ, өз ісімізге өзіміз жауапкершілік таныта алмайтынымызды дәлелдейміз. Өйткені сіздің әрекетіңізге/таңдауыңызға сіз емес, сыртқы фактор әсер етті

“Болмашы нәрсеге алдау”

Бәрі жақсы адам болып көрінгісі келеді. Кейде ондай әсер қалдыру мүмкін болмай жатса, адамдар өзінің жетістіктері жайлы кішкене өтірік айтып жібереді. Ертелі кеш шындық ашылады, ол адаммен қарым-қатынасы бұзылады, кейін өзінің самооценкасынада әсер етеді.

“Сезімдеріңді жасыру”

Кейде біз өз эмоциямызды жасырып жатамыз. Бұл біздің шынайы көрсетуге қорқатынымыздың белгісі. Егер гармонияда өмір сүргің келсе, анализ жасап көр. Сені не шектеуі мүмкін?

“Шағымдану және ренжу”

Кейде, ештеңені жақтыртпайтын адамдарды кездестіріп жатамыз. Ондай адамдармен ешкімнің сөйлескісіде келмейді. Ең алдымен сіз мұны не үшін жасап жатырмын деп ойлаңыз, сізді аяу үшін бе, әлде сізге шағымданған ұнайдыма? Кез келген жағдайда бұл өзіңе деген сенімділікті арттырмайды.

“Соңына дейін шыдау”

Егер біз дер кезінде бастартпайтын болсақ, ішімізге сақтап жүрсек, ертелі кеш ол сезімдеріміз соңы жақсылыққа апармайтындай сыртқа шығатын болады.

“Біреуге бірдеңе дәлелдеу”

Егер сіз әрдайым біреудің ойымен келіспей қалсаңыз, мейлі сіз дұрыс болыңыз, сіз ол адамнан алшақтап кетесіз. Басқа адамдарда өз ойын ашық айтуға құқылы.

“Бәрін мінсіз етіп жасау”

Перфекционизм - бұл күшті нәрсе, сондай ақ, бұл невроздың бір бөлігі.
Өйткені мінсіздік - субьективті түсінік болғаннан кейін, бізге не зат мінсіз екенін тек өзіміз шешеміз.

“Табысты ретсіз жұмсау”

Егер біз, ақшаны ретсіз көп жұмсап қойсақ, система деген шеңберге түсіп, шыға алмай алмай қаламыз. Сондықтан әр табысқа анализ жасаңыз, аса керек емес заттарға ақша құртпаңыз. Өз финанс жағдайыңызды өсіруге тырысыңыз.
369 viewsЧеловек вне времени, edited  06:31
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 10:17:23 Ғылым мен өнер адамы үшін фәниден бақиға барар жол біреу-ақ - тоқтамай еңбек ету, жұмыс істеу. Басқаның бәрі алдамшы.

Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"
972 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 07:17
Ашу / Түсініктеме
2021-10-14 07:57:14 Кімді ақылды деп есептеуге болады? Жетуге болатын мақсаттарды ғана көздейтін адамды.

(с) Фома Аквинский
929 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 04:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-13 16:39:56 "Кедейлік психологиясы"
Одан қалай арылады?

Өзіңізді аяуды доғарыңыз! Өзіңізді жұмыстан шаршаған кезде қамшылай білу керек. «Ой, мен кеше 4 сағат ұйықтадым. Түнде кеш жаттым…» деген сияқты сылтауды жинастырып қойыңыз. Сіздің ұйықтаған емес, ұйқыдан тұрған уақытыңыз маңызды. Жұмысыңздан бос кезде басқа іспен айналысып, үнемі өсу үстінде болыңыз!

Қыңқылдай бермеңіз! «Менің айлығым аз… Неге осы ақша жетпейде екен…» таныс сөздер ме? Енді ұмытыңыз! Осы сөздерді айтқаныңызға қанша уақыт болды? Содан бері осы сөзді тыңдаған адам сіздің айлығыңызда көбейтіп, ақшаңызды жеткізіп жеберді ме? ЖОООҚ! Демек бұл сөздерден пайда жоқ. Өзіңізді мүжіп тастайсыз…

Ашкөздікті қою керек! Адамдар өте қанағатсыз… Оны сіз де білесіз! «Кедей: «бай болсам»- дейді, бай: «Құдай болсам»-дейді. Барыңызды бағалай білу керек! Бағасын білген кезде ғана ол өзінің мөлшерін көбейте түспек.

Барлығын ақшамен байланыстырмаңыз! Көп ақша сәттіліктің, бақыттың, қуаныштың кілті емес! Олай болмаған, болмайды да! Сондықтан долларларыңызды нақты неге жұмсайтыныңызды ойлаңыз!

Өзіңізді салыстырмаңыз!
«Арман менен күшті, себебі оның көлігі менікінен қымбат… Мараттың менікінен көп малы бар…» Бос әңгіме! Сізде де олар болады, тек жұмыс істеңіз. Ондай байлық біреуге оңай келуі мүмкін, бәлкім сізге керісінше. Ол үшін біреуді жазғырмағыңыз!

Барлығы бірден болмайды!
Осыны мықтап ұғып алу керек, мысалы сіз саудамен айналысып бастапқы жылы көп шығынға ұшырадыңыз делік. Одан сіздің ешқашан сауда да жолыңыз болмайды деген тұжырым шығармау керек. Бәлкім келесі де бәрі басқаша болатын шығар!?
1.4K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 13:39
Ашу / Түсініктеме