Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 48

2021-10-23 16:52:50 «Есіңізде болсын, сіздің қандай адам болуыңызға геннің 15% ғана әсері бар. Ал қалған 85%-ы сіз жүретін орта, сіз оқитын газет-журнал, сіз үлгі тұтып ұқсауға тырысатын тұлғалар екені дәлелденген. Сіз көп уақыт қандай адамдармен араласасыз, солардың көзқарасын, әдеттерін, ұстанымын, энергиясын өзіңізге жұқтырасыз. «Досыңды көрсет, сенің кім екеніңді айтамын» деген сөз бекер айтылмаса керек.

Кімнен туылдыңыз, ол маңызды емес, қазір кімдермен араласып, кімдермен тұрып жатырсыз және қандай өмірді армандап, кімдерге еліктеп жүрсіз, сол маңызды.»

Өрлеу
888 viewsЕркебұлан Сатыбалды, edited  13:52
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 16:23:36 Қайырлы кеш!!! Øzger 1 марафонына тіркелу жабылды.
108 viewsФеру♡, 13:23
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 13:00:11
“Øzger 1” -мен өміріңді өзгерт

Кез келген жерде жетістікке жетудің 90% өзімізге байланысты, яғни ойы, сөзі, көзқарасы, сенімі түзелмесе, ісі алға баспайды.

Сенің бүгінгі күнің, кешегі әркетіңнің жемісі.
3 миллионердің жанында жүрсең 4-сі сен боласын. 3 ақымақтың жанында жүрсең 4-сі сен боласын. Сондықтан саған тек қолдау білдіретін орта тап.

Илон Маск, Билл Гейтс секілді ұлы тұлғаларды ұлы еткен әдеттерді біздің марафонымызға қатысып, сізде әдетке айналдыра аласыз. Марафон тегін, алайда орын саны шектеулі. Сондықтан жазылуға асығыңыз. Ол үшін менеджеріміздің телеграм парақшасына “қатысамын” десеңіз, жеткілікті.

Менеджер: @qiiyaal
295 viewsЧеловек вне времени, edited  10:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-22 12:51:45 «Өз өмірің – өз қолыңда», иә, бұл ұстанымға біреу сеніммен, біреу келіспей, күдіктене қарайтыны белгілі. Егерде сіз шын мәнінде өмірде өз орны бар, адамзаттың дамуына үлес қосар, ұлы тұлға болуды қаласаңыз, «өміріңіз өз қолыңызда» екеніне сенуге міндеттісіз. Ал сенбесеңіз, тұрмыс жағдайыңызды, болашағыңызды арманыңыздағыдай жақсарта алмайсыз. Әрине, бұл жол тікелей кедейлікке, бейшаралыққа бастайды. Сіз өміріңізде өзінің бар ақшасын лотерея билетіне тігіп, «сәттілік маған қашан күліп қарайды» деп күтіп отырған бизнесменді көрдіңіз бе? Өздері лотерея ойнатпаса, олар оған сенбейді. Кей сәттерде көңіл көтеру үшін болмаса, табысты адамдар еш уақытта лотерея билеттерінен үміттенбейді. Неге дейсіз бе? Олар өзіне және істеп жатқан ісіне ғана сенеді. Сондықтан өркендеуге, өрлеуге, табысты болуға бет бұрсаңыз, сәттілікті өзіңізден күткеніңіз абзал. Теледидарға телміріп ұтысты армандағанша, айналаға көз салып, «арман» «болған ақша сомасын қалай табуға болады? » арман болған мақсатыңызға, үйіңізге, көлігіңізге, қалай қол жеткізуге болатынын ойланыңыз
515 viewsЕркебұлан Сатыбалды, edited  09:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 20:56:39 Сәтсіздіктен сабақ алу

«Пенде болған соң қателесеміз, өзгерістің, жетістіктің ертегідегідей тез болғанын қалаймыз. Іс жүзінде олай емес! Кез келген жетістік уақытты, еңбекті талап етері сөзсіз!

Десе де, көпшілігіміз бірінші, екінші сәтсіздіктен кейін-ақ арманымыздан бас тартып, «Бұл мен үшін емес!», «Менде шешендік өнер жоқ!», «Менің қолымнан келмейді!» деп істеп жүрген ісімізді орта жолдан тастап кете саламыз. Осылай мақсатымыз жолындағы күресте оңай жеңіле саламыз!

Көз алдыңызға елестетіңізші, егерде жаңадан жүруді үйреніп жүрген нәресте бір-екі құлағаннан кейін «Мұнымнан түк шықпайды!» деп жүруді үйренуді тоқтатса, ол болашақта өзінен-өзі жүріп кете ала ме? Олай бола қоймас.»
«Әр жығылған сайын нәресте келесі талпынысын тоқтатпайды. Үлкендер сияқты жүруге деген ұмтылысы соншалық, әрбір сәтсіздігінен сабақ алып, үстел жағалап, кереге жағалап, ақыры жүруді, жүгіруді үйренеді.

Сіз бен бізге керек үлкен бір қабілет – сәтсіздіктен сабақ алу. Ұлы адамдардың өміріне көз жүгіртетін болсаңыз, олар сәтсіздіктен сабақ алудың шебері екеніне тәнті боласыз.»

“Өрлеу”
316 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 17:56
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 20:35:55 «Жақсы болсын, жаман болсын, кез келген әдет өз нәтижесін береді! Табыс шыңына көтерілгісі келген адам міндетті түрде әдеттердің күші мен билігін бағалай білуі керек. Ол өзінің құрдымға кетіретін әдеттерін анықтай біліп, тез арада кейінірек әдетке айналып, табысқа жетуге көмегін тигізетін әрекеттерді жасауы міндетті.

Д. Пол Гетти»
396 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 17:35
Ашу / Түсініктеме
2021-10-21 16:03:37 Бірде банк тонауға барған ұры банктің ішіне кіріп, былай деп айқайлайды: «Қозғалмаңыздар. Ақша мемлекеттікі. Өмір өзіңіздікі» дейді. Барлығы тынышталып қалады. Бұл – «Адамның ойлау жүйесін өзгерту» деп аталады.
Үстелдің үстінде жатқан әйелге ұры: «Мәдениетті болыңызшы, бұл зорлау емес, ұрлық» деп айқайлайды. Бұл – «Кәсіби болу» деп аталады. Өз ісіңізді ғана істеу.
Банк тонаушылар үйлеріне қайтқанда, кіші ұры (үйренуші) үлкен ұрыдан (6 жылдық тәжірибесі бар адам): «Аға, қанша ақша алғанымызды есептейік?» дейді. Оған үлкен ұры ашулы түрмен: «Сен ақымақсың. Ақшаны санау үшін бізге көп уақыт керек. Бүгін теледидардан қанша ақша ұрлағанымызды айтады» дейді. Бұл – «Тәжірибе» деп аталады. Қазіргі кезде қағаздағы жазулардан гөрі, тәжірибе маңыздырақ.
Тонаушылар кеткен соң банк менеджері басшысына xабарлап, дереу полицияға xабарлауды сұрайды. Бірақ, банк басшысы оған: «Тоқтаңыз. Банктен өзіміз үшін 10 млн доллар алып, оны бұрын иеленіп алған 70 млн долларға қосайық» дейді. Бұл – «Ағыспен бірге жүзу» деп аталады. Яғни, жағымсыз жайтты өзіңе пайдалану.
Басшы: «Әр ай сайын ұрлық болып тұрса ғой» дейді. Бұл – «Жеке бас бақыты жалықтыратын жұмыстан маңыздырақ» деп аталады екен.
Келесі күні жаңалықтардан банктен 100 млн доллар ұрланғандығы туралы xабарланады. Ұрлықшылар мұнша сома ұрлағандарына сенбей қайта-қайта ақшаларын есептеді, бірақ, олар 20 млн доллар ғана ұрлаған. Ұрылар қатты ашуланып: «Біз 20 млн доллар үшін өмірімізді қатерге тіктік пе?» дейді.
Банк менеджері 80 млн долларды саусағының ұшын қимылдатпай алып алды. Сондықтан, ұры болғаннан гөрі білімді болған дұрыс. Бұл «Білімнің құны алтынмен бірдей» деп айтылады.
Банк менеджері бақытты еді. Өйткені, оның шығындары осы ұрылар арқылы жабылып кетті. Бұл «Мүмкіндікті пайдалану» деп аталады.
Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?

Ағылшын тілінен аударған – Балнұр Қожагелді
918 viewsЧеловек вне времени, 13:03
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 21:09:25 Сіздің миыңыз туралы қызық ақпаратпен бөлісейін. Сіздің санаңыз бен түпсанаңыз ойларыңызды әрдайым шындыққа жанастырғысы келіп тұрады. Сондай-ақ сіздің қойған арман, мақсаттарыңызды да шынайы еткісі келеді. Ол мұны сіздің әркетіңізсіз автоматты түрде жүзеге асырады.

Сіздің қазіргі жасап жатқан іс әрекетіңіз ойлаған ойларыңызға тікелей қатысты.

Мысал ретінде түсіндейін:
Сіз бірнәрсені бастамас бұрын, бір жерге бармас бұрын т.с.с басыңызда “бәрібір ештеңе шықпайды” деген ой келіп тұрса, мұның шындыққа айналуына миыңыз барынша сылтаулар іздей бастайды.

немесе мынандай ситуация болсын:
Азанмен ерте ояндыңыз, миыңызға ең бірінші келген ой “уаууу қандай керемет күн” болса, дәл сол схема бойынша миыңыз күніңіздің жақсы өтуін барынша шындыққа айналдырғысы келеді

Сіздің хоббилеріңізбен де дәл солай (сурет салу, әңгіме жазу, өлең шығару т.б) егер сіз өзіңізді талантсызбын, қолымнан түк келмейді десеңіз миыңызда артблок пайда болып, шабытыңыз өліп қалады.

Сондықтан біздің дұрыс ойлауымыз, дұрыс кітап оқуымыз, дұрыс подкаст тыңдауымыз, аффирмация, визуализация жасауымыз барынша маңызды.

Өзіңе сен. Жетістікке жеткеніңді ғана ойла, миыңды қоқыс ойлармен толтырма.
945 viewsЧеловек вне времени, 18:09
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 17:20:17 Қыран құсты қыран етіп, аспанға самғатқан екі қанаты, ал адамды адам етіп, қырандай самғaтатын, арманы мен мақсаты.
1.2K viewsЕркебұлан Сатыбалды, 14:20
Ашу / Түсініктеме