Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 45

2021-11-03 15:09:07
https://t.me/joinchat/G2t1BwlqT4o3NDg6

Каналымыздың чаты. Көптен ойландырып жүрген сұрақтар болса, дамуды қалай бастарыңды білмей жүрсең, кез келген уақытта сұрауыңа болады. Өзің секілді орта құрастыруға мүмкіндік.
1.1K viewsЧеловек вне времени, 12:09
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 14:00:09
SLEEP ROUTINES

Ұйқы алдында:

• Ұйқы алдында 1-2 сағат бұрын телефоныңды таста.
• Кітап оқы.
• Йога немесе медитациямен айналыс.
• Түймедақ пен бал қосылған шәй ішіп ал.

Ұйқы кезінде:

• Телефоныңды алысқа қуаттағышқа қосып қой.
• Бөлмеде бір қалыпты, ыңғайлы ауа температурасы болған дұрыс.
• Көзге арналған бетперде қолдан.
• Барлық жарық көзін өшіріп қой.

Ұйқыдан кейін:

• Терезені ашып, бөлмені желдетіп ал.
• Өзіңе дәмді таңғы ас әзірле.
• Ұйқыдан тұрған кезде лезде су іш.
• Күлімде.
1.2K viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-03 10:00:09
Телефондағы будильникті қалай дұрыс пайдалануға болады:

1. Мақсаттарыңды еске алу. Будильникті 6-00 ге қойып, «имя сигнала» деген жерге 1 мақсатыңды жазу. Осындай әдіспен өзіңнің 10 мақсатыңды жазып шық. Сол кезде күні бойы не нәрсеге ұмтылып жүргеніңді, бұның бәрін не үшін бастағаныңды есіңе түсіріп отырасың.

2. Аффирмацияларды еске алу. Күніне 5-10 будильник қойып «имя сигнала» деген жерге позитивті сөздерді жазып қой. Қайталанған сайын сол сөздер сенің санаңда сақталып қалатын болады.
459 viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-02 14:00:09 Уақыт! Сіз осы сөйлемді оқып отырғанда 1 минутыңызды жоғалтасыз. Сіздің 1 минутыңыз менің сөзімді тыңдауға кетті. Байқамаған боларсыз бірақ? Уақытыңыз қайтадан оралмайды. Былайша айтқанда мен сіздің 1 минут уақытыңызды алдым. Одан маған және сізге пайда қандай?

Сіз сол 1 минутты үндемей отырып өткізе аласыз, немесе көзіңізді жұмып өткізе аласыз болмаса тағы басқа. Ал уақыт өтеді. Ол сіздің еркіңізге бағынбайтыны анық. Яғни біз уақытты тоқтатып қалпына келтіре алмаймыз. Ол сырғып жатыр....

Бізге енді қайтпек керек? Елестетіңіз: сізге бір құбырдан су үздіксіз ағып жатыр. Екпіні қатты, тоқтататын краны жоқ. Қашан тоқтайтынын білмейсіз. Сіздің әрекетіңіз қандай?

Мысалы мен қолымдағы, жанымдағы ыдыстарды, көзге көрінетін ыдыстардың бәрін толтырып алар едім. Өзім қанғанымша ішіп, жуынып бәрібір жүріп жатырғой далаға кеткенше қолданып қалайын деген оймен қимылдар едім.

Сіз ше? Мен секілді ме? Уақыт деген дүние де сондай. Адамның өмірдегі уақытын кері қарай санайтын таймерде "пауза" батырмасы жоқ. Және сандарын да көре алмайсыз. Тек дауысын естисіз. Ол жүріп жатыр. Қайдан дейсіз бе? Жер бетіндегі барлық сағаттың тырсылынан. Тырс. Тырс. Тырс...

Сайып келгенде бізде 1 ғана амал қалды. Ол уақытымызды текке кетірмеу. Әрбір минутыңызды пайдалы іске жұмсау. Кітап оқыңыз, қызықты ақпараттармен танысыңыз, физикалық жұмыстар жасаңыз, жақындарыңызға көмектесіңіз, көңіл көтеріңіз, тіпті болмаса әлеуметтік желіге кіріп пайдалы дүниелер қараңыз. Уақытыңызды пайдалы іске жұмсасаңыз, сол дүние басқа қиын уақыттарда сізге пайдасын тигізуі мүмкін. Және қарама-қарсы. Түсіндіңіз бе?
536 viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-02 10:00:05
Ақпараттық қоқыс

Бұл не екенін білесізбе? Біздің жаңалықтар, мемдер, "түк пайдасы жоқ" видеолар және т.б. Яғни бұның барлығы түкке керегі жоқ, сіз онсызда өмір сүре аласыз. Бұлардың қатарына осының барлығын тарататын, біздің ата аналарым өмірі қосып қоятын телевизорда жатады.

Мен өз миымды керек емес ақпаратпен толтыруға қарсымын. Әшин қосып қоямынғой деп ойлайсыз ба? Жоқ!Сіздің миыңыз бәрібір ол ақпаратты қабылдап, өңдейтін болады. Оданда ақылмен жасаңыз: аудиокітап немесе жәй музыка(lofi hip hop) қосып қойыңыз. Ал мемдердің орнына, кітап оқыңыз!
844 viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 14:00:12
Күнделікке не жазуға болады?

— оқылған кітаптар тізім
— ұнаған фильмдер тізімі
— айлық кіріс\шығыс
— салмақты бақылау
— көру керек фильм\аниме\мульт\дорама
— тағамды бақылау
— барғыңыз келетін жерлер
— өміріңізде\осы жылы\ осы қыста жасағыңыз келетін істер тізімі
— жыл\айға мақсат
— әдет қалыптастыру
— көңіл күйді бақылау
— су мөлшерін бақылау
— рақмет айтқыңыз келетін зат\адам
— оқу керек кітаптар
— сатып алынған заттар\ керек заттар
— бақылау\тоқсандық\жылдық баға\ экзамен \ пробный нәтижелері
— ұнаған цитаталар
— қалайтын нәрселеріңіз
991 viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 10:00:08
Тізім ұнататындарға

• мені шабыттандыратын 100 зат
• мен рақмет айтқым келетін 100 зат
• өз өзіңді тәрбиелейтін 100 қасиет
• оқығым келетін 100 кітап
• сабаққа мотивация беретін 100 зат
• өзіме ұнайтын 100 қасиетім
• менің барғым келтін 100 жер
• жауабын білгім келетін 100 сұрақ
• егер маған өмір сүруге 1 жыл ғана қалатын болса, жасайтын 100 ісім
• өмірді жақсы жақа өзгертудің 100 тәсілі
• бизнеске 100 идея
• жақслық жасаудың 100 мүмкіндігі
• мен құрмет тұтатын 100 адам
• мені жасағым келетін 100 мамандық
• маған ұнайтын 100 бағалы зат
• мен мақтанатын 100 жетістік
• мен бағалайтын 100 қасиет
• адамдарға көмектесудің 100 әдісі
• мені энергияға толтыратын 100 іс
• мен өмірімде жасаған маңызды 100 шешім
• мен жақсы көретін 100 зат (адам, қасиет т.б)
• мен жалғыз сезінгенде ойымды басқа жақа бұратын 100 іс
• осы күнге дейін сезініп үлгерген 100 сезім
• балалық шақтан 100 естелік
• ата-анам айтқан 100 кеңес
• өнімділікті көбейтетін 100 әдіс
• креативті дамытатын 100 нәрсе
• күлуге 100 себеп
631 viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 14:00:08
Өзгелерге үнемі көмектесе беріп, айналаңызды мүгедек адамдарға толтырасыз.

Ал енді жоғарыдағы сөздерді қайта оқып шығыңыз!

Келесі жолы біреу көмек сұрағанда ойланыңыз: ол адам шынымен оны жасай алмайдыма (Қалай жасалуын білмейді немесе қолы жетпейді) немесе ол жәйғана қиын жұмыстан қашама.

Сенің айналаңа үлкен мақсаттары бар, мықты адамдар керек. Ал мына қорқақтар мен жалқаулар сізді тек артқа тартатын болады. Иә қойлардың арасында қасқыр болу оңай, ал, қасқырлардың арасында қасқыр болу қиынырақ.
960 viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 10:00:08
«Как привести дела в порядок» кітабындағы кеңестер.

Зейін қойыңыз. Егер басыңызда керек емес ой болса, «Ойларға арналған жәшік» деген тізім арнап, бәрін сол жақа жазып шығыңыз.
Ойларға арналған жәшікті аптасына 1 рет тазалап отырыңыз.
Маңызды емес істерді кейінге қалдыр, бірінші жеңіл істерден бастап дедлайнды каленьдарға немесе жасалу керек істер тізіміне белгілеп қой.
Бір үлкен істі шағын шағын істерге бөліп орындаңыз.
Жасалу керек істер тізімі үнемі қолыңызда жүруі керек.
«Кейін» тізімі шұғыл емес істерге қажет.
«Әйтеуір бір күні жасалады» — тізімі құнды ойлар мен проекттерге арнаңыз.
Әр апта сайын істерді жаңартып отырыңыз.
Бақытты өмір бұл- дұрыс жоспарланған өмір. Виктор Франкл.
Бірнеше істерді бір уақытта жасамаңыз. Бір іске ғана зейін қойыңыз.
Біздің миымыздың мақсаты- ойлау. Алайда, кейде ойлар істерді жасауға кедергі келтіреді.
Күнделікті істердің көп пайдасы жоқ, себебі уақыт тым қысқа. Егер апталап жасайтын болсаңыз әйтеуір бір пайдасы болады.
1.2K viewsЧеловек вне времени, 07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 14:00:13
Сенің айналаңда жағдайлар қалай болып жатыр?

Сенің араласып жүрген, кері тартқыш достарың саған мотивация бере ме? Олардың біреуі болсада жетістікке жеткенбе? Мүмкін үй, көлік, жеке фирма немесе ай сайын жалақыдан жалақыға қарайлап жүрмеген шығар?

Егер жауабың - жоқ болса, тезірек ортаңды ауыстыр!

Біздің айналамыз өзімізге тікелей әсер етеді! Түсіп кеткен шұңқырдан шығу үшін артық жүкті тастау керек. Үлкен нәрсеге қызықпайтын, болашағы уайымдатпайтын адам керек емес! Олар сені онсызда бәрі жақсы емеспе деп үгіттейтін болады. Жоқ, ештеңеде жақсы емес!

Жақсы өмір сүргің келсе - жақсы орта тап. Өзгенің өмірінен, жаңа адамдардан және олардың тәжірибелерінен мотивация ала біл! Мені түсіндіңбе?
1.1K viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме