Get Mystery Box with random crypto!

Жеке күнделік / Мотивация

Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация Ж
Telegram арнасының логотипі zheke_kundeliik — Жеке күнделік / Мотивация
Арна мекенжайы: @zheke_kundeliik
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.90K
Арнадан сипаттама

Жарқын өмірге бір қадам📍
• даму
• жетілу
• қазіргі мақсат📌
Өзгеру деген - жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу.
Ұсыныстар бойынша: @Erke_goii

Ratings & Reviews

1.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 47

2021-10-27 05:02:57 НЕГЕ СЕН ІСІҢДІ СОҢЫНА ДЕЙІН АПАРМАЙСЫҢ НЕМЕСЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАНЫП КЕТУ ДЕГЕН НЕ?

Бір істі бастау оңай, бірақ оны соңына дейін апару өте қиын. Осы уақытқа дейін өзің бастап аяқтамаған істеріңді санап көрсең екі қолдың саусақтары жетпей қалады. Себеп неде? Неліктен біз бастаған ісімізді соңына дейін апара алмаймыз? Неге барлығы жарты жолда бітіп қалады?

Жауабы психологияда жатыр. Эмоционалды жанып кету деген бар, яғни сен істеп жатқан әрекетіңнен жалығып, өзіңе ашуланып, күйіп-пісіп, жынданып, өртеніп, жанып кетесің. Ісіңе деген қызығушылығың түсіп кетеді, ешқандай нәтиже жоқтай көрінеді, болашағың бұлыңғыр, не істеп жүргенің түсініксіз...

Жанып кетуден сақтану үшін уақытылы демалып тұру керек. Кейде уақытша аялдама жасап, жағдайды сыртынан бақылап, шолу жасап, сараптама жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан өзіңе дем алуға рұқсат бер. Сен робот емессің.

Мен де эмоционалды жанып кетемін, ондай кезде Инстаграмға 3-4 күн кірмеймін, жұмыс жайлы ойламаймын, табиғатқа шығып дем алып, медитация жасап энергиямды толтырамын. Сен өзіңе сәйкес келетін демалыс түрін таңдасаң болады

Енді неліктен ісіңді соңына дейін апармайтының түсінікті болды ма? Сенде де эмоционалды жанып кетулер болып тұрады ма? Пост пайдалы болып, проблемаңның шешімі табылды деп ойлаймын.

Ернар Батралиев
536 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 02:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 14:00:12
Тоқтат!

Ал енді жауап бер, қазір не істеп отырсың? Бүгінгі маңызды істеріңді толығымен аяқтадыңба? Тек шыныңды айт.

Негізінде сен мұнда өміріңді жақсартамын деп, мотивация алу үшін келдің, алайда 2 сағат бойы телефонға кіріп кеттің. Сенің есің дұрыспа? Алдымен бүгінгі жасалу керек жоспарыңды аяқта содан соң ғана интернетте отыр. Мен ешқандай сылтау естігім келмейді, тұр да жаса!
522 viewsЧеловек вне времени, 11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 10:01:36
72 сағат

Диваннан артыңызды көтеріп, мақсатыңызға алғашқы қадамыңызды жасайтын осынша ғана уақытыңыз бар. Егер сіз осы уақытта жасамасаңыз ми оны армандар бөліміне лақтырып жібереді, сосын бұл сізге қол жетпейтін іс болып көрінеді!

Іс әрекет кішкентай болсада, мейлі ол сол мақсаттарды жазатын дәптер сатып алу болсын, бастысы сол іске бар назарыңды салу!
815 viewsЧеловек вне времени, edited  07:01
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 04:47:29 «Кім көп еңбек етсе - бақыт соған басын иеді»

Ленорда Давинчи»
234 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 01:47
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 18:30:10 «Кейде «түйедей бойың болса да, тышқандай ақылың жоқ» деп неге ұрсады дейсің адамдар. Бұл бойыңа сенбе, ойыңа сен, мақтан сөзге ерме, мағыналы тірлікке ер дегені. Сондықтан түйеге ұқсап орынсыз түксие бермеңдер, шырақтарым. Ақылға жүгініңдер,-деп күліп еді әжем»

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
491 viewsЧеловек вне времени, 15:30
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 17:28:24 «.Өзге адамды, өзге адам деп қабылдай біліңіз.

Есте ұстаңыз, ол - ол, сіз - сіз! Оның өзіндік сіздікіне сәйкес келмейтін дүниетанымы, наным – сенімі, көрген тәрбиесі бар. Ол кісі көрген тәрбиені сіз де көрсеңіз, ол сүрген өмірді сізде сүрсеңіз, оның басында болған оқиғалар сіздің де басыңызда орын алса, сізде сола жасар едіңіз. Сондықтан өзге адамдардан өз ой - пікіріңізді, наным - сеніміңізді қабылдауын талап етпеңіз. Әр адамның өз пікірі, көз қарасы, тұлғалық ішкі құндылықтары бар. Сізді түсінгенін қалсаңыз, өзгелерді де тергемей түсіне біліңіз!»

Өрлеу
670 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 14:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 05:24:51 Өмірде ұстанатын қағидаларымның бірі – сылтау айтпа.
Бір іс қолымыздан келіп жаста,
«мен істедім», «мен мықтымын» деу, ал болмай жатса, оны жұрттан көру біздің қоғамға тән. Орынды-орын- сыз екеніне қарамастан, әркім өте көп сылтау айтады. «ата-анам бай емес», «көшеде пробка», «ұйықтап қал- дым», тағы да басқа.

Екінші Болма
508 viewsЕркебұлан Сатыбалды, edited  02:24
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 21:12:09 Жетістікке жетудің мың жолы бар,
Жетістікке жетпеудің бір жолы бар-ештеңе жасамау
302 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 18:12
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 19:02:12 «Жетістіктерге жетіп, өз ісіңізде алда болуға көмектесетін қабілеттер:

 1. Мақсат қойып, талаптану

2. Өз-өзіңді жігерлендіре білу

3. Өз-өзіңе деген сенімділік

4. Күткеннен қарағанда көп іс бітіруге деген талпыныс

5. Төзімділік, табандылық

6. Жасымас жігер, құм болмас құлшыныс

7. Қиындықтан, проблемадан шығу, өрлеу үшін мүмкіндік таба білу өнері

8. Жағымды ой, пайдалы әдеттер

9. Темірдей тәртіп

10. Шешендік өнер

11. Армандай білу

12. Бастаған іске 100% берілу

13. Шапшаңдық

14. Керілмеу, ерінбеу, берілмеу»

Өрлеу
695 viewsЕркебұлан Сатыбалды, edited  16:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 14:57:38 Егер арманыңдағы жолда әр үрген итке тас лақтырып, уақыт жоғалта беретін болсаң, мақсатыңа жетпейсің.

Уинстон Черчилль
490 viewsЕркебұлан Сатыбалды, 11:57
Ашу / Түсініктеме