Get Mystery Box with random crypto!

Істі не үшін кейінге қалдыратыныңызды ойланып көрдіңіз бе? С | Жеке күнделік / Мотивация

Істі не үшін кейінге қалдыратыныңызды ойланып көрдіңіз бе? Сіз сияқты адамдарды прокрастинатор деп атайды.

ПРОКРАСТИНАТОРЛАРДЫҢ 3 ТИПІ:

Бәрін соңғы минутта жасағанды ​​ұнататын адамдар;
Сәтсіздіктен қорқатын адамдар;
Шешім қабылдай алмайтын және өз шешімі үшін жауапкершілік ала алмайтын адамдар.

Прокрастинациямен қалай күресеміз?

КЕҢІСТІКТІ ӨЗГЕРТІҢІЗ

Сізді алаңдататын нәрселер көп болған сайын, жұмысты аяқтау мүмкіндігі аз болады. Телефондағы назарыңызды алатын нәрсені шаруаңыз біткенше блоктап тастаңыз.

ҮЛКЕН ІСТІ БІРНЕШЕ КІШКЕНТАЙ ІСТЕРГЕ БӨЛІҢІЗ

Мысалы сізге диплом жазу керек болса, бұл үшін қандай шаруалар атқарылу керек екенін тізімдеп жазып қойыңыз да, сол бойынша орындаңыз.

15 МИНУТ ЕРЕЖЕСІ

Сіз кем дегенде 15 минут жұмыс жасай аласыз ба? Жұмысты бір бастап кеткеннен кейін, уақытты да ұмытып кетесіз. Сондықтан алдымен 15 минут қана істеймін деп ойлаңыз.

ЕҢ ҚИЫН ІСТЕН БАСТАҢЫЗ

Шаруаларыңыздың ішіндегі ең қиынын таңдап алып, соны бітіріп тастаңыз. Сонда басқа істерді атқарып жатқанда, алаңдамайтын боласыз.

ӨЗІҢІЗГЕ СЮРПРИЗ ЖАСАҢЫЗ

Мысалы бір шаруаны бітірген соң, Youtube-тен бір видео көрсеңіз болады.

ШАБЫТ БЕРЕТІН ЖАНДАРМЕН ДОС БОЛЫҢЫЗ

Айналаңызды шабыттандыратын адамдармен қоршасаңыз, еріншектікті ұмытасыз.

ТАЙМ МЕНЕДЖМЕНТ

Кез келген іске кірісерде уақытты басқарып үйреніңіз. Өзіңізге нақты дедлайн қойып, сол уақытта шаруаңызды аяқтап, өзіңізге есеп беруге тырысыңыз.