Get Mystery Box with random crypto!

КЕЗ КЕЛГЕН МАҚСАТТЫ ҚАҒАЗҒА ТҮСІРІП ОТЫРЫҢЫЗ!  Өткен жылдарды | Жеке күнделік / Мотивация

КЕЗ КЕЛГЕН МАҚСАТТЫ ҚАҒАЗҒА ТҮСІРІП ОТЫРЫҢЫЗ!

 Өткен жылдардың бірінде АҚШ-тағы Гарвард атындағы университеттің ғалымдары төмендегідей, яғни адамзат үшін үлкен маңызға ие болатын тәжірибе жұмысын жүргізіпті. Бір курста оқитын 100 студентті сырттай психологиялық тұрғыдан бақылауға алады. Студенттердің 3%-ы алға мақсат қойып, сол мақсаттарын қағазға түсіріп, жету үшін талаптанып жүретін болған. 10%-ы болса арман-мақсаттарын қағазға жазбастан, тек ойында ұстап, қалған 87%-ы арман-мақсатты ескерместен күнделікті күйбең тіршіліктен ары аспайтыны анықталған екен. Бақылау тәжірибесінің қорытындысын ғалымдар 10 жылдан кейін барып жариялаған. Нәтижесінде мақсаттарын «құдайдың құтты күні» қағазға түсіруден шаршамаған студенттер 10 жылдың ішінде 87%ды есептемегенде мақсаттарын ойында ұстайтын әріптестеріне қарағанда 60100%-ға табысты болып, өз салаларында жеңістерге жетіп, биіктерді бағындырыпты. Жоғарыдағы тәжірибе қорытындысына сүйене келе мен сізді шаршамай, шашырамай арман-мақсаттарыңызды қағазға түсіріп отыруға шақырамын. Ойдағы арман-мақсаттың шабыт бар кезде тез арада қағазға түсуі көрінбейтіннің көрінетінге айналуындағы үлкен маңызға ие қадамдарының бірі болып табылады. Сондықтан өмірдің қай саласынан болсын алға үлкен мақсат қойып, ойдағы мақсатты тез арада қағазға түсіріңіз.