Get Mystery Box with random crypto!

Пост тек сабақты 5ке оқығысы келетін студенттерге арналады. Ә | Жеке күнделік / Мотивация

Пост тек сабақты 5ке оқығысы келетін студенттерге арналады.

Әлемдегі ең мықты университеттердің бірі Йель. Сонда Стэнли деген ағайдың сабағы ең қиын болып есептеледі екен.Студенттер әрқашан:
- ағаааай тапсырмалар тым көп
- ағаааай көп уақытым кетіп жатыр..
деп шағым жасапты.

Стэнли үй жұмыстарын жеңілдету орнына, студенттерден тапсырмаларды орындауға қанша уақыт құртатын сұрапты. Солай жиналған ақпаратты зерттеуші досына тапсырыпты. Стэнлидың мақсаты - студенттың бағасымен, оның тапсырмаға құртатын уақыттың маңызын анықтау болған екен.

Сөйтсе, уақыттың студенттің бағасына қатысы жоқ екен. Бір студент 3 сағат орындап, 5 алуы мүмкін, ал бір студент 1 сағатта бітіріп, 5 алуы мүмкін.

Енді, сіздерге менің нені жеткізгім келіп тұрғанын айтайын.

Студенттің сабақты 5ке оқуы, ол, оның керемет екенін білдірмейді. Сабақты тек 5ке оқу мақсат емес, сабақты минимальды ресурстармен, дұрыс әрі нақты қадамдармен, 5ке оқыған маңыздырақ.

Өмірде де солай, кез келген адам қиналып, таңнан кешке дейін жұмыс істеу деген ол 19-20 ғасырдан қалып кеткен стереотип. Себебі ол кезде өндіріс болған соң, кім көбірек жүк тасиды, сол көбірек ақша алатын еді.

21 ғасыр ол 24 сағат еңбектің емес, 21 ғасыр ол тиімді шешімдердің уақыты деп ойлаймын.