Get Mystery Box with random crypto!

Ағылшын тілінде қысылмай сөйлеу үшін не істеу керек? ⠀ Сенімд | Жеке күнделік / Мотивация

Ағылшын тілінде қысылмай сөйлеу үшін не істеу керек?

Сенімділік қажет. Кез келген тіл меңгергенде ішімізде бір “күш” сөйлетпей, ұялдырып тұратыны бар. Сондықтан сөйлегенде сенімді болыңыз. Ештеңеден жасқанбаңыз, ұялмаңыз. Сенімді болғанда сөзде тілге оралады.

Асықпаңыз. Шет тілінде сөйлегенде қатты асықпаңыз. Ана тіліңізде сөйлегенде жылдам сөйлеуіңіз мүмкін. Ал басқа тілде сөйлегенде ойланып, сенімділікті жиып алыңыз. Асықсаңыз көп шатасып, ойыңызды жинақтай алмайсыз.

Күніне кем дегенде бір сағатты ағылшынға арнаңыз. Грамматикаңыз нашар болса оқыңыз, сөз қоры аз болса, сөз жаттаңыз. Ал грамматикаңыз бен сөздің қорыңыз Intermediate болса тамақ істеп отырып, жүгіріп жүргенде, үй жинағанда подкаст тыңдаңыз я ағылшынша мәтін оқыңыз.

Күнде сөйлеңіз. Сөйлесетін адам болмаса, айнаның алдына отырып алып сөйлеңіз. Көшеде кетіп бара жатқанда өзіңізбен сөйлеңіз. Сонда ми ортасында қатталған сөздер тілге оралады. Өзіңізге ағылшынша “Бүгінгі күнім қалай өтті?”, “Ертең не істеймін?” деген сұрақтармен есеп беріңіз. Өзіңіздің дауысыңызды жазып қайта тыңдап көріңіз.

Бүкіл айналаңызды ағылшын тілімен “қоршап” тастаңыз. Видео, музыка, подкаст, кітап, сериал, жаңалық бәрі ағылшынша болғаны жөн. Ұялы телефоныңыздың тілі де ағылшын болсын. Күніне бес жаңа сөз жаттаңыз. Бұл сөздің қорыңызды көбейтеді. Жаттаған сөзіңізді жазғанда, сөйлегенде қолданыңыз.

Бастысы ағылшынды 30 күнде, 3 айда үйретемін деген курсқа сенбеңіз.