Get Mystery Box with random crypto!

tesik qaıyq

Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq T
Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq
Арна мекенжайы: @tesikqaiyq
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 75
Арнадан сипаттама

Рысбековтың жазбалары.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-01-10 10:05:03 Прокси қойып үлгердіңдер ма
20 views07:05
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 20:17:04 Бармысыңдар?)
5 views17:17
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 12:51:46 Бірдеңе жазсам кейбірі ойлауы мүмкін: “мынау ойдан құрап жатыр” деп. Бірақ бір нәрсені негізсіз ойлап таба салатын қасиетім жоқ. Бәлкім қиялым оншалықты ұшқыр емес. Тек менің өмірімде комедиялық ситуациялар өте көп орын алады. Мен тек соны ғана жазамын. Менде миллион қызықты оқиғалар бар. Тіпті фильмнің сценарийіне татитын материалдар бар. Оған шүкір деймін, себебі басқаша қызық болмас еді. Бірақ оның бәрін мен жаза алмаймын.

Себебі оқиғаның басы-қасында мен ғана жүрмеймін, жанымда адамдар болады. Және олар ол оқиғаның сыртқа шығуына өте қарсы болады

Мысалы жаңа жыл күні өте-өте қызықты оқиғалар болды. Жаза алмаймын, жазсам ренжіп қалады Оның үстіне кей моменттерді қыздар қауымы дұрыс түсінбеуі мүмкін немесе кей жерлерде ұяттылау болуы мүмкін.

Сондықтан бейтарап, ешкімді ренжітпейтін оқиғалар орын алмайынша, мен жаза алмаймын. Материал өте көп. Бірақ қолым қысқа болып тұр. Мүмкін кейінірек жеке персонаж ойлап тауып, мүмкін соған әлгі оқиғаларды жабыстырармын, көрерміз

А жалпы менімен дос болу керек, сол кезде менің аузымнан жеке естуің мүмкін. Мен айтып берген оқиғаларды естіген достарым, жақсы эмоция алып кетеді әйтеуір
31 views09:51
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 12:28:24 Бақытты болайық
11 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 00:07:11 Соңғы уақытта инстаграмдағы кішкене ғана аудиторияма эксперимент жасап жатырмын. Бірінші кезекте таныс емес адамдардан тазарттым, шамамен маған жазылған 400 ге жуық адамды өшіріп тастадым. Себебі не активный болды.

Сосын жәймен контент жариялап бастадым. Менің мақсатым, мендегі сол 150 ге жуық адамды қызықтыра білу болды. Жалпы өзімнің жұмыстарымды инстаграмыма сала бермеймін, оның себебі көп. Ең біріншісі - материалдарды алып, оны инста форматқа сай етіп монтаждау үлкен жұмыс, шаршатып жібереді. Екіншіден барлық жұмысымды салуға рұқсат жоқ. Мәселен бір фильмнің бэкстейджін түсірдім делік, түсіріп болған соң мен материалдарды толығымен өткіземін. 100 деген гигабайттарды сақтап отыратындай компьютердің жады ризина емес. Немесе бір съемкада оператор боламын, сосын тағы бір сериалда монтажер боламын, ол материалдың бәрін үйге таси алмаймын, оның бәрі сол жерде қалатын дүниелер, оның үстіне көп жұмысты аутсорста жасаймын, сондықтан көбіне мынау менің жұмысым деп айтуға да хақым жоқ. Ақысы төленді ме? Болды.

Жаңағы экспериментке оралсақ. Жалпы мақсатым “love story, реклама, сериал, клип” түсіру емес. Шыны керек, мен оған жай күн көріс қамы ретінде қараймын. Менің мақсатым ғылыми контент жасау. Бірақ ол ешкімге қызық емес. Сондай бірдеме сала қалсам, аса өтпейді. Ал бірақ жеке өмірім, қыздар жайлы айтсам қатты өтеді. Мысалы өткен жолғы постта мені қарайтын адамдардың 90% реакция қалдырды. Ал ғарыш саласы жайлы қозғасам 20% адам ғана бар екенін білдіреді.

Сол үшін де бізде “қалаулым” деген сияқты бағдарламалар рейтингте жоғары орын алады. Себебі біздің халық әлі тым майда ойлайды. Алдым-бердімнен әріге қызықпайды. Ал сәл өзгешелеу тақырыпты қозғап қалсаң, есінеп отырады

Маған енді соның ортасын табу керек. “Халыққа қайтсем қызықты етемін” - деген сұрақпен жүрмін қазір.

Есінеп отырады демекші, бір қызбен кездесуге барғанмын, жаздың күні болуы керек. Енді кездесуге барғаннан кейін үндемей отырмайсың ғой, әңгімемді айтып отырмын. Менде кейде “мұғалім” синдромым ұстап қалатыны бар, бірдеңені білсем бәрімен бөліскім кеп тұрады.

Әдетте мен адамдармен не сөйлесу керек екенін білемін, бірақ кейде сәл менің түсінігіме қиын адамдар жолығып қалады. Сонымен әлгі жерде әңгіме жүрмей жатыр. Нақтырақ айтсам әңгіме бар, бірақ қыз тарапынан айтылып жатқан әңгіме маған жақпады. Қалай айтсам екен. Общым ана қыз маған барлық туысқандарын жамандап шықты Ондай ақпарат маған не үшін керек екенін түсіне алмай, құрбыларын жамандамай тұрғанда әңгіменің арнасын бұрмақ ниетпен өзімнің әңгімемді бастап кеттім. Детерминизм жайлы біраз әңгіме айттым. Кемі 40 минут оған түсіндіруге тырыстым, соңында “күшті” екен деп есіней бастады
Солай әңгімені бұру қолымнпн келмейтінін түсіндім де, бүкіл әлемді жамандап болғанша тыңдап, үйіне шығарып салдым

Жалпы айтқым келгені, дұрысқой, барлығы мен қызыққан нәрсеге қызығуы мүмкін емес. Адам баласы әр түрлі ғой. Бірақ менің ішім күйеді де, неге орыстың не кәрістің қыздарына “психология, тарих, экономика, ғылым” тақырыптары қызық та, өзіміздің қазақ қыздарына қызық емес? Бәрі бірдей емес әрине, бірақ қазақ тілді көп қыздарға, айнадағы көрінісінен басқа ештеңе қызық емес сияқты.
21 views21:07
Ашу / Түсініктеме
2021-12-24 22:23:10 Бір жаман қасиетім бар. Бәрін кейінге қалдыру. Ал кейінге қалдырылған заттың мерзімі міндетті түрде өтіп кетеді. Тиісінше мерзімі өткен зат ашып кетеді. Менде ашыған зат көп екен.

Осы жылдың басында үй алу керек едім. Әні аламын, міне аламын деп жүргенде үйдің бағасы қатты өсіп кетті
Көп ондай мысалдар. Кейінге қалдырып жүргенде, алды балалы, арты тұрмысқа шығып жатыр десең

Осы жылы мен өзімнің барлық жаман қасиеттерімді, жалпы өзіме кері әсер ететін дүниенің барлығын қалдырып жатырмын. Орындалмаған жоспарлар, жасалмаған проекттер, аяқталмаған кітаптар, бұзылған техникалар (иә, мен кейін жөндеп аламын деп барлық мусорды жинап аламын), кері әсер ететін достар, кейбір қалған сезімдер, жалпы артық адамдардан, барлық өкпе реніштен, осы уақытқа дейінгі мені ұстап тұрған триггердің бәрінен құтылғалы жатырмын. Өмірімде соңғы 2 айда үлкен іріктеу болып жатыр. Сүзгіден бірін қалдырмай өткізіп жатырмын.

Мен артымнан бірдеме қалдырғым келеді. Қадамымды нық басу үшін қоңыраулардан құтылмақпын. Өзімді қатты құлдыратып алдым. Қайта шыңдарды бағындыру керек

Сенсең ғана көресің,
25 viewsedited  19:23
Ашу / Түсініктеме
2021-12-21 22:24:34 Клаустрафобия. Ойыма қамалудан қорқамын. Осындайда жаныңды түсінетін де адам жоқ. Қараңғы үйде өзімді кінәлаудан да шаршадым. Тұңғиыққа батқан сайын, табаным жерге тимейді - болото. Кім? Не? Қалай? Қызық емес. Соңғы жарты жыл автопилоттамын. Бұл не? Күйзеліс пе? Өзіңе көңілің толмау? Қандай да бір психологиялық термин? Хз. Ойланып та шаршадым. Ойланбай да шаршадым.

Көзімдегі линза реңкі сұр, мен көріп тұрған жоқпын сенің күлкіңді. Күннен де сәуле түспейді. Сезімдердің де графигі бір сызықта. Кешегі қызық болғандарды, бүгін сызып тастадым. Психологияны оқы дейді, ол жақтан пана таппадым. “Бала күнгі травма”, “травма мен жұмыс жаса”, “ситуацияны қабылда” - ебать, мен қабылдап тастадым. Бірақ кінәлі кім және ол не үшін кінәлі?

Ойбай деді, мәселенің бәрі ақшада. Мал тап, қалғаны реттеледі. Келістік. Керектіні таптым - өзімді екі есе жек көріп кеттім.

Ойбай, выгорания, демал. Демалдым. Тіпті жақсы, ештеңе жасағым келмей қалды.

Қарым-қатынассыз жүргеннен. Өзіңді қолдайтын адам тап. Тек өзі жайлы ғана айтатын адамдардың арасынан ба? Әлде әлемнің кіндігі сезінетін адамдардан ба? Сезімді гүлдің санымен өлшейтіндерден бе? Рақмет. Ондай бар болса, тауып алар едім.

Шаршаудан да шаршадым. Шаршамаудан да шаршадым. Жалпы бұл қала мені қысып жатыр. Тар, жабылып барам. Көшсем бе деймін.

#біркемдүние
15 views19:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-15 11:13:25 Көрпенің астында, пәтер де суық. Құлаққа сыбырлап тұр… Кім бұл? - - Үнсіздік!
- Тұтастықты бұзып тұрсың, тыныштала аламысың?
Тағы үнсіз.
- Эй, саған айтып тұрмын, тынышталасың ба?
- Менде үн жоқ.
- Онда мен сені қалай естіп тұрмын?

Жауап жоқ, бірақ миды ашытты. Үні жоқ болса естілмеу керек пе еді? Кім шығарды?
32 views08:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 17:30:13 100 доллар

Студентпін. Сабақтан қайтып бара жатқан кез. Шамасы мамыр айы болса керек, себебі үйге қайтатын кез таяп қалған болатын.

Бірақ үйге қайту үшін “летаны” жабу керек. Вышматтан беретін ағаймен ерегісіп қалып, бір жыл бойына сабағына қатыспай қойған болатынмын. Содан ол мені жазғы семестрге қалдырған. Ал менің мамандығым үшін физика мен вышмат өте маңызды (Ұшақ ұшырғым келіп, Авиациялық академияда оқығанмын).

Содан қалған сабақтардан сессияны тапсырып, автобуста ойланып үйге қайтып бара жатқан кезім болатын. Бар уайымым сол, жазғы семестрге төлейтін ақша. Екі семестр бойына жиналған кредиттің саны төртеу яғни 60 мың теңге. Бірінші курс кезім, ондай ақша менде жоқ болатын. Үйден сұрауға қатты қысылдым. 60 мың деген менің сол кездегі 4 айлық пәтер ақым ғой.

Әлі есімде, үстімде тастамай киетін жасыл мен ақ түс аралас “балахоным” бар, ақшыл көк түстес шалбардамын. 79 дың ең артында, сол жақ бетте терезеге қарап, қатты мазам кетіп отырды. Себебі мен үшін басқа-басқа, бірақ математика мен физикадан жазға қалу абсурд болатын. Оны анама айтсам қатты ренжітетінімді білдім де, ақша табудың басқа амалын қарастыру керек екенін түсіндім.

Еш жерде жұмыс жасамайтын 1 курстың студенті үшін ақша табудың ең тиімді тәсілі - дұға жасау болды. Ал әлгі іске барлық тақуалығымды қосып тұрып, тура зікір салғандай көктен сұрай бастадым.

Дұғамның басы Фурманов көшесімен Абай көшесінің қиылысында басталған болатын. Көзімді ашып қалсам, Байтұрсынов көшесіне таяп қалған екенбіз. Айтсам сенбейсіңдер ғой, көзімді ашқан сәтте жерден желпілдеп тұрған бір нәрсені байқадым. Автобус бағдаршамда тоқтап тұр. Терезені жылжытып аштым да, әлгі жердегі қағазға мұқият қарадым. Анаған бір қарадым да, өз көзіме өзім сенбедім. Сенесіңдер ме, жерде 100 долларлықтар жатыр екен! Қанша екенін нақты білмедім, бірақ әлгінің менің жазғы семестрдегі мәселемді толық шешетінін ұғып тұрмын. Бір кезде автобус қайта жүре бастады, Байтұрсынов көшесіне қарай бұрылды да аялдамаға тоқтады. Әлгі автобустан жүгіріп түстім. Себебі әлгі ақшаны менің ғана көруім мүмкін емес қой. Екі өкпемді қолыма алып, ақша тұрған жаққа қарай жүгіре бастадым, бағдаршамның қызылына қарағаным жоқ,

Және ол ақша жолдың бойында жатқан жоқ қой, екі жолды бөліп тұратын газон бар ғой, соның үстінде жатты. Негізі ол жермен жүруге болмайды, жаныңда толған көліктер. Сонда да жолды кесіп өтіп әлгі жерге жеттім. Қуанышыма қарай ешкім алмапты, әлі жатыр. Иә, расымен де бір-бірне жабысып тұрған 200 доллар екен. Ие, тілегенімнің соншалықты аз уақыттың ішінде қабыл болғанына таңданып, жүрегім қатты соғып кетті. Езуім екі құлағымда. Біреудікі емес пе екен деп жан жағыма қарадым да, бұл да бір сый шығар деп қалтама басып алдым.

Содан аялдамаға бардым. Қалтамды қайта-қайта ұстап қоям, тура бір түсіп қалатындай. Жоқ, қалтаға салған дұрыс емес, дұрысы портмонеме салып қояйын деп ақшаны қалтамнан шығарып едім, артында бір үлкен жазу тұр. Ол жазуда дәу әріптермен: “Без лоха жизнь плоха” деп жазып қойған екен. Әлгі жердегі менің түрімді көрсеңдер.
31 viewsedited  14:30
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 22:21:13 Қиялым ұшқыр, жоқтамайд(ы)
От пен және шоққа бай.
Түр-түрліні ойлатад(ы),
Бірақ уақыт тоқтамайд(ы).
25 viewsedited  19:21
Ашу / Түсініктеме