Get Mystery Box with random crypto!

tesik qaıyq

Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq T
Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq
Арна мекенжайы: @tesikqaiyq
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 75
Арнадан сипаттама

Рысбековтың жазбалары.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-01-23 16:35:57 Достарыммен болған миллион қызықты оқиғалар бар. Жәймен жазып бастасам, қаншалықты ренжіп қалады екен деп отырмын ойланып. Әрине көбісі қыздарға қатысты, ал олар үйленіп алған. Тиісінше әйелдері білмейтіндей етіп жазу керек
34 views13:35
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 21:46:55 Психологияда “детская травма” деген түсінік бар. Көп қорқыныш, сәтсіздік, сенімсіздіктің барлығы балалық шақтан келетінін біле бермейміз. Көбіне ата-анамыздың білмей жасаған қателіктері.

Мәселен “жылама, бүжәй келіп алып кетеді” (с.с.т.б) деп қорқыту, болашақта өте көп проблемалар тудыртуы мүмкін. Адамдармен дұрыс араласа алмасаңыз, ынжық болсаңыз - соның салдары. Бұл сияқты мысал көп, “үйтпе, бүйтпе, сүйтпенің” артында: “қолымнан келмейді, мен лайықты емеспін, менің басым жетпейді ондайға” деген сияқты өзіңе сенімсіздікті тудыртатын ойлар жатыр.

Осы мәселе жайлы ақтара бастағанымда үлкен барерьге тап болдым. Менің кейбір қазіргі проблемаларымды әке-шешемнің жіберген қателігі ретінде қарастыру - үлкен қайырымсыз сезімін тудырды. Иә, мен өзімді өте кінәлі сезіндім. Содан анализ жасап, мынадай ойға келдім:

Олар да адам. Кез келген адам қателеседі. Мысалы дәл қазір сіздің балаңыз бар дейік, сіз жұмыстан шаршап келдіңіз. Ол бір бұзықтық жасап қойып, сіз шапалақпен тартып жібердіңіз. Дәл сол бір ғана шапалақпен болашақта балаңыздың өміріне кедергі жасайтын комплексті тудырдыңыз. Былай қарасаңыз бір ғана шапалақ, сіз тіпті ұмытып та кеттіңіз.

Сол секілді, ол кісілерде ұмытып кетті. Ол жайлы айту, әке-шешеге деген құрметсіздік емес жай ғана факт. Сондықтан оны дәл сол кейіпте қабылдау қате пікір екен. Комплекстерді жеңу - мойындаудан басталады. Ал, мойындау қашан да қиын. Әрине ол кісілерді кінәлау дұрыс емес, олар да түрлі комплекспен өсті. Ендігі мақсат сол “комплекстер” жібін үзу. Балаға сенен ары қарап, тек жақсы психологиялық күй берілуі керек. Шеіберді үзіп, өзімізден бастау керек сияқты.
22 viewsedited  18:46
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 19:52:13 Бәріне сәлем, жоғарыдағы әңгімеге қарап бірнеше таныстарым кішкене уайымдап қалыпты

Жалпы финанстық мәселемді шешіп алдым, уайымдамайте) Мен жалпы уайымдату үшін жазбаған едім. Тек әсерімді жаздым. Рас, 0 теңгемен қалған алғашқы сәтім болғандықтан аздааап қана қобалжығандай болдым, бірақ “құдай берем десе форточкадан береді” - демекші, форточкалардан түскендерді қағып алдым

Негізі қолынан бір нәрсе келетін адам жұмыссыз қалмайды. Ең бастысы көңіл күйдің дұрыс болуы. Ән болса “нан” да болады меніңше) Рақмет, кәдімгідей кірісіп көмектескісі келгендерге. Просто өзім де осал емес екем
24 viewsedited  16:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 22:33:17 Бүгін өте қызық сезімді бастан кешірдім. Өмірімде алғаш рет счетымда ақша бітіп қалды. (Депрессия, карантин, ЧПға рақмет). Ақшам бітті, қалмады. Білмеймін, менде ондай болып көрмеген

Содан 20к теңге қатты керек болды, прям қатты. Барлық досыма хабарласып шықтым. Ешкім бермеді. Достарымнан ақша сұрауым да алғашқы рет. Йоо дедім, негізі тым жоқ емес-ау деп ойладым, бермесе тартып ала алмаймын ғой. Жалпы өзім сұрағанның бетін қайтармауға тырысамын. Бірақ бәрі мен сияқты болуға міндетті емес қой. Оның үстіне қазір адамдарда да артық ақша жоқ шығар.

Жалпы ренжімедім. Түсінем. Айтпағым әлгі алған әсер жайлы. Ақшамның жоқтығына ерекше қуандым. Шын, истерикалық күлкі болды. Каспиімді қайта-қайта қарадым. Көңілім мүлде түспеді. Диванға жаттым да, әдетімше аяғымды аяғыма айқастырып, қабырғаға қарап, мәз болып жаттым. Шүкір дедім. Бұл сезімді де сезіп көру керек екен

Содан ақшаны таппадым. Құрысыншы, бір мәнісі болар. Сөйтіп отырғанда календарьға қарадым. Арғы күні пәтер ақы төлеу керек екен Енді ойланып отырмын, жалпы 70к теңгені бір күнде қалай табуға болады екен?)

Шынымен, бір бақытты күйде отырмын. Шүкір. Қалай, қайдан табатыным белгісіз, бірақ бір мәнісі болар

P.S Есесіне түрлі идеялар келіп жатыр.
34 viewsedited  19:33
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 20:25:41 Кез келген адамның әйтеуір бір проблемасы болады ғой. Үлкен, кіші мейлі бірақ бәрінің басы қатып жүретін мәселелері болады.
Кейде жарылып біреуге айтқың келеді, бірақ ол ешкімге қызық емес екені анық. Бұрын ол мәселемен кішкене оңайырақ па еді? “По душам” таңға дейін ішіңдегіні ақтаратын адамдар болушы еді ғой

Өткен жолы бір құлазып кеттім, сөйлескім келіп бір құрбыма бардым. Әңгімені бастағаннан телефон ақтарып отырды. Оған қызық емес екенін бірден ұқтым да, ішімдегіні тығып қойдым. Рас қой, қазір кім-кімнің жылаңқысын тыңдағысы келеді?) Мен де біреудің күйзелісін мұқият тыңдай аламын ба, білмеймін. Сондықтан қазіргі заманда “мені тыңдамадың” деп ренжудің қажеті жоқ сияқты.

Айтқым келгені, қазір бала күнге қарағанда араласатын адамдарымыз көп, бірақ сонда да бәріміз “жалғызбыз”. Достық тек “кайфушаға” керек сияқты. Ол жаман емес, бұл да бір әлеуметтік қарым-қатынастың эволюциясы. Адамдардың жалғыздығы алдағы уақытта тек арта түсетін сияқты.

Көзіңді жұм да, ойланып көрші. Шынайы сырласың көп пе?
27 views17:25
Ашу / Түсініктеме
2022-01-16 16:39:18 Менде бір ғана проблема. Вечный проблема десем де болады. Шайға дастарханға не алу керек? Адам сияқты қалай шай ішуге болады? Үйден тым болмағанда шай ішейікші

Бір нақты нәрсе айтыңдаршы, магнумнан сатып алуға болатын
37 views13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 09:13:38 “Я вообще ненавижу писать
Но я не умею спасать себя по-другому…”

Мен жазуды жек көремін,
Бірақ өзімді басқаша құтқара алмаймын…
39 viewsedited  06:13
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 23:04:54 Астрофизикаға химияны қосып, соңын махаббат қылып жібергенім қалай кетті?)
10 views20:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 22:58:39 Химиясыз сезім.

Қанша жерден мойындамауға болады, бірақ адам болсын, тас болсын, басқа да заттар болсын бәрі химиялық элементтерден тұрады. Үлкен жарылыс теориясына сәйкес, ғаламдағы барлық дүниенің химиялық құрамы бірдей. Жерде бар элементтер, Марста да бар. Сенде бар атомдар, жерде жатқан жапырақта да бар.

Тек жарылыс кезінде пайда болған энергияның, сенің атомдарыңды қалай қалыптастырғанына байланысты бәрі. Сәл жақын болсаң адам емес “алмас, кристал” болып кетуің мүмкін еді, сәл алыс тұрсаң тас болып кетер ме едің. Бұл жалпы түсінік үшін айтып отырмын, ал былай өте қызықты әрі күрделі процесс.

Енді адамға оралайық. Адам да сол гормондардан, химиялық қосылыстардан тұрады.
Бүгін қуанышқа қойның сыймай жүрсе демек “дофаминің” көтеріліп тұр. Эйфориялық күйде жүрсең - “эндорфинің” әсері. Және сол сияқты “адреналин, норадреналин, кортизол” - гормондары көңіл күйіңнің әр бөлігіне жауапты.

Тиісінше “медицина, психология” сынды ғылымдардың дамуы арқылы сол гормондарды басқаратын деңгейге жеттік. Мәселен ТГК (Тетрагидроканнабинол) көңіл күйді көтеруге болатынын білді. Ал “антидепрессант” депрессияны жеңуге көмектесті.
Бұл енді медицицналық жағы.

Ол нәрселерді психологияның көмегімен де көтеруге болады. Кез
келген реклама сіздің гормондарыңызға тікелей әсер етеді. Мысалы қыстың күні фанта алып ішетін адам аз, бірақ қыста ең көп сатылатын сусын ол “кока кола”. Неге? Себебі оның қыспен ассоциация өте мықты. Жаңа жылдық рекламасы адамдардың миына қатты орнығып алған. Жаңа жылдық дастарханның міндетті сусыны. Жалпы ол жайлы мысал көп, айтпағым бұл емес.

Мен сезім жайлы айтқым келіп тұр. Адамның махаббаты да - химиялық реакция. Демек, оны да қолдан жасауға болады. Біреуді өзіңе ғашық қылу, көңіл күйін бұзу немесе көтеру, өзін кінәлі сезіндіру, шабыттандыру бәрі-бәрі қолдан жасауға болатын дүние. Психологиядан керемет білмеймін, биттей ғана оқығаным бар. Түсінгенім, осы болды.

Бұрындары көп нәрсені бейсаналық деңгейде жасап жүрген екенбіз. Осыларды қорытындылай келе, мен сезімдердің де шынайы болуы өте қиын екенін түсіндім. Былай қарасақ ұнатқан адамдардың дофаминін арендаға алады екенбіз. Түрлі сыйлықтар береміз, эмоция сыйлауға тырысамыз. Қымбат ресторандарға апарамыз. Ал оның арендасы біткен соң, сезім де бітетіні сөзсіз. Сондықтан да көбіміздің жұбымыз жоқ. Адамның әсері бітсе - тастап кетеміз.

Жалпы мен мұны 3 жыл бұрын ұқтым. “Ухаживать” етпей, бір қызбен сөйлесіп көріп едім, оған әсер қалдыра алмадым. Кейіннен түрлі амалдар жасап жүріп, бетін бері қаратып едім, бірақ маған ол қызық болмай қалды. Жоқ, бұл “қыздың барлығы сыйлыққа, ақшаға қызығады” деген стериотипті ой емес. Ондайдан аулақпын. Бұл нәрсені жаман деп тұрғаным да жоқ. Тек мен сезімді арендаға алғым келмеді. Қыз қандайда бір менің оны бағындыра алу әрекетіме, мүлкіме емес, бірінші маған қызықса екен деймін. Шахановтың “махаббат деген сана биігінде тоғысу” деген сөзін оқып, қатты әсер алдым.

Иә, сол 3 жылдан бері, мен бір қызды ұната қалсам “ухаживать” етпеймін, сөйлесемін, кездесемін, бірақ құшақ-құшақ гүлмен бармаймын. Бәлкім мереке, туған күнге қатысты кішкене сыйлығымды беруім мүмкін, онда да “жүрегін жаулау” жоспарымен емес, құнды, мәні бар дүние беруге тырысамын.

Мен оны, ол мені дұрыс танымай жатып, оның асты үстіне түскенімше, бір-бірімізді танып, сезімнің аренда емес екеніне көз жеткізіп барып қана, оның барлық қалауын орындауға дайынмын. Меніңше сонда ғана шынайы сезім орын алып, берілген сыйлықтың да мәні болатын сияқты. Адам сыйлыққа да лайықты болу керек. Әй-шай жоқ үйіне гүл жіберіп, сендік болмай тұрып жағдайын жасай беру өте қате деп түсінемін.

Көп жігіттер “до” көп “ухаживать” етеді де, жүріп алған соң немесе әйелі болған соң көңіл бөлмей кетеді. Ал менің түсінігімде керісінше болу керек.
262 viewsedited  19:58
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 20:11:13 Бір сәттік реңк.

“Эй, бұл сен емессің ғой” дейді ішкі дауыс. Күнде емес, оқта-текте. Осы адамның өзгеруі мен өзін басқа кейіпте көрсетуі, ол расында да сол адамның өзгеруін білдірсе ше? Мәселен сенің бұрындары белгілі бір мақсаттарың болды, белгілі бір нәрсеге талпындың. Кейін дәл сол нәрселер саған ләззат сыйламайтындай болып көрінсе, өзіңді қинап не керек? Бәлкім расымен де өмірлік ұстанымдарың өзгерген шығар? Расында да дәл қазір айна алдында бөлек тұлға тұрған болар?

Онда неге “бұл сен емессің ғой” деп, кезекті күйде отырғанда, өткеннің бір сәттік реңкі келіп, сыбырлап кетеді екен? Білместік…
30 views17:11
Ашу / Түсініктеме