Get Mystery Box with random crypto!

Бірдеңе жазсам кейбірі ойлауы мүмкін: “мынау ойдан құрап жатыр | tesik qaıyq

Бірдеңе жазсам кейбірі ойлауы мүмкін: “мынау ойдан құрап жатыр” деп. Бірақ бір нәрсені негізсіз ойлап таба салатын қасиетім жоқ. Бәлкім қиялым оншалықты ұшқыр емес. Тек менің өмірімде комедиялық ситуациялар өте көп орын алады. Мен тек соны ғана жазамын. Менде миллион қызықты оқиғалар бар. Тіпті фильмнің сценарийіне татитын материалдар бар. Оған шүкір деймін, себебі басқаша қызық болмас еді. Бірақ оның бәрін мен жаза алмаймын.

Себебі оқиғаның басы-қасында мен ғана жүрмеймін, жанымда адамдар болады. Және олар ол оқиғаның сыртқа шығуына өте қарсы болады

Мысалы жаңа жыл күні өте-өте қызықты оқиғалар болды. Жаза алмаймын, жазсам ренжіп қалады Оның үстіне кей моменттерді қыздар қауымы дұрыс түсінбеуі мүмкін немесе кей жерлерде ұяттылау болуы мүмкін.

Сондықтан бейтарап, ешкімді ренжітпейтін оқиғалар орын алмайынша, мен жаза алмаймын. Материал өте көп. Бірақ қолым қысқа болып тұр. Мүмкін кейінірек жеке персонаж ойлап тауып, мүмкін соған әлгі оқиғаларды жабыстырармын, көрерміз

А жалпы менімен дос болу керек, сол кезде менің аузымнан жеке естуің мүмкін. Мен айтып берген оқиғаларды естіген достарым, жақсы эмоция алып кетеді әйтеуір