Get Mystery Box with random crypto!

tesik qaıyq

Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq T
Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq
Арна мекенжайы: @tesikqaiyq
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 75
Арнадан сипаттама

Рысбековтың жазбалары.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-01-31 21:34:24
18 views18:34
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 21:32:46 12 мыңнан астам адам қараған екен. Жазбасқа болмас
19 views18:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 21:32:00
20 views18:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 21:27:00 #Іздегенім деген аяқталмай қалған әңгімем бар еді ғой, соны жалғастырып көрсем бе деген ниетім бар. #Іздегенім деген хэштегімен үш бөлімін де оқи аласыңдар.
21 viewsedited  18:27
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 21:25:26 Tesik Qaıyq pinned «Іздегенім... Бірінші бөлім Дипломды үздік бағамен қорғап болған соң ересек өмірге қадам бастым ба дегенде алдымнан мен үшін өте ауыр болған сәтсіз махаббаттың соққысын алдым. Рас, біреу үшін бұл ез жігіттің әңгімесі болса да, мен үшін дәл сол сәтте өмірім…»
18:25
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 20:24:34 Алмас деген досым үйленейін деп жатыр, танысқандарына 2 ғана апта болған, уже үйіндегілермен танысып, тойдың күнін белгілеп қойыпты.

Мен кроссовканы жарты жыл таңдап аламын

Соған байланысты менде сұрақ: Адам 2 аптада бір-бірін толық танып қоя алады ма?)
29 views17:24
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 20:57:26 Ішімдегі алай-дүлей күйімді өлең жеткізер ме еді? Қап! Осындайда ақын болмағаныма қынжыламын. Оны білгенде, ақындарды көбірек оқушы едім.

Тау-тасқа сызат сала тұғын сөздермен де жеткізе алмаймын. Оны да білгенімде әдебиетті көбірек оқитын ба едім?

Көбіне ғылыми кітаптарды оқып, сол бағытта контент тұтынғандықтан, сөйлеуім, жазуым да, техникалық тіл.

Бозон Хиггсты түсінетініммен, “парниковый эффектің” көмірқышқыл газдан тұратынын біреуге түсіндіріп бере алатынымнан не пайда? Адами тілмен ішімдегіні жеткізе алмасам. Адами тілмен қандай да бір сезімімді білдіре алмасам. Жалпы не пайда, адамша ойлап, адамша өмір сүре алмасам?
15 views17:57
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 20:52:05 Тегін, шексіз арманды да армандауға қорқамыз.

“Өз саламда әлемді бағындырамын” деген ой жоқ ешкімде. Көп адамның арманы “ішпек-жемек” төңірегінде. Жай ғана арман ғой, армандау тегін емес пе? Жоқ, соны да айтуға қорқамыз.

Ал енді ойлашы, сен жай ғана армандаудан қорықсаң, кішкентай жеңістерің қайдан болсын?

Күйіп кетем…
40 views17:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 22:31:10 Талғамы бар қыздар ұнайды. Тыңдайтын плэйлисттері, оқитын әдебиеті, фото/видеоға түсуі/түсіруі, сәтті сезе алуы, көретін кинолары, киімдері, жүріс-тұрыстары - ғажап.

Өкініштісі олар өте аз, бәрімізге жетпейді жігіттер
43 viewsedited  19:31
Ашу / Түсініктеме
2022-01-24 19:06:32 Оу, щет! Өзімді сондай опасыз адам сезініп тұрмын. Көрші дүкенші апай, көзіне шөп салып қойғанымды біліп қойды.

Үйдің жанындағы магнумнан тамақ алуға шыққанмын, ақыры барған соң керекті заттарды да ала салдым. Содан үйдің тұсына келгенде нан алуды ұмытып кеткенімді ұқтым да, үй жанындағы дүкенге кірдім…

Мммм, әлгі көзқарасты айтпай-ақ қояйын. Жүрегімнің түнегіне кіріп, “опасыз” деп айқайлап, қайта шығып кеткендей болды. Енді ол дүкенге маған жол жоқ сияқты
46 viewsedited  16:06
Ашу / Түсініктеме