Get Mystery Box with random crypto!

tesik qaıyq

Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq T
Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq
Арна мекенжайы: @tesikqaiyq
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 75
Арнадан сипаттама

Рысбековтың жазбалары.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-12-11 21:27:44 Өтіп кеткен нәрсеге жабысып, жібермей, оратылып, цемент, бетон боп қатып қалатын мен ғана ма?
18 views18:27
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 22:59:07 Заебался уже
10 views19:59
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 22:58:58 Мені депрессиядан шығарып алыңдаршы ептаа
9 views19:58
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 23:48:50 Ал менің видео саласына келмес бұрын, техника жөндеумен айналысқанымды бәрі біледі. Содан оған өзімнің жөндей алатынымды айттым. Ол қуанып кетті. Үйге келіп, ноуттың ауыстыратын жерін ауыстырып, тазалап, ең бастысы «Windows 10» орнатып бердім. Бір сөзбен толық жөндеуден өткізіп қолына табыстадым. Сол күні тәп-тәуір кездесу өткізіп, бақыттан басымыз айналып кеш тарқастық...
Бірақ таңертең ұйқыдан тұрғанда мен сол қызбен айрылысып кеткенімді естідім. Мені барлық жерден бұғаттап, «Whatsappқа» он бет мені қалай жеккөретіні, енді мені ешқашан көргісі келмейтіні туралы, менің қатыгез адам екенім жөнінде және мен оны алдағаным жайлы жазып жіберіпті. Неге дейсіздер ғой? Басында менде ұқпадым. Кейін жақсылап қарасам, смс пен бірге фото жіберген екен. Соны ашып қараған соң бәрі түсінікті болды:
Осы жерде 2017 жылға қайта оралайық. Менің алғаш қатты ғашық болып көрген кезім, әлі баламын, әлгі Пәленшемен бірге құшақтасып түскен суретімді барлық жерге ава ретінде сала бергем ғой. Және компьютерге жаңа жүйені переустановка жасағанда, аккаунт сұрайды, ыңғайлылық үшін мән берместен өзімнің аккаунтымды енгізгенмін, сөйтсем ол аккаунттың авасында да 2015 тен бері сол қызбен түскен суретім тұрған екен.
Ал енді елестетіп қара. Сен жігітіңмен кездесіп келесің, бақыттан басың айналып, болашаққа план құрайыншы деп ноутбукты ашып қаласың, ал онда «Добро пожаловать» деген жерде сенің сүйіктің басқа қызбен құшақтасып тұрады. В шоке боласың ба?) Ол да в шоке болған. Онымен қыздар қоя ма, өзінің жеке детективтік дедукциясын іске қосу арқылы, менің «вк» парқшамды тауып алады. Вкдағы парақшамды қарап отырып, әлгі қызбен түскен 2015 тегі постты тауып алып, астына: «Будьте счастливы» деп жазып кетіпті.
Айтпақшы, менің де компьтерімді қосқан кезде екеуміздің суретіміз шығып тұрған екен, мен шынымен мән бермеппін. Бірақ мен соны білген кезде де өзгерте алмадым, себебі менің аккаунтым Теле 2 номеріме тіркелген болатын, ол номер өздігінен қосылмай қалды. Ал суретті өзгерту үшін аккаунтқа тіркелген номерге смс келеді екен. Номерімді қайта қалыпқа келтіру үшін Теле 2 офисіне барсам, номерің басқа біреуге тіркелген дейді. Содан мен сол номерге звондаймын, бір қыз алады, Тараздан екен, телефоныңа келген кодты айта салшы десем артымнан кредит алайын деп жатырсың деп айтпайды. Сөйтіп былтырғы жылдың карантиніне дейін компьютерім қосылғанда сол сурет шығып тұрды. Бірақ кейін өзгертіп алдым. Әңгіме осы. Қызықты болды деп ойлаймын :)
6 viewsedited  20:48
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 23:48:50 Tele 2 / Windows 10 / Қоштасу

2017. Жаз айы. «Сүйіктімнің» үйінің алдында тұрмыз. Жо-жоқ, қызым екеуміз тұрған жоқпыз. Мен тұрмын және жанымда «қызымның» инстаграмына күнде лайк басып, коммент қалдыратын бала тұр. Аса бір күдікпен түріне қайта-қайта қарап қоямын. Негізі аса емес, жестокий күдікпен қарап тұрмын. Ол да жерге бір қарап, аспанға бір қарап, жанындағы талға сүйеніп, соның жапырағын ұстап, иіскеп, аймаласып, құшақтасып, аай, yes, yes baby деп қуып кетсең да.
Общым, соңында ол жігітте ешқайда қарайтын вариант болмай қалды да, амал жоқ маған қарады. Ал менің оған қарап тұрғаныма жарты сағат болған. Сондағы арамыз ары кетсе 3 метр.
- Ассаляму алейкум! – деп қойып қалды әлгі сақалды жігіт.
Менде біраз жұма намаз көрген жігітпін ғой, сып-сымела:
- Уә ъалайкумус-салам уа рахматуллахи уә баракатуху! – деп нәйіп имамдарский акцентпен жарқ еткіздім.
«Иә Бәһәдүр, кім боласың?» деп сұрадым төтесінен. Түгеншемін тақсыр деп жауап берді. (конкретносын айта салайын, тақсыр дегенді өзім қостым. Ол «братан» деген).
- Ие, кімге келдің? – деп тағы сөзімді жалғадым.
- Пәленшеге! – жауап берді. Нифига себе, ол Пәленшеге мен де кеп тұрмын ғой, төбелеспес бұрын нақтылап сұрап алайын дедім де:
- Кәдімгі Пәленшеева Пәленше ма, төртінші қабатта тұратын?
- Иә, дәл өзі!
Енді, амал жоқ, көктегілер куә ғой, әңгіменің төбелессіз шешілуі екі талай болды да, үйдің артына қарай төбелеспекке тартпақ ниетпен «кеттік на» дедім. Ол болса көрініп тұр, максималды конфликтсіз адам екен.
- Братан, қыздың өзі қазір шығады, бәрін түсіндіреді – деді.
Менің төбелескім келіп тұр:
- Ол шыққанша үлгереміз, кеттік на – дедім.
- Братан, ораза ғой, қасиетті ай, ондай іске бармай-ақ қояйық, қыз шықсын, өзі түсіндіреді бәрін деді.
Ана әңгімеден кейін кішкене басылғандай болдым, расымен оның еш кінәсі жоқ қой деген ой келді. Оның үстіне ютубтағы Ұстаздарға жатып алған кездер, иман деген по своему ұрып тұр, қой, расымен де ораза, жалпы төбелес мәнсіз нәрсе ғой, ақылмен шешейік деген ойға келген жоқпын. Лажы болса дөтін тез-тез айырып жібергім кеп тұр ғой. Сонда да өз-өзімді бастым.
Әңгіменің тоқ етері, қыз шықты, сөйлестік, общым менің сыртымнан біраз уақыт жүріп жүрген екен. Қызық болса кейнірек жақсылап айтып берейін. Менің айтқым келгені мүлде басқа оқиға, тек осыған байланысты.
Содан әлгі жерден күйсіз шығып кеттім, жаныма қатты батты. Қанша дегенімен 2 жыл уақытымды арнаған жан ғой. Әлі есімде Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы пешеходттан өткелі тұрғанда жүрегім қатты дүрсілдеп кетті, екі қадам жасағаннан кейін ауыра бастады. Оң қолымды жүрегіме қойып, қысып тұрып - «Әй жұмыр етім, сен де қиналдың-ау» деп едім, жүрегім: - «Брат, темекі бар ма» деді дегесің ба.
Общым содан кейін мен көп ұзамай ауылға қайтып кеттім. Рас, біраз депрессияға да түсіп қалдым. Bah Tee жүрегімнің гиміне айналды. «Сердце пацана», «Любви достойна только мама», «Ghetto Dogs... Расти... Темперамент улиц... Дамер...
Братишка, она разобьёт, твоё сердце разобьёт
Ты думаешь я неправ, но старший брат тебе не врёт
Но так же со мной было, я через это прошел
Я так же, как и ты, помнишь был когда-то зол
Я доверял, я верил, потом остался один...»
Ойбай кешіріңдер, 2017 нің флешбэктері ғой, әңгіме жазып жатқанымды ұмытып кетіппін. Содан не керек 2 жылдай ауылда жүрдім, Алматыны жүрек ненавидит. Бірақ ауылда өмір сүре алмадым. 2019 да қайтадан қалаға келдім, қыз десе құсқым келетін. Өзімді толығымен жұмысқа арнадым, оның үстіне өзіме «Видеограф» боламын деген мақсат қойдым. Жаңа мамандықтың қызығымен, түрлі съемкаларда жүрген соң, түрлі қыздарды көресің. Бәрі шетінен талдырмаш. Жалпы біздің жұмыстың бойдақ жігіттерге арналған жалғыз плюсі. Сөйтіп жүріп бір қызды ұнатқандай болдым, ол да кет әрі емес, кет бері болып тұр. Әрі-бері кездесуден кейін, бауыр басып қалғандай болдық. Жүрегімнің ішіне терең бойлап, тұмшаланған түнегімнің пердесін жұлып алып, өзінің нұрын кіргізбесі бар ма ишакбас десең да. Жалпы жүріп кеттік. Бәрі жақсы болатын.

Бір күні оның ноутбугі істен шығып қалады.
6 viewsedited  20:48
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 11:13:40 Инстаграмға жаңа әңгіме салып қойдым
Қызық болса қараңдар insta: kenettenn
20 views08:13
Ашу / Түсініктеме
2021-11-28 22:52:29 Адамнан қашасың, әңгімеден қашасың, кездесуден қашасың, жұмыстан қашасың, шаруадан қашасың, мәселеден қашасың. Ал түн болса, өзіңе өзіңді бәрібір ұстап береді.
41 views19:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-07 07:42:09 Қалағаның болып тұрып, болмай қалса, езіліп кетеді екенсің. Өзіңді бақытсыз сезінесің. Құдды жолыңды біреу байлап тастағандай, ауыр сезім.

“Бәрі сәтімен шығып тұрса аспанға ұшып кетеміз, жерге де түсіп тұру керек” - деп өзін жұбататындар да бар шығар. Мен оған келіспеймін. Неге тек ұшып жүре алмаймыз? Неге сәтсіздікті сезінуіміз керек?

Бірақ естен шығарма:
сен, бақытсыз кезіңде де…
сен, сөнген кезіңде де ғажапсың…
24 viewsedited  04:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 01:04:34 Түнгі екінің кезі, кезекті проектке кірісіп кеткенмін. Құлақта Молданазар… “ұмытшы мені тез” - дейді. Бәлендей ностальгия сыйлап бара жатқан жоқ, шыны керек ойлайтын адам да жоқ. Жоқ деймін-ау, расында ойлауға уақыт жоқ сияқты. Әйтпесе көңілдің көлеңкесінде тығылған, мүмкіндік беріп қойсаң біраз естеліктердің шыға келетіні анық қой.

Жасырын нөмірмен қоңырау шалды. Негізі ондайда көтермей қоямын. Оның үстіне қарама-қарсы үйде тұратын көрші кәріс (былай қарасаң қазақ сияқты) қыз да нөмірімді біліп алып, күн-түн демей мазамды алуға құмар. Басында мектеп оқитын қыз ба десем, үлкен, 19 жасар екен. Өткен жолы таң атпай анасы есікті қағып тұр, ұйқылы ояу есікті аштым, түріме қарады да:
- Неге түнде біздің үйдің есігін қағасың? Қызым үйде жалғыз, шошытыпсың ғой! - деп ұрсып бермесі бар ма.
Мен емес деп қанша айтсам да болар емес. Қоймаған соң подъездегі камераны қарайық деп әрең тоқтаттым. Мен нөмірін блокка тығып тасған соң, әлгі қыздың менен алғысы келген өші ма, білмедім. Сол күйі түсінбей кеттім. Енді міне тағы қоңыраулатып тұр.

Қазір, осыған бір ұрсып көрейінші дедім де телефонды көтердім.
- Алло, Карина, ты с головой дружишь? На часы посмотрела? Деп жекіп бердім.
Кішкене үнсіздіктен кейін:
- Сәлем… деді ауыр дем алып. - Мен ғой…
Дауысын бірден таныдым. Көрші қыз емес екені анық. Осыдан үш жыл бұрын бір жанмен жұп болғанмын, қиындау қоштасқанбыз, дәл соның өзі. Бірақ сыр бермедім:
- Кім ол “мен” деген?
- Сол баяғы мен…

P.S Екі сағат бұрын болған оқиға. Жалғасы шықпауыда мүмкін. Қой мен ұйықтайын, ертең жұмыс. Бір қызығы, мені шабыттандыратын адамдар ешқашан менімен бірге болмайды екен #өмір
6 views22:04
Ашу / Түсініктеме