Get Mystery Box with random crypto!

tesik qaıyq

Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq T
Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq
Арна мекенжайы: @tesikqaiyq
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 75
Арнадан сипаттама

Рысбековтың жазбалары.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2021-06-23 21:53:15 Мен сүйдім мың есе
72 views18:53
Ашу / Түсініктеме
2021-04-18 23:14:16 Мен сені...

2 бөлім

Дүкеннің жанында ұзақ күтпедім, әдеттегідей көтеріңкі көңілмен, аяғы жерге тимей келе жатыр екен. Қызық, бұл өзі түр-түрлі, ішінде мың сұлу өмір сүретіндей, мың түрлі тәтті қылығы бар-тын. Бірақ бір әдетін жазбай танимын. Жаныма келгенде бірден әңгімесін айтып, үсті-басымды түзей кететін. Бұл жолы да сөйтті:

- Сенің туған күнің қашан еді? - деді қыртыс көйлегімнің шетінен ұстап тұрып.
- Жазда ғой.
- Маған ұмыттырмашы, үтік сыйламасам ба...
- Ха, ха, көйлегімді айтамысың?
- “Жоқ, жаңағыдай домофонға қоңырау шалғанда әкем алып қалса, көйлегің сияқты умаждалып қаласың, сол кезде керек болады, жарым ес” - деді. Менің ішек сілем қатып қалған, қатты күлдім. Ал ол әдетінше түр жасап тұр, тек көздері ғана сатқындық жасап, қунып тұрғанын білдірген-ді.

Тағы сөзін жалғастырып:
- Тағы шабытың ұстап кетті ме? - деді күлімдеп.
- Олай болса не?)
- Білесің ғой, мен атастырылған қызбын, бұл қылығың дұрыс емес.
- Десе де шықтың ғой...
- Өзімді кінәлі сезінгенімді қалап тұрсың ба? Рақмет! Дегеніңе жеттің! - деп шегіне бастады.
- Даяна, тоқташы. Бұлданғаның не? Сені ренжіту ойымда болмады, сөзім тисе кешірші...
- Сен де кешір, негізі менікі дұрыс емес, білмеймін не болғанын... Өзімді жайсыз сезініп тұрмын, айтарың болмаса кете берейін, бізде дайындық басталып кетті, уақытым жоқ...
- Даяна, сен оны жақсы көресің бе? деп сұрақты төтесінен қойдым. Расында мен оның жауабын бұрыннан білемін, тек көз алдымда өзім сүйген адамнан айрылып бара жатқанымды қпбылдай алмадым.
Ол:
- Сен мені расымен қинауға келдім деші. Қалай жауап берсем, сенің эгоңды тойдыра аламын?
- Даян, білесің ғой, мен сені...
- Мен білмеймін, білмей-ақ қойсам бола ма? Менен не естігің келеді? Ал, мен оны жақсы көрмеймін, не өзгереді екен? Бәрі махаббатпен отбасын құрып жатыр ма?
- Қырсықпашы...
- Қырсықтық емес, солай болуы керек, солай болады, болды...

Біраз үнсіздіктен кейін, қос жанарынан жас аға бастады. Үнсіз, бірақ қатты жылап тұрды. Кеудеме қысып, жұбатқым келген, бірақ ол құшақ тұрмақ, қолдарынан да ұстатпайтын.

Жылаған күйі бұрылып кетіп қалды, ал менің жібергім келген жоқ артынан жүгірдім де, қолынан қысып, құшақтап алдым, қарсылық танытпады, ол да кеудеме басын қоя кетті. Ұзақ тұрдық. Бір кезде:
- Сенің де батылдығың түбіне келгенде ұстайды екен - деді мұрнын тартып. Тағы да сөзін жалғап:
- Саған өз бақытыңды табуға тілектеспін. Өмірімде кеш пайда болдың, бұған тек тағдыр кәнәлі. Жақсылығы өткен адамды, жарты жолда тастап кете алмаймын. Батылдығым жетпейді. Басыңа салса көнесің, өмір ағыны өз жолымызды салып берері сөзсіз. Маған ештеңе айтпашы, өтінемін. Қош... деді де кетіп қалды.

Ал мен үсіз қалып қойдым. Жоқ, көніп қойдым...


2 бөлім соңы

(с) Нұржан Рысбеков

Жалғасы бар әрине. Қолым босаған кезде салып тұрамын. Пікірге алған әсерлеріңізді қалдырып тұрсаңыздар, мен үшін қуанышты болар еді. Рақмет
348 views20:14
Ашу / Түсініктеме
2021-03-30 22:54:37 Мен сені...

1. Бөлім

Оның қалың бұрымына қарап ылғи тамсанатынмын. Қызық, соншалықты нәзік адам, мұншалықты қайсар болар ма еді. Сол бұрымы осы қайсарлығын аңғартып тұрғандай. Мен онымен көп сөйлеспейтінмін. Бірақ, ара-тұра өзі іздеп тұратын. Қал-жағдайымды сұрағанда, жазғандарынан шынымен жылулық сезілетін.

Бірде, атастырылып қойғанын білсем де, қоймай кездесуге шақырған болатынмын. Шықпас еді, бірақ мен қулыққа бастым. Қулық болғанда қалай, жай, балалық болса керек. Пәтерінің алдына келдім де, домофонды суретке түсіріп жібердім:
- Егер менімен кездесуге шықпасаң, үйіңе звондаймын, әкең біліп қойса менің түгімді қалдырмасы анық! - деп смсті де жөнелттім.
- Жасай алмайсың! деген хат келді.

Студент кезде сәл тентектеу едім, әсіресе біреу “жасай алмайсың” деп тұрса, турбо тентектігім қосылып кететін.
Домофонға “23” деп, үйінің нөмірін тердім де, ішімнен жәймен кәллимамды қайталап тұрдым. Бір секунд болмай көтерді де:
- Ноқалай! - деп қатты сыбырмен тұтқаны қоя салды. Артынша “дүкеннің жанында күте тұр” деген хат келді...

(с) Нұржан Рысбеков

Жалғасы бар. Бірақ оқитын адам бар ма екен? Пікір көп қалдырсаңыздар ғана
Жалғасын салатын боламын
409 viewsedited  19:54
Ашу / Түсініктеме
2021-03-21 22:06:06 Ананы, мынаны ойлап жүргенде, өмірдің өтіп бара жатқанын сезбей де қалады екенсің. Мә, өмірің қайта келмейді. Керегіңді жұлып алып қалмасаң, алдыңа ешкім де әкеліп бермейді. Ұятқой, болмайды ғой, ыңғайсыз ғой деген сөздерді ұмытқан жөн. Тек жасау керек.
357 viewsedited  19:06
Ашу / Түсініктеме
2021-03-17 21:13:14 Адамға ылғи батылдық керек. Бірақ этикетті де сақтағың келеді. Ал көп жағдайда батылдық, этиканың бұзылуына алып келеді. Толеранттылық, гуманизм деген сәнді түсініктер де бар. Алтын балықты ұстауға қимай жүргенде, біреулер қуырып жеп қоюы да мүмкін. Парадокс не тормоздық
660 views18:13
Ашу / Түсініктеме
2021-03-15 23:31:35 Қалай болатын еді өзі? Бас айналып, құлап қалуға шақ қалушы ма еді? Жоқ, о дегенің аяғы ауырлыққа тән қасиет. Ал бұл қалай еді? Табаныңнан жер жойылып кетердей ме еді? Жоқ, ол тауға шыққанда алатын әсер. Қалай болатын еді өзі? Осылай блдатын ба еді
366 views20:31
Ашу / Түсініктеме
2021-03-08 01:26:55 Кенеттен шыққан меланхолия

... үстелдің үстінде тұрған телефонын алды да, сағатқа қарады. Он екі ден асып барады. Бірнеше адамнан келген құттықтау хабарламалардан оның есімі табыла қоймады. Кенет есікке соғылған қоңырау естілді. “Бәлкім мені жеке қуантайын деді ме? “ деген оймен есікті дереу ашты. Сары киген жеткізуші, бір құшақ гүл мен түрлі тәттіні қолына ұстатып кетті. Жоқ, тағы да ол емес. Жұмыста соңынан қалмай жүрген әріптесінен екен. Назарға кем болмаса да, әріптесінің бұл қылығы жылулық сыйлағандай. Бүгін басқа қырынан таныпты мыс.

... ол бұл күнді ұзақ күтті. Бір жетіден бері дайындалған еді. Көңілдің кілтін табу үшін, ерекше сыйлық іздеуге кіріскен. Онысын алып та қойған болатын. Атаулы күні бойында түрлі сезім билеп, айнаға қайта-қайта қарай берді. Қобалжығаны рас, десе де киімдері үтіктеулі еді. Кездесуге шақыру барысында желідегі аккаунтына көз салып қарап еді, жаңа салынған түрлі сыйлықтармен түскен суретіне тап болды. Әрине, көңілі түсті. Бәлкім тағдыр емес деген ойға келді. Ұмытуға тырысты.
Бүгін оған әлем қарсы мыс.
393 views22:26
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 21:13:16 Бұлақта ақты сезімге толы,
Құлақта қатты сезімге толды,
Тұрақта қалған өзімдей кеше,
Төзімнің өзі кетті ме оңып...
374 views18:13
Ашу / Түсініктеме
2021-02-11 13:38:44 Өрмеле немесе өл
48 views10:38
Ашу / Түсініктеме
2021-02-05 09:25:57 Кейіпкер Лия

- Бұрымың қандай әдемі, Лия!
- Өзіңді мақтауға шебер-ақсың.
- Десе де, өзіңе құйып қойғандай. Көйлегің де жарасымды.
- Ммм.
- Ренжімеші…
- Не, тағы да бір сағаттық шабытың ашылды ма? - деді де, әдетіне басып, біз отырған сайдағы қоғаға қадала қарады. Алақаныммен көзінің алдынан жүгіртіп едім, көздерін тарс жұмып алды. Бір сәттік үнсіздіктен кейін:
- “Мені қашанғы қамауда ұстамақсың” - деді. Бірақ, әлі де маған бұрылып қарамады.
Әдетімше сылтау іздей бастадым. Оң қол жағымдағы құмырсқаның илеуіне топырақ салып, біраз отырдым. Ол тағы да үнсіздікті бұзып:
- “О, құрметтім, бүгін сылтаусыз келгенбісіз? Бұл жаңалық!” - сол қолымен астыңғы ернін ұстады да, саусақтарымен шымшып, ойланып қалды. Әдетте бұл қылығынан кейін міндетті түрде ащы сөз тіркестері кететін:
- “Қолым бос емес”, “жұмыс қауырт”, “шабыт іздеп жүрмін” - демейтін шығарсың? “Компьютермен жазу ыңғайсыз, ноутбук болғанда” - деуді де қойған боларсың? Айтшы, мені қашан бостандыққа шығарасың?
- Лия, білесің бе, мен алдыңғы күні ескі құрбыммен кездестім. Сен жайында сөйлестік. Айтпақшы, әдемі кейіпкер деді. Тіпті сипаттап бердім. Бірақ Лия, мен түсіндім. Мен неге барлық кейіпкерлерімді қамап тастағанымды түсіндім.
Мен соңғы жылдарда, даралығымды жоғалтып алдым. Өзімнен басқа адам жасауға тырыстым. Құндылықтар өзгерді. Бәлкім бұл сен айтқандай сылтау болар, бірақ өмір өзінің өзгертулерін енгізбей қоймайды. Тың идея, мақсатқа жету, қиялдау - мен үшін дәл қазір жат қылықтай. “Осы сен қуасың” - деген сөзді де естімегелі көп болды. Өзімнен - өзім қаштым. Себебін білмеймін.
Лия, саған құрғақ уәде бере алмаймын, оқырманға да. Бәлкім шығарсың, бәлкім ішімде қаларсың. Бірақ сөзсіз, мен оралуға тырысамын…

Бұл кейіпкер Лия. Шықпай қалған әңгімедегі кейіпкер. Осыны оқу барысында, Лияны елестете алдыңыз ба? Сіздерден кері байланыс маңызды, жекеме жауап берсеңіздер болады:)

#КейіпкерЛия
125 views06:25
Ашу / Түсініктеме