Get Mystery Box with random crypto!

Бір жаман қасиетім бар. Бәрін кейінге қалдыру. Ал кейінге қалд | tesik qaıyq

Бір жаман қасиетім бар. Бәрін кейінге қалдыру. Ал кейінге қалдырылған заттың мерзімі міндетті түрде өтіп кетеді. Тиісінше мерзімі өткен зат ашып кетеді. Менде ашыған зат көп екен.

Осы жылдың басында үй алу керек едім. Әні аламын, міне аламын деп жүргенде үйдің бағасы қатты өсіп кетті
Көп ондай мысалдар. Кейінге қалдырып жүргенде, алды балалы, арты тұрмысқа шығып жатыр десең

Осы жылы мен өзімнің барлық жаман қасиеттерімді, жалпы өзіме кері әсер ететін дүниенің барлығын қалдырып жатырмын. Орындалмаған жоспарлар, жасалмаған проекттер, аяқталмаған кітаптар, бұзылған техникалар (иә, мен кейін жөндеп аламын деп барлық мусорды жинап аламын), кері әсер ететін достар, кейбір қалған сезімдер, жалпы артық адамдардан, барлық өкпе реніштен, осы уақытқа дейінгі мені ұстап тұрған триггердің бәрінен құтылғалы жатырмын. Өмірімде соңғы 2 айда үлкен іріктеу болып жатыр. Сүзгіден бірін қалдырмай өткізіп жатырмын.

Мен артымнан бірдеме қалдырғым келеді. Қадамымды нық басу үшін қоңыраулардан құтылмақпын. Өзімді қатты құлдыратып алдым. Қайта шыңдарды бағындыру керек

Сенсең ғана көресің,