Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы уақытта инстаграмдағы кішкене ғана аудиторияма экспериме | tesik qaıyq

Соңғы уақытта инстаграмдағы кішкене ғана аудиторияма эксперимент жасап жатырмын. Бірінші кезекте таныс емес адамдардан тазарттым, шамамен маған жазылған 400 ге жуық адамды өшіріп тастадым. Себебі не активный болды.

Сосын жәймен контент жариялап бастадым. Менің мақсатым, мендегі сол 150 ге жуық адамды қызықтыра білу болды. Жалпы өзімнің жұмыстарымды инстаграмыма сала бермеймін, оның себебі көп. Ең біріншісі - материалдарды алып, оны инста форматқа сай етіп монтаждау үлкен жұмыс, шаршатып жібереді. Екіншіден барлық жұмысымды салуға рұқсат жоқ. Мәселен бір фильмнің бэкстейджін түсірдім делік, түсіріп болған соң мен материалдарды толығымен өткіземін. 100 деген гигабайттарды сақтап отыратындай компьютердің жады ризина емес. Немесе бір съемкада оператор боламын, сосын тағы бір сериалда монтажер боламын, ол материалдың бәрін үйге таси алмаймын, оның бәрі сол жерде қалатын дүниелер, оның үстіне көп жұмысты аутсорста жасаймын, сондықтан көбіне мынау менің жұмысым деп айтуға да хақым жоқ. Ақысы төленді ме? Болды.

Жаңағы экспериментке оралсақ. Жалпы мақсатым “love story, реклама, сериал, клип” түсіру емес. Шыны керек, мен оған жай күн көріс қамы ретінде қараймын. Менің мақсатым ғылыми контент жасау. Бірақ ол ешкімге қызық емес. Сондай бірдеме сала қалсам, аса өтпейді. Ал бірақ жеке өмірім, қыздар жайлы айтсам қатты өтеді. Мысалы өткен жолғы постта мені қарайтын адамдардың 90% реакция қалдырды. Ал ғарыш саласы жайлы қозғасам 20% адам ғана бар екенін білдіреді.

Сол үшін де бізде “қалаулым” деген сияқты бағдарламалар рейтингте жоғары орын алады. Себебі біздің халық әлі тым майда ойлайды. Алдым-бердімнен әріге қызықпайды. Ал сәл өзгешелеу тақырыпты қозғап қалсаң, есінеп отырады

Маған енді соның ортасын табу керек. “Халыққа қайтсем қызықты етемін” - деген сұрақпен жүрмін қазір.

Есінеп отырады демекші, бір қызбен кездесуге барғанмын, жаздың күні болуы керек. Енді кездесуге барғаннан кейін үндемей отырмайсың ғой, әңгімемді айтып отырмын. Менде кейде “мұғалім” синдромым ұстап қалатыны бар, бірдеңені білсем бәрімен бөліскім кеп тұрады.

Әдетте мен адамдармен не сөйлесу керек екенін білемін, бірақ кейде сәл менің түсінігіме қиын адамдар жолығып қалады. Сонымен әлгі жерде әңгіме жүрмей жатыр. Нақтырақ айтсам әңгіме бар, бірақ қыз тарапынан айтылып жатқан әңгіме маған жақпады. Қалай айтсам екен. Общым ана қыз маған барлық туысқандарын жамандап шықты Ондай ақпарат маған не үшін керек екенін түсіне алмай, құрбыларын жамандамай тұрғанда әңгіменің арнасын бұрмақ ниетпен өзімнің әңгімемді бастап кеттім. Детерминизм жайлы біраз әңгіме айттым. Кемі 40 минут оған түсіндіруге тырыстым, соңында “күшті” екен деп есіней бастады
Солай әңгімені бұру қолымнпн келмейтінін түсіндім де, бүкіл әлемді жамандап болғанша тыңдап, үйіне шығарып салдым

Жалпы айтқым келгені, дұрысқой, барлығы мен қызыққан нәрсеге қызығуы мүмкін емес. Адам баласы әр түрлі ғой. Бірақ менің ішім күйеді де, неге орыстың не кәрістің қыздарына “психология, тарих, экономика, ғылым” тақырыптары қызық та, өзіміздің қазақ қыздарына қызық емес? Бәрі бірдей емес әрине, бірақ қазақ тілді көп қыздарға, айнадағы көрінісінен басқа ештеңе қызық емес сияқты.