Get Mystery Box with random crypto!

tesik qaıyq

Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq T
Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq
Арна мекенжайы: @tesikqaiyq
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 75
Арнадан сипаттама

Рысбековтың жазбалары.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-02-05 09:25:57 Тәк, жақсылып оқып алыңыздар:)
104 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-01-12 18:41:25 Видеомейкинг саласына келерден бұрын ойлаушы едім: "Мәә, мұнымен ешкім айналыспайды, Қазақстанда жақсы дүние жасайтындар аз" деп. Пішту, сөйтсем екінің бірі "видеомейкер" екен, керемет өз ісінің мамандары да жетіп артылады. Жалпы бұл салада мықты мамандар өте көп. Бәсекелестік те жоғары. Бұл жолмен ақша табу да оңай емес. Бірақ бәрі өзіңе байланысты екенін де ұмытпаған жөн.

Айтайын дегенім, маған тек видеомен айналысу аз болды, жәймен 3d анимацияны меңгеруге тырысып жүрмін. Бұл саламен де Қазақстанда көп адам айналыспайды деп ойлап жүргенмін, басымды сұғып қалып едім, миллион адам айналысатын сияқты

Енді кез келген әңгіменің түйіні болуы керек қой. Мына әңгіменің де өзінше бір түйінді бар а так

Түйін: Өз ісіңді жақсы көрсең, міндетті түрде жетістікке жетесің. Қанша бәсекелестер болса да, қандай қиындықтар болса да, берілмесең болғаны.
215 views15:41
Ашу / Түсініктеме
2021-01-11 23:26:10 Кім қандай кітап оқып жүр? Қазір демалыстамын, уақытты құр өткізбей, қызық кітаптар болса оқи жүрейін. Ғылыми бағытта болса нұр үстіне нұр болушы еді.
187 views20:26
Ашу / Түсініктеме
2020-12-31 20:57:39 2020 жыл жайлы әрине көп айтуға болады. Бірақ бұл жыл бізге көп ойлар сыйлағаны сөзсіз. Келер жылдан жылы сезімдер күтеміз! Жыл құтты болсын. Бәріне махаббат, әсіресе маған:)
267 views17:57
Ашу / Түсініктеме
2020-12-13 21:44:21 Тұншықты шабыт, шынайы тұрмыс ісімен,
Өлеңдер өлді, кірместей қайта түсіме.
Сәулелі әлем, мен білген бұрын, баяғы,
Тұрған-ау сірә, линзаның қызғылт түсімен..
372 viewsedited  18:44
Ашу / Түсініктеме
2020-12-12 20:49:15 - Уа, Сарказм құдайы - деп үн қатты орта бойлы, қара торы келген бір боз бала.
- Айтып көр! - деп әңгімесін тыңдауға құлық білдірдім.
- Сіздің ел-жұртқа жасаған ерен еңбегіңіз, мына сізді оқып өскен жас ұрпаққа, ендігі аға буын мына біздердің есімізде. Ұлылығыңызға мың тағзым. Ендігі ізіңізді жалғап келе жатқан, сіздей ағартушылықпен айналысқалы отырған мына біздей жас Ыбырайға қандай ғибрәтлі тәлім тәрбиеңіз бар? Бізге үйретіңізші, мына жас буынға сарказмды қалай үйретеміз? - деп тігінен сұрақ қойды.
- Иеее - дедім мен іштей ұзақ ойланғандай кейіп танытып.
Сауалыңа жауап берейін боз бала, жазып ал - дедім тағы да.
- Білесің бе? Иттің табағы неге ылғи лас боп тұрады? - дедім астарлы оймен.
- Уа, Сарказм құдайы, білмедім, не себептен олай? - деді қызыға.
- Себебі оларда Фейри жоқ, құрып кетші бар миды ашытпай, ноқалай - дедім де, өз жөніммен кете бардым. Соңы
351 views17:49
Ашу / Түсініктеме
2020-12-12 15:54:07 Бір қария, ақ қағаздың ортасына нүкте қойып, шәкірттерінен: "Не көріп тұрсыңдар?" - деп сұрайды.
Шәкірттері:
- Нүкте!
- Қара нүкте!
- Жо-жоқ, бұл қою қара нүкте - деп әр түрлі жауап береді.
Жауапты естіген ұстазы көз жасын ұстай алмай, күйінішпен жылап жібереді. Сонда аң-таң болған шәкірттері, ұстазынан неге жас алғанын сұрайды. Сода ұстазы:
- Кеше әйелім үйге тойдан сарқыт әкелген ғой, таңертең тұрып жей қояйын деп тоңазтқышты ашып қалсам, түнімен свет өшіп қалып, ашып кетіпті - деген екен. Соңы (с)
253 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2020-12-12 15:52:57 2017 нің флэшбэктері ғой. "Бәд типке" әкетіп жатыр че то
Қазір тағы бірнеше әңгімелерді саламын)
227 viewsedited  12:52
Ашу / Түсініктеме
2020-12-12 15:49:01 Бір ғаламда тұрсақта әрбір тіршілік иесінің өзінің жеке ғаламшары болады екен-ау. Кейде белгілі бір индивидке жөн айтудың өзі қылмыс болып көрінеді. "Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық" - десекте, бақаға не керек екенін пенде білсін бе? Көз қарастың қайшылығынан, адамның адамға деген қатынасының өзгеруіне не себеп? Неге белгілі бір ситуацияның бір-ақ шешімі болуы керек? Неге біреудікі дұрыс та, біреудікі дұрыс емес? Неге біреудікі шын да, ал біреудікі өтірік? Бұл диллемаға жауап іздеумен бірдей. Біарақ жауабын білгің келеді. Парадокс.
214 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2020-12-12 15:33:39 Оқылмады. Құлшынып кезекті бір кітапты аштым, бастапқы 20 жиырма бетін зорлық, зомбылықпен 10 қайтара оқыдым. Хм! Қабілетсіз автор, пәтуәсіз әңгімеңді ұрайын...
Google: "Пәленше Түгенше - Түген.fb2 жүктеу". Кезекті әдіс, 20 бет... Сені бестселлер деп танығанның таңылымы тар...
Google, .fb2, жүктеу... Бләт, не айтқың келеді автор? Баптау - өшіру. Сіз сенімдіміз бе? - Көзін құрт Cool Reader!
Тағы, жүктеу, жою, жүктеу, жою...
Бір сәт... Мүмкін автор емес мен қызықсызбын? Мен қызықсызбын!
Чак Паланик, құтқарасың ба? Аморальдан жібер.
180 views12:33
Ашу / Түсініктеме