Get Mystery Box with random crypto!

tesik qaıyq

Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq T
Telegram арнасының логотипі tesikqaiyq — tesik qaıyq
Арна мекенжайы: @tesikqaiyq
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 75
Арнадан сипаттама

Рысбековтың жазбалары.

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2020-12-10 21:48:55 Алғаш Алматыға келгенімде тым кішкентай болатынмын. Сәл демалыс болса болды, үйдегілер осында қыдыруға алып келетін.
Әлі есімде, 128 деген автобус қаланың кез келген жеріне барады деп ойлайтынмын. Сол кездегі "гармошка" автобус пен троллейбустар тәтті естелік болып жадымда қалыпты.

Медеуге шыққанда әпкем екеуміз теппешектерді жарыса санайтынбыз. Неге екені белгісіз, менікі оныкінен кем боп шығатын

Одан студент болдық, құдайдың қалауымен тағы осында келдік. Армандаған мамандығыма оқуға түстім, сенесіз бе, авиация саласына! Рас, ұшқыш болуды қатты қаладым. Оқуға әпкем ертіп әкелген болатын. Алғаш оқуға барған күн де есімде. Әпкеммен автобуста келе жатырмыз, ол алдыңғы жақта мен артқы жақта отырмын. Бір кезде жаныма біреу келіп отырды. Киіміне қарап бізде оқитын шығар деп тұспалдадым да, әлгімен танысыпақ болып әңгімеге тарттым.
- Салам, Академияда оқисың ба?
- Иә. Сен ше?
- "Ой, мен де" деп балаша қуанып қалдым.
- Қай курссың өзі?
- 1 курс, енді түстім - дедім.
Ол болса мырс етіп күлді де:
- "Мен екінші курспын. Хана сендерге, асылып қал" - деді де тұрып кетті. Сөйтсек Академияға келіп қалған екенбіз. Мен шокпын. Дөңгеленіп кеткен көздерімді әпкем көрді де:
"- Әй, не болды саған, жүр түсеміз" деді.
Автобустан түсе сала қалтамдағы бар ақшаны, телефонымды әпкеме ұстаттым да:
"- Бәрі жақсы, тек маған көп ақша керек емес сияқты" дедім де, аудиториямды іздеп, әпкеммен сауболдасып кіріп кеттім.
Айтпақшы, мен 1 апта бойына басқа группамен оқығанмын. Қай группада оқитының жазылған анықтамада дәл менің атым жазылған жерден бөлініп қалған екен, солай шатастырып алғаным бар

Жә, тақырыптан ауытқып кеттім. Жалпы Алматымен естелік өте көп. Жақын достарымның бәрі осы жақтан. Жұмысым да осы қалада. Алматы сондай "родной" мен үшін.

Бірақ соңғы кездері өз қазанымда емес секілді сезініп жүрмін. Қала мені тұншықтырып жатқандай. Бір күнім, бір күніме ұқсас болып кетті. Тіпті 4 жыл болды, қызбен де жүрмеймін.
Қыздар жоқ деуден аулақпын, тек маған ұнаған жандарға мен ұнамайтын сияқтымын ба
Рас, соңғы кездері бұл қаланы басқаша сезініп жүрмін.

Әңгіменің тоқ етері, мен басқа қалаға кететін сияқтымын. Былай қарасаң ұстап тұрған ештеңе жоқ, әлі жаспыз. Мүмкін жаңа жылға дейін, мүмкін кейін. Әлі ойлану үстіндемін. Бәрін басынан бастағым келеді. Жалпы мүмкін болса бір-екі жылда Қазақстаннан кету де ойымда бар. Бірақ енді бұл кейінгі ой, қиындау. Үйдегілер де оңай жібермес. Соол, осы ойыммен бөліскім келіп кетті. Қызық болмаса айып етпеңдер, ойымда не бар, соны жаза салдым

P.S Астана суық па?)
P.S.S Әлі нақты емес, ойланам
183 viewsedited  18:48
Ашу / Түсініктеме
2020-12-08 12:50:46 Сен де енді ақын болып жүре бермей біруақ адам бол. Қазақ поэзиясының саған өкпесі жоқ шығар, өлеңді қоя тұр да өміріңді ойла. Жан-жағыңа қарашы, қаншама қыздар жүр. Шеттерінен әдемі, сүйкімді, ақылды, білімді. Солардың ішінен маған ұқсайтын біреуін тауып ал да, үйлен. Бөпелерің болады. Содан кейін бала туралы, отбасы туралы, сүйген жар туралы, отан туралы жаз. Тақырып аяң да кеңитін еді. Мен түгілі өлеңді де ойлауға шамаң келмейтін кездер болар еді, үйленсең. Ал сенің жүрісің мынау. «О, менің жүрегім, жүрегім...» дейсің де жүресің. Сенің жүрегің ауырмағанда, менің жүрегім ауыра ма?
Жүрегің ештеңе емес, арақты қоймасаң бауырың ауырады, сыраны қоймасаң бүйрегің ауырады, темекіні қоймасаң өкпең шіриді. Содан кейін... Жаман айтпай жақсы жоқ. Қой, айналайын. Бәрін де қой.
Саған баяғыда айттым, домбыра үйреніп алсаңшы деп. Бүйтіп өлең жазып жүре бергенше, жұрттар құсап айтысқа қатыс дедім. Айтысқа қатыссаң ғой жағдайыңды түзеп алар едің. Орын алмаған айтыскерлер де 100 мың теңгеден, 200 мың теңгеден алып қайтады екен. Орын алсаң тіпті жақсы. Машина ұтып алсаң тіпті керемет емес пе? Жұрттың балаларынан сенің бір жерің кем бе? Олар мінген машинаны сен мінсең, дөңгелегі түсіп қалар деймісің. Білем, осы жолдарды оқып отырып, баяғы қырсық мінезіңе салып, көше онсызда пропка деп отырған шығарсың. Айтыскер болмасаң да бет ашып жүрер едің ғой. Тойларға барған сайын, беташарға мың теңге, екі мың теңге салған сайын, сен есіме түсесің. Құдай-ау, ойламаймын деп отырып, есіме түсесің дегенім не тағы? Иә, кей-кейде есіме түсесің. Айтыскерлердің сенен бір жері артық деймісің. Сенің айтқан өлеңіңді айтады да соң жағын әрәйдім, дәрәйдім, дәрәйдім, дәй дей салады болды. Жәрайды қойшы, саған ақыл айтамын деп қолым да талып кетті. Бұның барлығы өзіңнің проблемаң. Менің ештеңем кетпейді.
Сөздің соңында айтарым, қолыңнан келеді ғой, бірді-екілі хит болатын әндерге сөз жазшы. Абысындармен отыра қалып әңгіме айтқанда, мақтана қояйын деп, маған баяғыда ақын жігіт ғашық болған десем, «қойшы, қай әндердің сөзін жазған?»- деп сұрайды.
Ал, сау бол, саған жыным келіп отырғанын да жаным ашып отырғанын да білмеймін. Айтпақшы, «сағынып сен де мені жүр ме екенсің?» дегеніңе айтарым. Сағынбаймын. Бірақ, кейде сенің тістеп сүйетінің есіме түсіп кете береді. Ернім ісіп кетуші еді ғой, жындыбас.
P.S. Хатты оқыған ақын жігіт жауап жазбаққа ниетті көрінеді...

Авторы Бейбіт Сарыбай.
200 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2020-12-08 12:50:45 Бір ақын жігітке бұрынғы жүрген қызының (типа музасының) жазған хаты екен.
Эдик, сәлем. Қалайсың? Өлеңдеріңді оқып жүрмін. «Ғажап әдебиет» газетінің соңғы санына шыққан топтамаңды оқығаннан кейін, өзіңе хат жазайын деп шештім. Ана бір өлеңіңде «сен де мені ойлайсың ба?» деп жазыпсың. Қалай мен сені ойлаймын? И так проблема көп. Садиктің ақшасы, квартплата, крдеит дегендер сен түгілі туған әкем мен шешемді ойлатпайды. Сен құсап сәтсіз махаббатқа ішім ашып жүрсе арман жоқ екен-ау, ломбардта күйіп кеткен алтындарымды ойласам, жылағым келеді. И ваще проблема жоқ болса да мен сені не үшін ойлауым керек? Жәрайды, ойладым дейін, содан саған удовно бола ма? Не сөз ол?.
Содан кейін әртүрлі гүлдерге теңегеніңді қойшы. Оқып отырып қараптан-қарап қысылам. Жалпы мені аңға, құсқа теңегеніңді қойшы а, Құдай үшін. Құралайым, көгершінім деген теңеулерің маған түк те келмейді. Мен баяғы әбшяганың артындағы қызыл қайыңның түбінде сызылып тұратын талдырмаш қыз емеспін. Мен екі бала туған әйелмін. И саған айтайын, екінші баладан кейін қарным тартылмай қалды. Айтпайын десем де айтқызасың, жалпы дене-бітімім бұрынғыдай емес. Көрсең лирикаңды жыйып қойып, сатира жазып кетер едің. Жәрайды оны да қойшы, бұрынғы кезімді елестетіп жазып жүрген шығарсың. Ал ана «жат құшақта жатырсың ба» дегенің не сөз? Айналайын-ау, ол менің некелі жарым. Қалай ол жат құшақ болады? Сонда менің құшағым - сенің құшағың ба не? Сенің құшағыңда жатсам өз құшағымда жатқан боламын ба? Қой, айналайын. Және «өзге ошақтың отын жақтың» дегеніңді де түсінбедім. Бұл менің өз ошағым, өзімнің отаным. Бұрын сенің ошағыңның отын жақсам бір жөн екен-ау. Газыңа шәй да қойып көрген жоқпын ғой.
Тағы да қайталап айтамын, «мәңгілік махаббатым өзің ғана» дегеніңді де қой. Жалпы мәңгілік махаббат деген сөзді айтпаңдаршы. Осы ақын, жазушы дегендер өтірік айтқандарыңды қойсаңдаршы. Жас балдар шын екен деп қалады ғой. Содан кейін «бір ғана махаббат» дегенді де айтушы болмаңдар. Сендердің кесірлеріңнен бірінші махаббатына қолы жетпегендердің барлығы да өздерін бақытсыз санап, сорлап жүреді. Көптеген жастардың үйленбей жүруіне сендер – ақын, жазушылар кінәлісіңдер. Егер бір ғана махаббат болатын болса, сен қайдан шықтың, мен қайдан тудым? Әлде мына жұрттың барлығы кластастарына үйленді деймісің? Жоқ, айналайын, барлығы да екінші, үшінші махаббаттарына үйленіп, ұрпақ өрбітіп отыр. Тіпті төртінші махаббатына үйленіп, күліп-ойнап жүргендер көп. Бесінші махаббатынан бес бала сүйіп, алтыншы махаббатымен алтын тойға жеткендер бар. Сендер осыны неге насихаттамайсыңдар? Баяғыда мамам кітап оқы, кітап оқы деп қақсаушы еді. Оқымағаным қандай жақсы болған. Оқысам Оспанова Айгүл құсап жүрер едім қиялданып, қашан бойында бір міні жоқ жігіт келіп, өле сүйіп, ертегідей ғұмыр кешер екенбіз деп.
Бұның бәрі әшейін ойласу ғой. Енді тікелей өзіме қатыстыларын айтайын. «Сен де мені сүйген едің» дегенді қайдан шығардың? Мен саған қашан сүйемін деп едім?. Рас, ұнаттым, жақсы көрдім. Әсіресе көзіңді сығырайтып күнге қарап тұрушы едің ғой. Сол сәтің ұнайтын. Бірақ, енді соған бола үйлене салмаймын ғой. Екеуміз қосылып алып, сен күнге қарап сығырайып, мен айға қарап аларып отырсақ, тіршілікті кім істейді? Иә, саған сол кездер үшін ешқандай өкпем жоқ. Шық дедің шықтым, кір дедің кірдім. Театрға бардық, киноаға бардық. Бәрі-бәрі ұнайтын. Бірақ өмір бойы Есентайдың жағасында жүре бермейтін шығармыз. Өмір бойы студент болып жүре беретін болсақ, мен де жүре берер едім. Ең құрымаса магистратураға да түсе алмадық. Тағы да екі жыл жүре тұрар едік. Жатақханадан айдап шыққаннан кейін қайда баруым керек?. Ауыл деген аноооу Атырауда. Бір барсаң қайта келу деген әңгіме жоқ. Ал, менің Алматыда қалғым келді. Сенің ала қоятын түрің көрінбеді. Сол кездерде Алмас жолықты. Алматыда үйі бар екен, астына машинасы бар екен... Солай...
189 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2020-12-05 10:51:00
179 views07:51
Ашу / Түсініктеме
2020-12-05 10:51:00 Анда-санда жұмыстарымды салып тұрайын енді:)
178 views07:51
Ашу / Түсініктеме
2020-12-02 00:04:50 Мақсатқа жету үшін, бағытың айқын болуы керек екен. Әрнәрсеге көз жүгірте берсең, мақсатың да шашыраңқы болады. Ал шашылағанды жинау қиын.
211 viewsedited  21:04
Ашу / Түсініктеме
2020-11-25 21:32:57 МКО жайлы қызық болса, менің инста сторисімді қарасаңыздар болады. Енді бірәәз көсілдім енді
264 viewsedited  18:32
Ашу / Түсініктеме
2020-11-19 08:56:21 Осы топқа 100 адам тіркелген. Әр постты кемі 200 адам оқиды екен. Неге бірде-бір пікір жоқ?
Әлеуметтік желіде қандайда бір затты жасап шығару, әңгіме болсын, пайдалы пост болсын, ой толғау болсын тегін шығарылады. Ал оның құны лайк пен коммент. Ол болмаса авторда шабытта болмайды
312 viewsedited  05:56
Ашу / Түсініктеме