Get Mystery Box with random crypto!

Клаустрафобия. Ойыма қамалудан қорқамын. Осындайда жаныңды түс | tesik qaıyq

Клаустрафобия. Ойыма қамалудан қорқамын. Осындайда жаныңды түсінетін де адам жоқ. Қараңғы үйде өзімді кінәлаудан да шаршадым. Тұңғиыққа батқан сайын, табаным жерге тимейді - болото. Кім? Не? Қалай? Қызық емес. Соңғы жарты жыл автопилоттамын. Бұл не? Күйзеліс пе? Өзіңе көңілің толмау? Қандай да бір психологиялық термин? Хз. Ойланып та шаршадым. Ойланбай да шаршадым.

Көзімдегі линза реңкі сұр, мен көріп тұрған жоқпын сенің күлкіңді. Күннен де сәуле түспейді. Сезімдердің де графигі бір сызықта. Кешегі қызық болғандарды, бүгін сызып тастадым. Психологияны оқы дейді, ол жақтан пана таппадым. “Бала күнгі травма”, “травма мен жұмыс жаса”, “ситуацияны қабылда” - ебать, мен қабылдап тастадым. Бірақ кінәлі кім және ол не үшін кінәлі?

Ойбай деді, мәселенің бәрі ақшада. Мал тап, қалғаны реттеледі. Келістік. Керектіні таптым - өзімді екі есе жек көріп кеттім.

Ойбай, выгорания, демал. Демалдым. Тіпті жақсы, ештеңе жасағым келмей қалды.

Қарым-қатынассыз жүргеннен. Өзіңді қолдайтын адам тап. Тек өзі жайлы ғана айтатын адамдардың арасынан ба? Әлде әлемнің кіндігі сезінетін адамдардан ба? Сезімді гүлдің санымен өлшейтіндерден бе? Рақмет. Ондай бар болса, тауып алар едім.

Шаршаудан да шаршадым. Шаршамаудан да шаршадым. Жалпы бұл қала мені қысып жатыр. Тар, жабылып барам. Көшсем бе деймін.

#біркемдүние