Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 11

2023-04-28 13:55:29
Генерал Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.
@tengri_kz
4.1K viewsedited  10:55
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 09:58:16
Генерал Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов видеоүндеу жасады. 

Мырзақұловтың сөзінше, Күдебаев ұлдарының біріне хабарласып, елге өзі келетінін айтыпты-мыс. 

"Мен Серік Күдебаевтың екінші ұлымын. Түнде кенже інім Асанбекке әкем хабарласып, "еліме қайтып бара жатырмын, мен сендерді жақсы көремін, еліме өзім ораламын. Мен қазір хабарластым, мені қазір алып кетеді" деп айтыпты. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұсталды деп жазып жатыр", - дейді Арман Мырзақұлов.

Ақпарат дереккөз
і: Ratel.kz

@tengri_kz
4.1K viewsedited  06:58
Ашу / Түсініктеме
2023-04-28 09:48:18
Қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің жары Маргарита Владимировна қайтыс болды.

@tengri_kz
3.2K views06:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 08:54:42
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын өз сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілікті сезініп, араздық пен өшпенділік жетегіне "еріп" кетпеуге шақырды.

@tengri_kz
148 views05:54
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 08:46:11
Президент:

"Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз - Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз - бүгінгі өмірі және болашағы - бір бауырлас азаматтармыз", - дейді Мемлекет басшысы. 

@tengri_kz
304 views05:46
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 08:44:26 Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуі тиіс - Президент

«Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді.

Осы ретте асырасілтеушілік пен даңғазалыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн. Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс. Сонымен қатар біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет.

Мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді. Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет», - деді Мемлекет басшысы.

@tengri_kz
344 views05:44
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 08:26:07 Президент:

«Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек. Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы – бір бауырлас азаматтармыз».

@tengri_kz
219 viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 08:19:33
Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы басталды

"Еліміз жақында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл - ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл аса маңызды мереке. Еліміз Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс. Себебі қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл - анық ақиқат.

Ассамблеяның алқалы жиынын жыл сайын ел бірлігі күніне орай өткізу дәстүрге айналды. Бұл сессия - көктем мезгілінде мемлекеттік деңгейде өтетін ең ауқымды іс-шара. Мұнда еліміз үшін өте маңызды ұсыныстар айтылады.
Мен былтырғы сессияда Ата заңымызға өзгерістерді референдум арқылы енгізу туралы бастама көтердім. Көп ұзамай халқымыз өзінің тарихи таңдауын жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді", - деді Мемлекет басшысы.

@tengri_kz
331 views05:19
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 07:46:47
Бас прокуратура Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысының ұсталғанын растады.

@tengri_kz
645 views04:46
Ашу / Түсініктеме
2023-04-27 07:39:50
Генерал Күдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді.

@tengri_kz
768 views04:39
Ашу / Түсініктеме