Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан 'спорттағы жемқор' елдердің ондығына енді Sportrada | Tengri.kz

Қазақстан "спорттағы жемқор" елдердің ондығына енді

Sportradar спорттық аналитикалық компаниясының мәліметінше, 2022 жылы 1212 спорттық матч өте күмәнді өтті.

Алғашқы он елдің үлесіне әлемдегі барлық күмәнді матчтардың 47,1 пайыз-ы тиесілі. Өкінішке қарай, Қазақстан 2022 жылы 43 күмәнді ойынмен бұл антирейтингте 4-орынға тұрақтады. Бразилияда (152 күдікті матч), Ресейде (92 матч) және Чехияда (56 матч) жағдай Қазақстанға қарағанда нашар, Қытайда (41 матч), Грекияда (40 матч) және Аргентинада (39 матч) Қазақстаннан жақсырақ.

@tengri_kz