Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 12

2023-04-26 10:30:30
Шілдеден бастап елімізде электр энергиясына тариф көтеріледі. Ал күзде қазақстандықтар жаңа тарифтермен есептелген жылу мен ыстық су түбіртектерін ала бастайды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Қуантыровтың айтуынша, республика бойынша тарифтердің орташа өсімі аймаққа және табиғи монополия субъектісіне байланысты 10-нан 30 пайызға дейін болады. Толығырақ

@tengri_kz
1.7K views07:30
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 08:55:47
Қазақстандықтардың қандай несиесі кешірілуі мүмкін? Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНДРА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтықпен күресу шаралары туралы айтты.

@tengri_kz
2.0K views05:55
Ашу / Түсініктеме
2023-04-26 08:44:09 1 шілдеден бастап курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді. Мұндай пилоттық жобаны Қаржы министрлігі дайындаған. 

Ведомство өкілі бұл жобаға барлығы қатыса бермейтінін, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табыстың 1 пайызын алады.

@tengri_kz
2.0K viewsedited  05:44
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 16:17:12
Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады.

Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді.

Кәрім Мәсімов бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды. 

http://t.me/tengri_kz
3.1K views13:17
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 11:15:27 Биыл Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды

Қорғаныс министрлігі биыл бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты елімізде әскери шерудің өткізілмейтіндігін хабарлады.

Қайырлы күн!

http://t.me/tengri_kz
3.1K views08:15
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 05:51:05 Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

"Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

Ислам - имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл - бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. 

Ораза айт - елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз. Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!" - деп жазылған құттықтауда.

Айт қабыл болсын!
1.8K views02:51
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 07:05:54 Қайырлы таң! Алматылықтар бүгін эвакуациялануға дайын болуы тиіс.

Сағат 11.00-де қала бойынша сиреналар қосылып, сейсмикалық жаттығу өтеді.

http://t.me/tengri_kz
633 views04:05
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 14:24:15
Ақтөбе облысында ер адам қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген.

Полицейлер әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады. Ол Ырғыз ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұсталған адамның айтуынша, қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болған, кейін ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтірген.

Ауыл тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша соталды тергеу басталды.

http://t.me/tengri_kz
1.6K views11:24
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 13:19:03
Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде құрылыс краны құлады.

Оқиға бүгін сағат 09:25 шамасында Комсомольский тұрғын үй ауданында (Ақын Сара көшесі 53) болған.

Зардап шеккендер жоқ. Аварияның алдын-ала себебі - шамадан тыс жүктеме.

http://t.me/tengri_kz
1.7K views10:19
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 09:33:30
Тоқаев балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы айтты.

"Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кетті. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отыр.

Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз.

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек",
- деді Президент.

http://t.me/tengri_kz
2.1K views06:33
Ашу / Түсініктеме