Get Mystery Box with random crypto!

Астанада белгісіз ер адам курсанттарға балмұздақ беріп, жұртты | Tengri.kz

Астанада белгісіз ер адам курсанттарға балмұздақ беріп, жұртты тебірентті.

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жүк көлігінің артында отырған курсанттарға бірнеше балмұздақ бергені бейнеленген видео тарады.

Видеода әскери киім киген жастар дәмге қол созып жатқаны, ал ер адам күлімсіреп көлігіне бара жатқаны көрінеді.

Видео Астанада шағын көлік кептелісі кезінде түсірілген. Ер адам Отан қорғаушылар күніне орай осындай сый беруді жөн көрген сынды.

@tengri_kz