Get Mystery Box with random crypto!

'Қайрат' футбол клубының жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев е | Tengri.kz

"Қайрат" футбол клубының жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев ес жиды. Кеше ІХ турдағы "Ақтөбеге" қарсы ойын басында футболшы ауыр жарақат алған еді. 

Алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, футболшы жағдайы түзелген. Қазіргі таңда денсаулығын дәрігерлер жіті бақылап отыр. Ал 1/4 финалдағы Қазақстан кубогы аясындағы "Қайрат" және "Атырау" командалары арасындағы ойыннан түскен билеттер қаржысы футболшының отбасына беріледі. 

Айта кетейік, кеше өткен ойында "Қайрат" "Ақтөбені" 2:1 есебімен ұтты. Матчта алаң иелері сапында Жоао Пауло мен Артур Шушеначев гол соқты.

@tengri_kz