Get Mystery Box with random crypto!

Ақтауда белгісіз біреулер атыс шығарды. 16 мамырда сағат 00:37 | Tengri.kz

Ақтауда белгісіз біреулер атыс шығарды.
16 мамырда сағат 00:37 шамасында "102" кезекші пультіне 16 шағынауданда белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атылғаны туралы шақырту келіп түскен.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді. Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

@tengri_kz