Get Mystery Box with random crypto!

Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 миллион тең | Tengri.kz

Абай облысында өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден және әр балаға 2 миллион теңгеден бөлінеді.

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов жедел кеңес кезінде айтты. Қаражат «Қазақстан халқына» қорынан бөлінеді.

Сондай-ақ, қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетіледі:
• отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;
• отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;
• қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;
• БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылған.

Әрі 40-тан аса қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.