Get Mystery Box with random crypto!

Кремль Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасалмақ бо | Tengri.kz

Кремль Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасалмақ болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр.

"Әскери және арнайы қызметтердің әрекеттері нәтижесінде аппараттар істен шығарылды", - делінген БАҚ мәліметінде.

Кремль бұл әрекеттерді 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында жоспарланған террористік акция және президентке жасалған қастандық деп санайды.

Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде Ресей президенті Владимир Путин зардап шекпегені, оның жұмыс кестесі өзгермегені, әдеттегідей жалғасып жатқаны айтылды.

@tengri_kz