Get Mystery Box with random crypto!

Tengri.kz

Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz T
Telegram арнасының логотипі tengri_kz — Tengri.kz
Арна мекенжайы: @tengri_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 12.81K
Арнадан сипаттама

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 13

2023-04-19 09:02:32
Тоқаев нарықтық экономикаға көшу қаншалық маңызды екенін айтты.

"Азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуіміз қажет. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз. Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр. Әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кетті. Мемлекеттер қарызға белшеден батты. Сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды.

Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Экономиканы әртараптандыру - уақыт талабы әрі стратегиялық міндет. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз. Бірақ ісімізден сөзіміз көп болып тұр. Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді"
, - деді Президент.

http://t.me/tengri_kz
2.1K views06:02
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 08:37:34 "Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді.

Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті мәселені ушықтырады деуге болады.

Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз", - деді Мемлекет басшысы.

http://t.me/tengri_kz
2.0K views05:37
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 08:15:56 Президент әкімдерге жаяу жүру керегін айтты.

"Қалаларымыз әдемі көрінбейді, мойындауымыз керек. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлердің тозығы жеткен. Бюджеттері әлдеқайда аз болғандықтан, шетелдегі, әсіресе Шығыс Еуропадағы, Балқандағы қалалар өте әдемі көрінеді.

Бұл муниципал биліктің жұмысы болса керек, екінші жағынан, бұл - қала тұрғындарының тұрғылықты жеріне деген көзқарасы.

Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек. Бұл елордаға да қатысты",
- дейді Президент.

http://t.me/tengri_kz
2.0K views05:15
Ашу / Түсініктеме
2023-04-19 07:33:29
Астанада Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

"Ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деуге болады. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек. Жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан, біз нақты іс-шараларға баса мән беруге тиіспіз.

Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек. Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады"
, - деді Президент.

http://t.me/tengri_kz
2.1K views04:33
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 11:04:00
"Көбі аурудан". 2020 жылдан бері 270 әскери қызметші қайтыс болған.

Әскери прокуратура Қазақстан армиясындағы өлім себептері туралы статистиканы мәлімдеді.

2020 жылы - 78 жауынгер,
2021 жылы - 96 жауынгер,
2022 жылы 85 жауынгер,
2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушы өмірден өткен.

Барлық өлімнің 36 пайызы ауруға, 24 пайызы жол-көлік оқиғаларына, 20 пайызы суицидке байланысты болған.

"Құқықтық статистика комитеті мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид дерегі және 21 332 суицид әрекеті тіркелген. Яғни, 10 мың азаматқа тоғыз суицид пен 11 әрекет келеді. Оның ішінде 86 суицид пен 20 әрекет әскерде болды. Яғни, алты суицид және бір әрекет 10 мың әскери қызметшіге тең келеді. Демек, армияда суицид жиі болады деген қоғамдық пікір ресми мәліметтерге сай келмейді ", - деп мәлімдеді әскери прокуратура.

http://t.me/tengri_kz
295 views08:04
Ашу / Түсініктеме
2023-04-18 07:14:13
19 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Ақорданың мәліметінше, жиынға Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.

http://t.me/tengri_kz
596 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 13:27:51
Сот Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Судья сотталушылар бостандықта жүрген кезде қылмыстық істі қарауға кедергі келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

"Сотталушы Мұхамедиұлы мен Күшенов ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Мұхамедиұлының ауруы бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Себебі азаматтарға медициналық көмек көрсету ережелері бар, оған сәйкес сотталушы тергеу изоляторында медициналық көмек ала алады", - делінген сот қаулысында.

http://t.me/tengri_kz
716 views10:27
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 11:28:13
Жанармай құю бекеттерінде баға өсті.

Осы уақытқа дейін бензин бағасы өсетінін айтқан едік.

- АИ-92 және АИ-93 литріне 205 теңгеге;
- Дизель болса литріне 295 теңгеге дейін өсетіні айтылған болды.

http://t.me/tengri_kz
651 views08:28
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 10:17:11
Бүгін Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Мұхамедиұлы соттан үйқамаққа ауыстыруды сұрады.

Сотта Мұхамедиұлы негізгі сот талқылауы алдын ала тыңдаусыз басталғанын атап өтті.

"Конституцияны бұзбау үшін біз алдымен алдын ала тыңдауды бастағанымыз жөн, содан кейін негізгі сот талқылауына көшкеніміз жөн. Біз бірнеше күн бұрын екінші рет ота жасатқаныма байланысты үй қамағына алу үшін бірнеше өтініш жасадық, денсаулығым күн сайын нашарлап бара жатыр", - деді ол.

Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы соттан бұл істі қарауды тоқтатуды сұрады, себебі ол өз кінәсін мойындамаған.

http://t.me/tengri_kz
1.1K views07:17
Ашу / Түсініктеме
2023-04-17 09:49:35
Жаңаөзендегі жарылыста қаза тапқандар саны үшке жетті. Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала. http://t.me/tengri_kz
1.2K views06:49
Ашу / Түсініктеме