Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қаралад | Tengri.kz

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қаралады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, бағдарламаға бірден төрт тармақ бойынша өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.

"Бірінші мәселе - бастапқы жарна. Ол ешқашан болған емес, бірақ енді ол көлік сомасының 15 пайызы болады.
Екіншісі - қоғам мен БАҚ-тың талабы бойынша көлікті алғандардың аты-жөні жарияланады.
Үшінші тармақ - бағдарламаға қатысу үшін қандай көліктерге рұқсат етілетіні бойынша өзгерістер енгізіледі. Қазір бағдарлама 10 миллион несие сомасына және 15 миллион көлік сомасына мүмкіндік береді. Біз Kia Sportage және Hyundai Tucson сияқты брендтердің қатысуын қайта қарастыруымыз мүмкін. Тағы да айтамын, бұл түпкілікті шешім емес, біз оны талқылап жатырмыз", - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысы кулуарында.

Министрдің айтуынша, төртінші тармақ - ең маңыздысы, өйткені ол өтініш берушінің ең жоғары жалақы шегіне қатысты.

"Біз жалақының ең жоғары шегін белгілеуді қарастырамыз, яғни белгілі бір жалақы мөлшерінен жоғары алатын адамдар қатысуға құқылы болмайды, өйткені біз аз (табысы бар) адамдар үшін автонесие бағдарламасын қолжетімді еткіміз келеді", - деді ведомство басшысы.

@tengri_kz