Get Mystery Box with random crypto!

Кино көру Адамдардың киноны неге көретінін білесің бе? Өмір | СтудХакер🌍

Кино көру

Адамдардың киноны неге көретінін білесің бе?

Өмірде белгілі бір дүниелер бізге жетіспегенде, оказывается біз оны кинодан алуға тырысады екенбіз. Киноны біз уақыт өткізу үшін емес, іштегі белгілі бір сұрақтарымызға жауап табу мақсатында да көреміз. Сен оны өзіңнен байқадың ба?

Мелодрамалық кинолар әлемдегі ең көп қаралатын жанрға кіреді. Неге?

Себебі адамдар жалғыз болу сезімін ұнатпайды, олар сол бір екінші жылулықты кинодан көргісі келеді. Қызық ия?

Соңғы 3 күн 3 түрлі кино көрдім. Біз кино көрген күні - оны не үшін көргенімізді түсінбеуіміз мүмкін, бірақ артынан ойланып қарасаң, сен не үшін сол киноны көргеніңді түсінесің.

Бүгін қандай кино көретінімді ұзааақ ойландым. Мен кино көрсем, слишком қатты таңдаймын.

Бүгінгі көрген кином тым ауыр болды. Жартысында шыдамай өшіріп тастадым. Жүрегім ауырып кетті.

Кинода адамдардың арманына жету жолында кедергілерімен жаман әрекеттері туралы айтылған. Ол нәрселер көбейіп кетсе, адам соларға тәуелді болып, 1ақ рет берілетін бүкіл өмірі тас талқан болатыны көрсетілді. Жеңіл заттардың артынан жүгіріп, алтын адамдардан айырылып қалу туралы қатты жеткізілді.

Негізі біз, бұрын соңды болмаған қандай керемет, қандай еркін әлемде өмір сүріп жатырмыз.

Үкіметтің мәселелерін, әлемдік проблемаларды, айдаладағы адамдардың өмірін талқылап, не істейсің? Досым, сен өзгелердің әңгімесіне еріп, сол қызықтың артынан еріп жүре беретін адамдардың қатарынан болмашы.

Бәріміздің айналамызда жақсы адамдар жүр, оны біреулер түсінеді, ал біреулер түсінбей жатады. Жаныңдағы әрбір адамға - жасына, позициясына, сыртына қарамастан достық, қолдау сезімдерін аямауымыз керек деп ойлаймын. Біз адамдар қоғаммен үндістікте, байланысты өмір сүру үшін жаратылғанбыз.

Ең бастысы, досым, 5-10 минуттық рахат үшін, өзіңе маңызды дүниелерден алшақтап кетпе